Өзекті мәселелер

  • 18.07.19

    Жалпы, қай жерде болмасын статистиканың орны бөлек. Статис­тика – адам сүйсініп не күйініп оқитын бірден-бір ақпарат. Яғни, ол – әрдайым оқылымды материал­. Сондықтан  болар, Ұлттық экономика министрл­ігі Статистика  комитетінің  http: //stat.gov.kz/ сайтын әлсін-әлсін шолып тұратынымыз бар. Бұл жолы біз өз облысымызға қа­тысты біршама сандық деректерге тап болдық. Оны жүйелеп, оқырман ...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Қызылордада құрылыстың қарқынды дамы­ғаны соңғы бесжылдық десек, асыра айтқандық емес. Алдымен тұрғындарды әлеуметтік нысандармен қамтуды басты бағыт санаған жергілікті басшылар қаладағы көпқабатты тұрғын  үйлердің де көптеп бой көтеруіне мән берді. Оған соңғы 6 жылда облыста 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілгені дәлел. 2013 жылы 270 мың шаршы метр тұрғын үй салынса, 2018 жы...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Бүгінгі күні ауданда балық шаруашылығы саласы қарқынды дамыды деп айтуға толық негіз бар. Өйткені балық шаруашылығы өңір экономикасының дамуына және халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, оларды жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отыр. Себебі Арал теңізі мен Сырдария өзенінің жағасында қоныстанған жергілікті халықтың өмірі мен тұрмысы балық шаруашылығымен тығыз б...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    «Рас, үйленбей тұрып әйел­ді «ашсам – алақанымда, жұм­сам – жұдырығымда ұстаймын» дегеннің бірі мен едім» деп бас­тады автобуста отырған жігіт ағасы. Өзі ащы судан аздап ұрт­тап алғанға ұқсайды. Сәлден соң салбыраған басын қисаң­дата көтеріп, көзін жартылай ашып-жұмып «менде бәрі бар еді, көлігім де, үйім де...» деп тағы налыды. Ал, әйелін айт­қандағы байғұстың жыларман түрі мен шарасыздықтан с...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Сүйріктей саусақ, сәнді тырнақ – кез келген қыз-келіншектің арманы. Тырнағын әсемдеу әйелге сенімділік сыйлайды. Өз-өзін бағалайтынын байқатады. Бүгінде гельді тырнақ бояуын қолданбайтындар сирек. Екінің бірі осы әдісті жасатады. Оның кәдімгі бояудан артықшылығы көп. Бір айға дейін жылтыр әрі тартымды түсін сақтайды. Бірақ... Сұлулыққа құштарлық денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Ма...

    Толығырақ...
Саясат
ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖИЫРМА ЖЫЛ
15.12.2011 18:19

Тәуелсіздіктің табалдырығын аттап, өзгенің езгісінен құтылып, егемен ел атанғанымызға­ да жиырма жыл толды. Еліміз Тәуелсіздік туын көтерген жылы туған бала кәмелет жастан асты. Бұл – ержетудің алғашқы баспалдағы. Бұл теңізге тамған тамшыдай уақыт болса да еліміз төрткүл дүние түгел мойындаған, беделді мемлекетке айналды. Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымына ТМД, түркі қанды, ислам дінді мемлекеттер арасында тұңғыш рет төрағалық құрметтің Қазақстанға көрсетілу­і – сөзіміздің нақты дәлелі.

 
«ҰРЫСТА ТҰРЫС ЖОҚ» ДЕГЕН...
08.12.2011 09:23

«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деп әр сайлау сайын айтамыз. Сол сияқты Президент пәрменсіз аталып жүр­ген Парламенттің өз өкілдерінің аузымен «қызметін» орта жолдан тоқтатып, кезектен тыс сайлау өткізуді белгіле­ді. Саяси науқанның басталғанына да жарты айдан асты. Қазір додаға ат қосқандар айқын­далып жатыр.

 
ОППОЗИЦИЯ – БІР ЖАҚ...
01.12.2011 16:25

«Сайлау өтеді» дегенді естігелі елдегі­ саяси партиялар етек-жеңдерін жинап, бытырап жүрген оппозиция қашанғы әдетімен бір-бірін қайта түгендей бастады. Дағдарыс алдындағы дүбір күшейген тұста қай-қайсысы да мәжіліс төрінен дәмелі. Тіркеуде бар 9 партия жарыса съезд өткізіп жатса, сот  шешімімен жарты жылға жұмысын тоқтатқан компартияға осының бәрін сырттай қызықтау ғана қалған сияқты. Жылдар бойы тіркеле алмай жүрген «Алға» жалпы­ұлттық социал-демок­ратиялық пар­тияның жағына шықты.

 
ПАРТИЯЛАРҒА ЖАН БІТТІ
25.11.2011 09:26

Әншейінде қоғамда орын алып жатқан келеңсіз жәйттерге, ұлттық, мемлекеттік мүддеге бас ауырта бермейтін (ал заңды болсын­, заңсыз болсын, билік партиясы – «Нұр Отанның» қай істе де әсіредемократтығы өз алдына)­ саяси партиялардың үлкен доданың дүбірі естілісімен-ақ «атқа қонғаны» қайран қалдырады. Қазір сайлау алдындағы қарбалас қатты, сәуірдегі  сайлаудағыдай бұл жолы да әбігерге түскен әр партия ұпай жинаудың ұтымды жолдарын қарастыруда.

 
КЕЛЕДI, КЕТЕДI...
25.11.2011 09:13

Қазір түсініп болмайсың. Ауыс-түйістерді айтамыз­ да. Әкім де, басшы да, басқа да орнында бір жыл да отырмай орын ауыстыратын болған. Жаңа ортаға, жаңа жұмыс ыңғайына енді-енді етене араласып, қарамағындағы қызметкерлер де жаңа басшыға ептеп-септеп үйренісіп келе жатқанында, жылы орнынан жылжып жатады.  Біз мұны неге айтып­ отырмыз? Мәселе мынада, жаңа орынға отырған әкім де, басқарма басшысы да бұрынғы басшы­ның бастап, бірақ аяқтамай тастап кеткен шала жұ­мысына жолығады. Бұл – бір. Оның үстіне сол бұ­рынғы басшының командасының орнына өз командасын құрып, өз идеясын, өз жоспарын жүзеге асыруы­ тағы бар. Осы жұмыстарды ой елегінен өткізіп, енді іске кірістім деген сәтте орнынан босаты­лып, басқа қызметке кетеді. Сайып келгенде, қызметкерлердің сапырылысына, жыл аяғында қаржының игерілмей қалу жағдайына килігіп жатад­ы. Әрине, басшылар жылға толмай ауысқандықтан алдыңғы басшы кезін­дегі бюджеттің игеріл­мей қалуына да, басқа кемшіліктерге де жаңа басшының еш қатысы болмайды. Бұрынғы басшының да жауапкершілігі азая­ды, әрі ол артында қалған шикі тірліктеріне жауап бергісі келмейді. Оның үстіне басшының жұмыстан босау себебі де ешкімге­ белгісіз жағдайда қала береді.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 271 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары