Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып.

Саясат
ҒАРЫШКЕР һәм ТЕМІРЖОЛШЫ
17.05.2012 11:14

Сәуір айының соңын ала қазақ халқының тұңғыш ғарышкері, Кеңес одағының Батыры­, Қазақстанның Халық Қаһарманы, әйгілі әскери ұшқыш Тоқтар Әубәкіров аяқ астынан оппозициялық ұстанымдағы «Азат» ЖСДП-сы қатарынан шыққанын ресми түрде мәлімдеген еді. Оппозицияны «талақ» тастаған Тоқаң көп ұзамай жаңа қызмет тапты­. «Тұңғыш Президенттің командасында болғым келеді!» деп, бүкіл қазақстандықтарды елдің болашағы үшін өкпе-реніш пен саяси амбицияларды қалдырып, Елбасының айналасына бірігуге шақырған ғарышкерге «кіші президенттің» жанынан орын табылды. Нақты айтқанда, ол «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Енді «Халық Қаһарманы» теміржол сала­сындағы түйткілдерді шешуге атсалыспақ. Осындайда ғарышкерді теміржолшы еткен заман-ай дейсің еріксіз...

Халық-хабар

 
ҚЫТАЙЛЫҚ ҚОНАҚТАР ҚАНАТТАНЫП ҚАЙТТЫ
17.05.2012 11:06

Елдестiрмек – елшiден

Қоңсы қонған Қазақстан мен Қытай елдерінің татулықт­ы мұрат тұтқан қарым-қатынасы сонау тәуел­сізді­к алған жылдарда­н басталады. Аспанасты елі – қазақ тәуелсіздігін алғаш­ танығандардың бірі. Сондай-ақ, біздің елдің жан-жақты дамып, Азияның барысына айналуына дем берген де осы көрші мемлекет. Жақында Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынасты­ нығайт­у үшін облысымызға аспанасты елінің Қазақстандағы төтенше әрі өкілетті елшісі Чжоу Ли, елші­лік­тегі сауда­-экономикалық мәселелер жөніндегі кеңес­ші Ян Сюминь және елшіліктің үшінші хатшысы Ян Минь жұмыс сапармен келді.

 
«ТОЙ» ТАРҚАДЫ...
03.05.2012 11:22

Көрмейін десем, көзім бар

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп бөркімізді аспанға атып тойладық. Шыны керек, «бізден асқан тату, бірлігі жарасқан ел жоқ» деп жар салудан шаршаған да, жалыққан да емеспіз. Солай екеніне шүбәміз болмаса да, көпұлтты мемлекеттің тұғыры биік. Осы ретте аталмыш мерекені «Тойдың болғанынан боладысы қызық» деп жүріп, әйтеуір өткіздік. Орталық алаңда барлық сала өкілдерінің қатысуымен кең көлемдегі шеру ұйымдастырылды. Шара барысында алаңда ине шаншар жер қалмады десек қателеспейміз. Айтпағымыз, «той» тарқап, барлығ­ы үйді-үйлеріне тарасқан  соң орталық алаңны­ң «ойраны» шықты.

 
ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
03.05.2012 11:17

Ол  күндердің  өшпес  даңқы...

Отанын қорғап, қан майданда қасық қаны қалғанша жаумен ай­қасқан кешегі жауынгерлердің ерлігі ерен. Бүгінде ұрпаққа ұла­ғатты тәрбие, өшпес ерлік үлгісін көрсетіп келе жатқан майдан­герлер де азайып бара жатыр. Иығына қару асынып, кең даланың абыройын әсте төмендетпеуді мақсат тұтқан қарт жауынгерлердің қадірі қашанда биік. Сона­у сұрапыл соғыс жылдарының салған ізде­рі қазіргі күні тарихтың ақтаңдақ беттерінен ойып орын алды. Ізгілік ізін жалғастыру үшін келеш­ек ұрпаққа аманат еткен ұлы қасиет қазақтың қанына сіңген десек, қате айтқандық емес. Ұлы дала төскейінде жү­ріп Отан қорғаған майдангерлер ерлігінің ар­қасында жеңіске жет­тік. Сол жеңіс тұғырының көтерілгеніне биыл 67 жыл толмақшы. Осы ретте қазақ далас­ының баурайын батырлығы және батылдығымен қорғаған майдангер­лерге мереке құтты бол­сын­ демекпіз. Бүгінгі күні тәуелсіздік таңын атырған қазақ елінің жарқын­  болашағына жол ашы­луына сол бір сұм соғыстың да оң әсері бар екені белгілі. Ал жауын­герлердің ең кіші жас шама­сының өзі тоқсан­ның төбесіне шықты. Алдағы уақытта да ел қорғаны бола білген арда азамат­та­рымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық бақыт тілейміз. Еліміз тыныш, бейбіт­шілігі бекем­, жұртымыз аман болғай!

 
КІМДІ КІМ АЛДАП ЖҮР ОСЫ?
03.05.2012 11:13

Айтарым  бар

Өткенде журналист қауымы болып іссапармен Қызылорда облысының бүкіл ауданын аралап­ шыққанымыз бар. Сонау Арал ауданынан бастау алған сапарым­ыз Жаңақорған ау­данына дейін ұласып, біраз қызықты жәйттерге толы болды. Барған жеріміз ауданда жыл бойғы атқарылған шаруаларды көрсетіп, әлеуметтік ахуал­дарымен таныстырып-ақ жатыр. Бәрі жақсы, бәрі тамаша сырттай қарағанға. Бір уақытта “Дипломмен – ауылға” бағ­дарламасы арқылы ауданға жұмысқа келген жастарды да таны­стырды. Сұрақты жау­дырып жатырмыз.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Ақпан 2020 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары