Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып.

Саясат
НАУҚАСТАР НЕГЕ ЖИІ ШАҒЫМДАНАДЫ?
05.04.2012 11:11

Адам өлтіру, ұрлық жасау, пара алу қылмыс екенін кез келген адам біледі. Ал ісқағаздарды дұрыс толтыру секілді мәселелерге келгенде көпшілігі кібіртіктеп қалатыны сөзсіз. Мемлекеттік қызметшілерге қашанда артылар жүк ауыр. Екi жыл бұрын Қармақшы ауданында бір жапырақ қағаздың дұрыс толтырылмауынан 24 мемлекеттік қызметкер парақор атана жаздаған. Мұндай мәселеге сәт сайын кезігуді маманда­р мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық сауат­тылығының төмендігінен деп отыр.

 
КЕЛІСІП ПІШКЕН ТОН КЕЛТЕ БОЛМАЙДЫ
05.04.2012 10:57

Өткен аптада мемлекеттік жастар саясаты аясында атқарылатын жұмыс­тардың жоспарын пысықтау мақсатында қала әкімдігінде кеңес өткізілді. Онда жергілікті деңгейдегі жастардың рухани кемелдене түсуіне­ ықпал жасайтын іс-шаралардың көптеп ұйымдастырылуы мен әлеуметтік маңызы бар жобалардың орындалуын қадағалау тұрғысында бірқатар ұсыныс­, пікірлер тыңдалды. Сонымен қатар өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары да сараланып, алдағы бастамалардың қолдау­ табу қажеттігі назардан тыс қалған жоқ.


МАҚСАТТЫ ЖҰМЫСТАРҒА МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ

Бүгінде қаламызда үкіметтік емес ұйымдармен бірігіп жасалып жатқан жұмыстар мемлекет пен азаматтық сектордың арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсуде. Қоғамдық ұйымдардың бастамасымен қолға алынған көптеген іс-шаралар оң нәтижесін беріп жатқандығы белгілі. Сондықтан да осы бағыттағы жұмыстардың атқарылуына және әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға баса мән берілуде. Осы мақсатта Қызылорда қаласының 2011-2015 жылдарға ар­налған даму бағдарламасының негі­зінде үстіміздегі жылы 4 млн. 623 мың теңге қаралды. Мемлекет пен жеке ұйымдардың өзара әріптестігі көздеген мақсаттарға қол жеткізіп, елдегі демократияландыру стратегиясын тиімді жүзеге асыруға жол ашары хақ. Одан бөлек жастардың шығармашылық қабілетін арттырып, азаматтық көзқарасын кеңейту мақсатында да әлеуметтік маңызға ие көптеген жобал­ар қабылданып жатыр­. Мә­селен,  қазіргідей қай бағытт­а жүргенін білмейтін қоғамдағы діни экстремизмнің алдын алу шаралары ұйымдастырылмақшы. Сондай-ақ, қаланың қоғамдық-саяси ахуалы мен халық­тың көңіл-күйіне тоқсан сайын әлеуметтік зерт­теул­ер жүргі­зілетін болады. Бұл туралы  өткен  аптада   қала әкімінің орынбасары Ж.Шынтасов төрағалық еткен жиын барысында айтылды.

Жасыратыны жоқ, қазақ жастарының бойынан ұлттық сана-сезім жоғалып бара жатқандай. Мәселен, қазаққа қатысы жоқ кей күндерді мере­ке ретінде тойлап жүргендігі соның бір дәлелі. Әсіресе 14 ақпан - Әулие Валентин күнін ғашықтар күні ретінде тойлап жүргендер аз емес. Ал онымен күресушілер де бар. Ол үшін 15 сәуір – Қозы Көр­пеш-Баян сұлу күніне орай орталық алаңда үлкен көлемде­ мерекелік шара ұйымдастыру жоспар­ланып отыр. Яғни қала жас­тары болашақта қазақтың ғашықтар күні ретінде мере­келейтін арнайы күнін есте қалдыру – басты мақсат. Сонда ғана біз ұлттық құндылықтарымызды дәріптей білетін ел жастарын тәрбиелейтін орта қалыптастыра аламыз.

Айта кетерлігі, жастар арасында жұмыссыздық деңгейі жоғары деңгейде.­ Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Ж.Жаниязовтың айту­ын­ша, жастардың жұмыспен қам­тылу­ында олқылықтар жоқ емес. Олардың 800-ге жуығы бүгінде қоғамдық жұмыспен қамтылған. Әр жыл сайын­ 2000-ға тарта жас маман оқу орнын­ бітіреді. Соның 50 пайызы жұмыспен қамту орталығына тіркеуге алынады екен. Мұнысы былай тұрсын, қаламызда «жұмысқа орналастырамын» деген желеумен әр жастан 200 теңгеден ақша жинаған келеңсіз жағдайлар тіркеліпті. Бүгінде бұл заңсыздыққа байла­нысты іс құзырлы орындармен бірігіп қаралуда. Алайда, алаяқтықпен айналысқан адам ізім-ғайым жоқ.

 

ЖАСТАР САЯСАТЫ СЕРПІЛІС ЖАСАЙ АЛА МА?

Аймағымызда жастар саясатын жүзеге­ асыру бағытында атқарылып жатқа­н жұмыстар легі аз емес. Ел келешегінің қарыштап дамуына үлес қосатын ел азаматтарының өршілдігі мен отансүйгіштік сезімін арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жемісін беріп жатыр. Жалпы алғанда облыс бойынша 72 мыңның үстінде жас бар екен. Олардың әрқайсысына жеке-жеке мән бермегенімен, шоғырымен жинастырып, ортақ идея көтерілсе, жинақы дүние туындары хақ. Бұл ретте мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бө­лінген қаражат есебі жыл өткен сайын артып келеді. Биылдың өзінде 4 млн. 903 мың теңге көлеміндегі қаражат осы бағыттағы атқарылуға тиісті жұмыстарға жұмсалмақ. Олардың ішінде «Эрудит» жас көшбасшылар мектебінің қызметін, қаладағы жоғары және орта арнаул­ы оқу орындары арасында «Студенттік көктем - 2012» өнер фестивалін, «Сыр жастары – жасампаздық жаршысы» атты дәстүрлі жастар форумын, «Ауыл жастарын бейімдеу» атты әлеуметтік қызметті және басқа да жастар арасында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға арналған шаралар бар. Тың идея мен соны серпіліс жасайтын жастарға қолдау көрсету керектігі қашанда айтылып келеді. Осыдан 5-6 жыл бұрынғы жағдаймен салыстырар болсақ, едәуір алға жылжушылық анық байқалады. Ой еркіндігі, ұсыныс-пікірдің нақтылығы және орындалу барысы да көңіл көншітерлік деңгейде. Дәл осы қарқынмен қоғамға қозғау салар болсақ, онда «жастар – қоғамның қозғаушы күші» екенін тағы да дәлелдеуге мүмкіндік бар.

Айтпақшы, жиын барысында қазіргі жастар арасында қабырғаға өрмелеп шығушылардың көбейгені айтылды. Ол да бір шұғылданатын спорттың түріне жатады. Бұл туралы жастар саясаты мен патриоттық тәрбие беру жөніндегі кеңесте қалалық мәслихат депутаты Ж.Базартай:

- Орталық алаңда театр қабырғасына өрмелеп жүрген жастарды көп­теп кезіктіреміз. Оларды көрген күзет­ші қуа жөнеледі, ал жастардың барар жері сол маң. Сондықтан бұл мәселені шешу керек. Мұндай жастардың бо­йындағы күш-жігерін және бос уақы­тын тиімді пайдалану мақсатында түбегейлі қорытынды шығарған абзал. Қаржы қарастырылып, арнайы қабыр­ға орнатып берген жөн болар еді, - деп өз ойын ортаға салды.

Расында да, күн жылына бастағаннан-ақ алаңды жағалап билейтін жаста­р да, биік қабырғаға өрмелейтін де топтың қатары арта бастайды. Ал сала мамандарының айтуынша, аталмыш қабырғаны салу үшін қаржы көзі қарастырылмаған.

 

РӘМІЗДІҢ ДЕ РЕТТІЛІГІ БАР

Соңғы кездері еліміздің мемлекеттік рәміздеріне қатысты дау-дамай жиі кездесіп жүр. Әсіресе, бұл спорт саласына тән «қасиетке» айналып бара жатқандай. Олай дейтініміз, байрақты бәсекелерде гимннің ауысып кетуі осымен бірнеше мәрте орын алды. Осы ретте ту, елтаңба, әнұранның барлық мекемелерде заңға сәйкес орнатылуы қатаң тексеріске алынды. Өткен аптада өңірімізде осындай тексеріс болған көрінеді. Нәтижесінде бірқатар кемшіліктер табылған.

- Мемлекеттік рәміздерді пайдалану мен орналастырудың өзіндік ереже­сі бар. Республикалық тексеріс барысында бірқатар кемшіліктер орын алды. Олардың көбісі, басшылардың кабинеттеріндегі мемлекеттік рәміздер өлшемі сай емес және сәйкес орналастырылмаған, - деді қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы А.Қайруллаев.

Сондай-ақ, «әнұран» сөзінің «гимн» сөзімен ауыстырылуына байланысты кейбір мекемелердің қабыр­ға тақталарында бұл талап орындалуы төменгі деңгейде екен. Алдағы уақытта осындай кемшіліктерге жол бермеу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болады.

Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

 
СОТ БАСТАЛДЫ...
29.03.2012 15:16

Желтоқсан. Жаңа­өзен. Жұрт жадын­да жатталған қанды қақ­тығыс. Содан бері де жүз күндей уақыт өтті. Дүйім ел дүдәмал күй кешіп жүр, қамақта отырғандар да, биліктен алас­татылғандар да бар. Ал, бұдан төрт айдай­ бұрын болған толқуғ­а кім жауап­ты? Ұйымдастырған, тонаған, ұрып-соққан, оқ атқа­н кім? Бүрсүгіні баста­лған  атышулы іске қатысты сот отырысы осы сауалдарға жауап іздейтін болады. Сот алдында 37 адам жауап беріп жатыр, арасында кәмелет жасына толмаған екі жасөс­пірім бар.

 
НАУРЫЗ «НОУ-ХАУЫ»
15.03.2012 11:22

Әдепкіде ноу-хау сөзі­нің мағынасына түсін­бей, аңтарылып қалатының сөзсіз, анықтамасына қарасаң, ағылшынша know how – қалай екенін білу дегенді меңзейді, оның түрлі салада қолданылатын тұстары бар, түйіні сол, сыр арқылы сақтануға сай келеді. Біздің де наурыз айының екінші онкүндігінде облыс­ билігіндегі ауыс-түйістің сырын біле алмай­ дағдарып, «ноу-хауға» телігеніміз содан.

Иә, аймақта тағы да кадрлық өзгеріс, облыс әкімінің орынбасар­лары орын алмасып, басқар­маларда басшылар ауысты. Қуандықов осылайша билік буынын қа­тайтып, ширатып алуды құп көрген тәрізді.

 

 
ӘБІЛӘЗОВТІҢ “ӘЛЕГІ”
15.03.2012 10:50

Апыр-ай, ә!

Қазір Қазақстандағы телеарна, газет-жур­налдарды былай қойғанда, әлемдік БАҚ-тар да Мұхтар Әбіләзов тақырыбынан тыс қалмайтын болған. Елде жүргенде бар «жылы-жұмсақты» «жемсауы­на» тоғытты деп айыпталған бұрынғы БТА банк басшысының әккілігі туралы талай айтыл­ып та, жазылып та жатыр. Қазақстандық құқық қорғаушыларға құйрығын да ұстатпай  кеткен­ экс-банкирдің былығы бұдан үш жылдай бұрын ашылып, содан бері оның атына тәуір сөз айтылмай келеді. Бес миллиард доллар басына бәле болып жабысқан «жайсаңның» жасағанынан қылмыстық көріністер көрінеді, «Әбіләзов ісінен» саяси астар іздегендер де жоқ емес.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 281 282 283 284 285 286 287 288 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Тамыз 2020 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары