Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 1761 |
![]() | Кеше | 3040 |
![]() | Осы аптада | 4801 |
![]() | Өткен аптада | 20075 |
![]() | Осы айда | 27306 |
![]() | Өткен айда | 58946 |
![]() | Бәрі | 4208396 |
-
05.12.19
«Құмкөл-Қызылорда» автожолының 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт алған «Neoplan» маркалы автобус аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қайыстырғаны анық.
Толығырақ...- 05.12.19
Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетістік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабарға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...
- 05.12.19
Толығырақ...Ерғали АБДУЛЛА
Қу ақша
Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...
- 05.12.19
Толығырақ...Арнайы бетіміздің тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен сұхбаттасудың сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәтижесінде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, болмысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...
- 05.12.19
Толығырақ...Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымша, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...
СаясатҚЫЗМЕТІМЕН ҚОШ АЙТЫСҚАНДАР енді немен айналысады? 01.03.2012 15:26 Тәртіп тепкіні
Мұндай да болады. Қолында биліктің тұтқасы бар кей азаматтар заңның иісін сезбей, сезсе де сыйламау салдарынан қызметімен қош айтысып жатыр. Ай мен күннің аманында атақ-абырой, лауазымдық қызметінен жұрдай болған басшыларға не жау тиді? Қазақта «Жауға сенбе, мұзға сүйенбе» деген сөз бар. Ал бұл мектеп директорларының өз-өздеріне сеніп, сүйеніп жасаған іс-әрекеттеріне қарап қаралай күйіп кетуге әбден болады.
Атап айтар болсақ, Арал ауданы Бөген елді мекеніндегі №20 мектеп директоры А.Әбдікәрімов «М.Алиев» ЖК-ден дизельдік отын сатып алу жөніндегі жасалған келісімшарт талаптарын орындамаған. Тапсырыс беруші А.Әбдікәрімов 907 225 теңгені алдын ала аударған. Дәл осы жағдайды Қызылжар елді мекеніндегі №81 мектеп директоры А.Сағатов та қайталады. Ал осы аудандағы №68, №263 мектеп директорлары С.Қосжанов пен С.Жаналиев «Ж.Мысина» ЖК-нен мектепке қажетті тауар қорлары келмесе де, мектеп қоржынындағы қаржыны кәсіпкердің есепшотына аударған. Ол ол ма, еңбек демалысына, жолсапарға кеткен екі директор таза бланкаға қол қойып кеткен.
Толығырақ... Пікір қалдыруМАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАНЫҢ ТӨМЕНДІГІ 12 жылдық оқуға көшуді кешеуілдетіп тұр 01.03.2012 15:14 Білім безбені
Соңғы жылдары білім саласын дамытуға қомақты қаржы бөлініп, білім жүйесін ақпараттандыру, 12 жылдық оқуға көшу, балалардың құқығын қорғау, ауылдық мектептердің ажарын ашу, оқулық сапасын арттыру мәселелері күн тәртібіне қойылды. Елбасы бір сөзінде: “ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық”, - деген еді. Бірақ әлі де қазақ баласына сапалы білім алуға толық жағдай жасалмай келеді. Аймағымызда 9 мектеп үш ауысымда оқып жатса, 14 оқушыға 1 компьютерден тиіп отыр. Осы секілді білім саласының өзекті мәселелері Жаңақорған ауданында өткен облыстық білім басқармасының көшпелі алқа мәжілісінде сөз етілді.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаментінің мәліметі бойынша, бүгінде республикада 8 мыңға жуық мемлекеттік күндізгі жалпы білім беру мектептері жұмыс істеуде, оның ішінде 4 мыңға жуығы қазақ тілінде оқытады. Қазақ мектептеріндегі оқушы саны 1,5 миллионнан асып жығылады. Ал өзге тілде оқытатын 3 800-ге жуық білім ордасында 950 мыңдай оқушы білім алуда. Қазақ мектептерінің саны, жалпы, өзге тілді мектептер санымен шамалас болғанына қарамастан, оқушылар саны бір жарым есеге артық. Бұған қоса қазақ мектептерінің дені ауылдық жерлерде орналасқанын, ауыл мектептерінің материалдық-техникалық жабдықталуының нашарлығын, білікті мамандардың аздығын, бір сыныпта 30-40 оқушыдан оқитынын ескерсек, сапаға қаншалықты назар аудару керектігін бағамдай беріңіз. Алдағы жылдары он екі жылдық білімге көшсек, онда оқушылар саны күрт өседі. Сонда “қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресіңнің” кері келмесін. Негізінен 12 жылдық білім беруге көшуді кешеуілдетудің ең басты себебі де осы — материалдық базаның төмендігінен. Бірақ білім саласындағы күрмеуі қиын мәселені шешу бағытында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы қолға алынғаны белгілі. Оған қоса шалғайдағы елді мекендерде жаңа білім ғимараттары бой көтерді. Дегенмен, Сыр өңірінде бұл салада қордаланған мәселелер әлі шаш етектен.
- Қазірде педагогтардың қоғамдағы орнын арттыру мақсатында жұмыстар жасалып жатыр. Жылда арнайы конкурстардың нәтижесіне және жеткен жетістіктеріне байланысты арнайы жүлделер тағайындап отырмыз. Тіпті шетелге демалысқа да жолдама үлестірудеміз. Бір қынжылтатыны, білім ордаларындағы жоғарғы санаттағы мұғалімдердің аздығы. Мәселен, мектепке дейінгі орталықта жоғарғы санатты мұғалімдер 0,5 пайызды құраса, жалпы орта білім беретін мектепте 3,2 пайыз, кәсіптік лицейлерде 2,7 пайызды құрап отыр, - дейді облыстық білім басқармасының бастығы А.Мұхимов.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады», - дейді. Расында шәкірттің инемен құдық қазғандай білім алуы ұстаздың біліктілігіне байланысты.
Балабақша мәселесі «Балапан» бағдарламасы аясында шешімін тауып жатыр. Басқарма басшысының сөзіне сенсек, бүгінде мектеп жасына дейінгі балалардың 71,3 пайызы мектепке дейінгі біліммен қамтылыпты. Дегенмен, әлі де 20900 бүлдіршін балабақша кезегін күтіп тұр. Сондай-ақ облыстағы барлық балабақшаның 32,8 пайызы жекеменшік.
Он екі жылдық білім беру жүйесіне қажетті оқу ғимараттары бізде саусақпен санарлық. Материалдық-техникалық база мықты болмаған жерде жаңа жүйенің алға жылжуы екіталай. Сондықтан жүйе туралы сөз қозғаудың өзі артық секілді. Елімізде негізінен білім саласында жаңа жаңалықтар енгізілсе, таңырқамайтын болдық. Себебі бұл әдетке айналып кеткендей. Мәселен, бұрнағы жылдары бірнеше институттар мен университеттерді біріктіру, оңтайландыру есебінен жоғары оқу орындарын ірілендірулер жүргізілді. Әйткенмен білім беру ісінің мән-мазмұнына бұдан келіп-кеткен ештеңе жоқ. Алты жылдық университет білімі екі сатыға бөлініп, бакалавриат пен магистратура құрылды. Ол жаңа проблемалар туғызды: маман-бакалаврдың қоғамдағы алар орны толық айқындалған жоқ. Жаңа жүйе жүзеге асырылып, елімізде «білім беру жүйесі он екі жылдыққа көшеді» дегенді естігеннен кейін-ақ оқушылардың, солармен бірге ата-аналардың арасында психологиялық тұрғыдан алғандағы үнсіз қарсы шабуыл басталды. Мұны ата-аналардың 9 сынып бітірген балаларын жаппай колледждерге түсіруінен айқын байқауға болады. 12 жылдық жалпы орта білім беру мектебінің басты мақсаты - білімді, білікті, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, жылдам өзгеріп отыратын ортада өмір сүруге бейімделген, өздігінше дамуға, өз ойын толық жеткізе білуге, өзінің және қоғамның мүддесі үшін мейлінше өзін-өзі іс жүзінде көрсете білетін жеке тұлға дамытып қалыптастыру. Бірақ жаңа жүйені әлі де жатырқап отырған секілдіміз.
- Оқушыларды бағалаудың халықаралық бағдарламасы PISA ұйымына мүше болғанымызға төрт жылдан асты. Негізінен бұл ұйым оқушылардың зерттеген жұмысын, білімін бағалайды. 2009 жылы алғаш рет сынға қатысқанымызда, оқушыларымыз 65 мемлекеттің ішінен үздік елулікке де ене алмады. Сол кездегі олқылықтың орнын толтыру үшін биыл мұқият дайындалуымыз керек, - деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаментінің бас сарапшысы М.Мұқаметқалиқызы.
Бұл жоғарыда айтқанымыздай, білім саласындағы кемшіліктерді жоймай жоғарғы нәтиже көрсете алмайтындығымыздың бір дәлелі секілді.
Т.ӘЛЖАНОВ
Тақырыпқа тұздық
* Облыстағы барлық балабақшаның 32,8 пайызы жекеменшік.
* 20900 бала балабақша кезегін күтіп тұр.
* Мектеп жасына дейінгі балалардың 71,3 пайызы мектепке дейінгі біліммен қамтылған.
* 1 компьютерге 14 оқушыдан келеді.
* Орта мектептегі мұғалімдердің 3,2 пайызы жоғарғы санатты.
ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖАЛҒАСЫ 01.03.2012 12:07 Елбасы жолдауына – іспен жауап
Сыр елі - үсті күрішке, асты мұнайға толы бай өңірлердің бірі. Бұл – бармақтай болса да бағымыздың арқасы. Негізінен облыс экономикасын өркендету үшін өндіріс пен кәсіпорындардың санын көбейту қажет. Мұны Елбасы халыққа дәстүрлі Жолдауында да тілге тиек етіп жүр. Егерде аймағымызда өндіріс орындары қанатын кеңге жаятын болса, алдымен жергілікті халық шығарылған өнімді арзан бағамен алуға қол жеткізсе, екіншіден, жұмыссыздықты қысқартуға септігі тиері сөзсіз. Жалпы, қай саланың болмасын жұмысын жандандыру бағытында түрлі бағдарламалар қабылданды. Межеленген міндеттерді мүлтіксіз атқару үшін «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жұмыс жасалуы қажет. Бағдарламалардың жүзеге асу барысымен танысу мақсатында аймағымыздың солтүстік өңірінен басталған пресс-тур өткен аптада Шиелі және Жаңақорған аудандарында қорытындыланды.
ӘБІЛӘЗОВ әлі ұстатпай жүр 23.02.2012 11:10 Апыр-ай, ә!
Лондонның Жоғарғы соты қазақстандық қашқын олигарх Мұхтар Әбіләзовты 22 ай бойы қамақта ұстау жөнінде қаулы шығарды. Судья Найджел Тиэр оны «сотты құрметтемеді» деп айыптап отыр.
Шетелдік фемиданың күшіне мінуіне бұрын Әбіләзов басқарған БТА банктің талап арызы түрткі болса керек. Арызданушы жақ онда жауапкердің сотқа өзінің акционерлік активтері, меншігіндегі жылжымайтын мүлік жайында бұрмаланған мәліметтер бергенін, соттың тыйым салғанына қарамастан өз бақылауындағы активтерді басқаруды әлі тоқтатпағанын дәйектермен келтірген. Яғни Әбіләзов қаржы активтері мен құнды қағаздарды шығарған «Бубрис» компаниясына және Англиядағы жылжымайтын мүлікке иелік ететінін бүгіп қалған. Оның былтырғы қараша-желтоқсан айларында өткен сот талқылауында төбе көрсетпеуі де көп нәрсені аңғартқандай.
БҰЛЫҢҒЫР БАҒДАРЛАМА 23.02.2012 10:53 Соңғы жылдары ауылдың әл-ауқатын көтеру мақсатында «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы қабылданып, жас мамандардың баспаналы болуына жағдай жасалуда. Дегенмен, жастарды ауылды жерлерге орнықтыруға баса назар аударылып жатқанымен, бұл жұмыстар әлде де баяу жүргізілуде. «Бәлкім, жасалып жатқан көмек кемшін емес пе, ауылға баруға ынта білдірген жастардың барлығының ұсынысы қанағаттандырылып жатыр ма, жалпы бағдарламаның жүзеге асуы сиырқұйымшақтанып кеткен жоқ па?» деген сауалдар көптің көкейінде жүргені жасырын емес.
<< Бірінші < Алдыңғы 281 282 283 284 285 286 287 Келесі > Соңы >>
- 05.12.19