Өзекті мәселелер

  • 15.02.18

    Дария демі ішінде. Ақпан басталғалы Сырдарияның маңына жақын орналасқан жұртшылық арнасынан асқан өзен суынан қауіптенгені белгілі. Алайда дүрлігуге негіз жоқ. Бұл туралы облыс­тық  жұмылдыру дайындығы бас­қармасының басшысы Серік Сермағамбетов өңірлік ком­муни­ка­циялар қызметінде БАҚ  өкіл­деріне мәлімдеді.

  • 15.02.18

    Көпшілік ортада кейбір баланың іс-әрекетіне, қылығына қарап, оның тәрбиесіне баға береміз. Өйткені бала ес білгеннен бастап ата-анасының іс-әрекетін қайталап, айтқан сөздерін жаттап, санасына тоқып алады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген сөз осының дәлелі іспеттес. Жасыратыны жоқ, бүгінгі жастарға, балаларға тәрбие жөніне келгенде көңіліміз толмайды. Өйткені, (барлығына бірдей топыр...

    Толығырақ...
  • 15.02.18

    Алланың адам баласына берген­ сыйы – жарық дүние. Сол дүние есігін ашқаннан бастап өмірден озғанға дейінгі уақыт ол әр адамның өз еншісінде. Ата-ана үшін өмірдегі ең маңызды сәт – сәби сүйіп, тұлға етіп тәр­биелеп, жетілдіріп, ел қатарына қосу. Бұл – әрбір ата-ана үшін алдыға қойған бірінші мақсат. Мұндай  бақыт  біреуге  бұйырса, біреу  осыған  жете  алмай  жүр.

    Толығырақ...
  • 15.02.18

    Әңгіменің төркінін тақырыптан-ақ бажайлаған боларсыз. Иә, мәселе жұдырығын жұмса ашпайтын, ашса шаш­пайтын  нағыз Шықберместердің ізін жалғап, өкшесін басып­  келе жатқан жігіттер жайын­да болмақ. Жомарттық, мәрттік, кеңдік, ол – кісінің алдын­а қысылмай кең құлаш даста­рқанын жайып, қолында барын төге салатын, тіпті қажет болған жағдайда жарты бай­лығын теңдей бөле салатын адам. Сіз бен бізде,...

    Толығырақ...
  • 15.02.18

    Қазақ жігіттері ежелден ірі, ержүрек болған. Оны сол уақыттағы саф ауа, табиғи тағам секілді жайттармен байланыстыруға болатын шығар. Белгісіз. Арысы батырлар жырының кейіпкерлерін көз алдымызға елестеттік. «Еліме пайдам тисін, жауыма найзам тисін» деген ұстаныммен ұлтарақтай жері үшін өзгемен егесіп, ат үстінде күнелтті. Қара бастың емес, бар Алаштың қамы үшін қасық қаны қалғаша соғысып, жауды...

    Толығырақ...
Саясат
ТАҒДЫРДЫҢ ТӘТТІ САРҚЫТЫ
14.12.2017 15:20

Адам өзінің Тәуелсіздік күнін белгілі бір күнді күтпей-ақ тойлауына болады. Мәселен, мектеп бітіруші түлек 25 мамыр күні соңғы қоңырауды мерекелетеді, бұл оның енді оның мектепке тәуелсіз екенін білдіреді. Сол сияқты университет тамамдаған жас маман. Дипломын қолына алып, қуанышын достарымен бірге бөліскісі келеді. Осы әрекеті арқылы ол жоғары мектептің үйіп-төгіп берген ізденіс жұмыстарынан қол үзіп, азат болғандығын жариялағысы келеді. Күнделікті өмірімізде декларациясы жазылмаған болмаса да, осындай әрекеттер толып жатыр. Тәуелсіздік деген сөзді түсіндіру үшін ғалымдардың пікірлерін, жинақталған тұжырымдамаларды оқығанда, тілің күрмеліп, миың қорытпайтын анықтамаларды ортаға салудың қажеті жоқ. Бар болғаны, ой еркіндігің мен сөз еркіндігіңнің қорытындысы екенін білгенің жетіп жатыр.

 
ҚОСЫЛҒЫШТАРДЫҢ ОРНЫ АУЫСТЫ
14.12.2017 15:15

Апта басы Есіл­дің сол жағалауында ірі кадрлық ауыс-түйіспен басталды. Ауыс-түйіс болғанда,  ат ауыстырғандар – құқық қорғау құрылымындағы бірқатар басшылар. Кешкілік күтпеген жерден «аса құпияланған» Парламент сенатының жалпы отырысы шақыртылып, жұрт бір дүр­лігіп басылды. Бақсақ, мемлекет басшысының тосыннан кадрлық ауыс-түйіс жасауы халық қалаулыларының аяқасты жиналуына себеп болыпты. Өйткені, конституция бо­йынша  құқық  қор­ғау органдарының басшыларын таға­йындау үшін Жоғары палатаның келі­сімі керек.

 
ХАЛЫҚ СЫНЫ – ҚАДІРЛІ СЫН
14.12.2017 15:05

«Қоғамдық көлік қызметінің сапасына байланысты жергілікті билікке жұртшылық тарапынан 1000-ға жуық наразылық түскен». Бұл – қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың өткен аптада аппарат мәжілісінде айтқан ақпараты. Қоғамдық көлік қызметінің сапасы­ қазір қалың көпшіліктің жазылмаған «жарасына» айналған. Осы түйткілдің түйінін тарқату мақсатындағы жұмыстарды тілге тиек еткен шаһар басшысы кент және ауылдық округтердің бюджеттерін қалыптастыруға байланысты шаруаларын да пысықтады.

 
ОТБАСЫ. ӨНЕГЕ. ҚҰНДЫЛЫҚ
14.12.2017 14:14

Қазақ  қоғамында әйел мәртебесінің биіктігі халықтың әйелдерге, аналарға қамқорлығы мен сый-құрметінен анық байқалады. Адамзат баласының тыныс-тіршілігін, қоғамның даму ба­рысын  әйелдер  қа­уы­мынсыз елестету де әсте мүм­кін  емес. Расында әлем елдер­інің  өз  алдына ұлт болып­ ұйысуында, егемен ел, дербес мемлекет  болып қалып­тасуында бұрымдыларымыздың алар орны айрықша. Себебі­ әйел – отбасының ұйытқыс­ы, ырысы мен жылуы ғана емес, ұрпақ тәрбиесінен өзге  қоғамның кез келген саласында ашық  пікір  білдіріп, маңызд­ы шешім  қабылдауға  араласатын маңызды тұлға  екенін ескерген жөн.

 
Сырдың сұлу шаhары – ҚЫЗЫЛОРДА!
14.12.2017 12:50

Сыртта  жүрген  соң жан-жағымыз­ға қарап, салыстырып, қолда бардың бағасын түсінеді екенсің... Сыр елінің орталығы болып саналатын Қызыл­орда шаhары соңғы кезде аса қарқынды  қарыштап келе жатқанын өзде­ріңіз де көріп, біліп, естіп жүрсіздер. Қалада  құрылыс, жол салу мен жөндеу, инфра­құрылым, кәсіпкерлік, әлеумет­тік сала, бәрі-бәрі санмен емес, сапа­ме­н жұмысын көрсетіп, көңіл қуантып жүр. Елбасының сарабдал саяса­тына  сенім  артып,  бір жұдырықтай жұмылған дарқан­ халқымыздың адал ниеті мен пейілінің арқасында, қашаннан  қойнауына құт дарығын Сыр  елі зор  жетістіктерге  жетуде.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары