Өзекті мәселелер

  • 19.04.18

    ӨМІР   СОҚПАҒЫ...

    Жол – экономиканың күретамыры, тіршілік ізі. Қала ішіне қамшының өрі­міндей таралатын сол жолдардың  қазіргі  жағдайы  қандай?

    Көктем бастала салысымен Қызылорданың орталық көшелері ғана емес, шетаймақ жолдарына да жан біте­тіні бар. Қазіргі күні қала бо­йынша ұзындығы 619 шақырымды құрайтын 766 көше бар. Оның 503,2 ...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    Жақында үйге туыстарымыз келіп, кішкентай бүл­діршіндермен оңаша қалып, бала да болса әңгімеге тарттым. Сөйтіп «Кімге еліктейсіңдер?»  деп  сауал  тастадым. Сонда 8 жастағы інім «Бэтмен», «Өрмекші адам», «Халк», «Темір адам», «Флеш» секілді шетел мульт­фильмдерінің басты кейіпкерлерін тізбектей жөнелді. Арасында бірде-бір қазақ батырл­арының есімі жоқ. Онысымен қоймай, сол кейіпке­рлердің өзіне...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    «Менің байқауымша, сұлу әйелді ит қаппайды. Олай болса­, сұлулықты ит те сезеді». Жазушылық жылнамасында әйел, ана тақырыбына ең көп қалам сілтеген талантты жазушы Ғабит Мүсірепов осылай депті. Иә, сұлулықты кім жақсы­ көрмейді, сұлулық кімге билік жүргізбеген десеңізші? Бота көзді, шие ерінді, үріп ауызға салғандай сұлу! Қыздардың осы сипаты қазір бар ма? Әрине, бар. Бірақ көзін линза арқылы қ...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    Қаржы және қоғам

    - Бұрын бәрін кадр шешкен деседі. Осы рас па, әлде өзгенің бе өсегі?

    - Иә, қазір қоғам емес кешегі, қаржы бәрін шешеді... Қысқартады, кеседі. Өшіреді, өседі... Қаржысы жоқ қасқаның маңдайда соры бес елі.

    - Сонда кадр ешнәрсе шешпей ме?

    - Жоқ, ол да аз-маз шешеді. Қаржың болса қалтаңда,...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    МЫҚ  ШЕГЕ  ҚАЙДА?

    Профессор  Темірбек

    ҚОЖАКЕЕВ  рухына Толығырақ...

Саясат
«ҚОРЫҚҚАН БҰРЫН ЖҰДЫРЫҚТАЙДЫ»
12.01.2018 15:12

Баспасөз қашандағыдай өз қыз­метіне адал. Оның міндеті – елдің мүддесін, халықтың мұң-мұқтажын, бағыт-бағдарын жұртшылыққа жет­кізу, бір сөзбен айтқанда, билік пен бұқараның арасына алтын көпір болу. Бұл бағытта тәуелсіз саналатын БАҚ-тың да қоғамға берер пайдасы барын жасырып-жабудың еш реті жоқ. Алайда биліктегілер олай ойламайтын тәрізді, ресми басылымдарға «жасыл шам» жағып, тәуелсіз басылымдарды тұқырту, «біздің ат озсын, олардың аты тоқтай тұрсын» дегенге саятын әрекет жиі орын алады. Асылында, газет – қоғамның айнасы. Кім-кім де сол айнадан өзінің бет-бейнесін көре алады. Бірақ, біздің билік бұл айнадан өзінің жағымды бейнесін ғана көргенді қалайды. Сын мен мінді, шындық пен ақиқатты айтқанды арқасы­нан қаққысы келмейді. Мұны неге  айтып  отырмыз?

 
“БІЗГЕ ҚАНДАЙ ӘКІМ КЕРЕК?”
12.01.2018 14:53

“...Бізге қандай әкім керек?”. Берікбектің жұмысынан қысқарып қалғалы бар уайымы да, бас қайғысы да – осы. Жұмысқа орналасу жайына қалып, әкімнің әлегіне түскелі қашан?

Қазаншы болып үйде отырғанына екі жылға жуықтады. Айтуынша, қайбір жылы қытайлық компания 50-ден аса адамды себепсізден-себепс­із бір күнде жұмыстан қысқартыпты. Басым бөлігі қазақтар екен. Абырой болғанда айлықтарын алып үлгерген. Ақ адал еңбектерінің ақысын алу да оңайға түспепті. Бір­неше рет шағымданып, компанияның табалдырығын тоздырған. Берік­бек – жоғары білімді азамат. Кезін­де әке-шешесі қарызданып-қауғаланып жүріп оқытқан. Бір емес, қос дипломы бар. Саяси сауатты. Әлгі  қытайлық  компанияда бақандай  бес  жыл көлік жүргізіп, нәпақасын тапқан-ды.

 
«Халық» газетінің жылдық номинациялары
28.12.2017 17:24

«Жыл   жаңалығы»

Жаңғырудың  жаңа  жолы

Қоңыр күзде мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Сыр өңірінде атқарылып жатқан шаруа­лар барысын бажайлап, бірнеше нысандарды аралап шықты. Алды­мен «Байқоңыр» ғарыш айлағын дамыту­ жобасымен таныс­ты. Содан соң «Қорқыт ата» мемориалды кешеніне тоқтап, баба аруағына құран бағыштады. Жалпы, облы­ста ауқымды жобалардың қолға алын­ғандығы мәлім. Соның бірі – шыны зауыты. Орта Азияд­а теңдесі жоқ бұл жоба Елбасының жіті назарында. Құрылысы тамамд­алуға аз қалған зауытта болған мемлекет басшысы жергілікті кәсіпкерлермен жүздесіп, жұмыла жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Сырдария өзенінің сол жағалауында жүргізіліп жатқан­ жаңа қалашықтың  жобасымен  танысып, құрылысшылармен кездесіп, жалынды жастармен еркін әңгіме өрбітті.

 
НАҒЫЗ ТӘУЕЛСІЗДІК – ТІЛДІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ
28.12.2017 14:39

Ұлы даланың төскейінде тілсіз, жансыз жатқан тарихтың тарғыл тасы талай оқиғаның куәгері, заманның зар еңіреушісі болды десеңші... Жер Күнді бір айналып шығамын дегенше жыл артынан жыл ілесіп келеді. 2017 жыл да қазақ тарихында жақсы жаңалықтармен есте қалды. Маңыздысы сол, еліміз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде міндетін бастады. Бұл – Тәуелсіздік алған 26 жыл ішінде жете бермейтін, кез келген мемлекетке бұйыра бермейтін бақ, абыройдың асқағы. «ЭКСПО – 2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі әлемнің түкпір-түкпіріндегі елдің халқын таңғалдырып, тамсандырып,  болашақтың энергия көздері баламаларын жаңаша сипаттады.

 
РЕСЕЙЛІК ТӨРТ АРНА ЖАБЫЛМАЙ ЖАТЫП ҚАЙТАДАН ҚОСЫЛДЫ
21.12.2017 12:40

Сонымен, Ресейдің төрт телеа­рнасының жабылғанына бір күн де өтпей, олар қайта­дан қосылды. Ғажап! Бұл қандай күш? Кімнен бұйрық түсті? Әрине, сіз айтарсыз, Ресей жағы 2018 жылы теріскейлік көршіде өтетін президент сайлауына байланысты Путин өтініш жасаған­ болар, сосын келіссөзге­ отырармыз деген болар дерсіз...

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Сәуір 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары