ҚАЙНАҒАН ӨМІР, ТӘЛКЕК ТАҒДЫР |
24.03.2018 16:46 |
Күйбің тірлік кімдерді қажытып, кімдердің шекесін шылқытпады десеңізші... Дүние – базар. Қай жерге барсаң да ығы-жығы, қайнаған өмір, қызу тірлік, қауырт жұмыс, арпалысқан тағдыр. Арпалысқан демекші, расында уақытпен арпалысып, өмірдің дегеніне көндігіп келе жатқан тағдыр иелері қаншама?.. Қу тамақтың қамы деп ертеректе үлкен кісілер айтушы еді, қазір жасың да, жасамысың да сол тірліктің құлына айналған десек, қателеспейміз. Осы пікірді пайымдап, өмір сүруінің тұрақты қалыбы жоқ, күнделікті нанын болар-болмашы жұмыспен ақтап, елдің аяушылықпен беріп кеткен тиын-тебенімен күн көріп отырған халықтың бір тобы туралы білмекке ұмтылып едік.
|
15.03.2018 12:00 |
«Тау мен тасты су бұзады». Дарияның жағасына қоныстанған елдің қайсысы болмасын, тасқын судан қауіптеніп, сең жүретін уақытта буынып-түйініп отырады. Әсіресе, апаттың айтып келмейтінін бұған дейін де бірнеше мәрте көрген қызылордалықтар бұл жылы дария деңгейін үздіксіз бақылауға алған. Оның үстіне биыл жауын-шашын мөлшерінің көп түсуі дария деңгейінің көтерілуіне ықпал етері анық. Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының мәліметінше, қазіргі күні 35-70 сантиметр шамасындағы ең қалың мұз Арал, Қазалы аудандарында сақталған. Ал Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарында 25-40 сантиметр болса, оңтүстік бөліктегі Шиелі, Жаңақорған аудандарында мұз қату жағдайы тіркелмеген. Дүлей мінезді дарияның деңгейі әзірге бірқалыпты. Десек те, «сақтансаң, сақтаймын» деген қағидаға сүйеніп, жағада отырған жұрт жылдағы әзірліктерін ұмыта қойған жоқ.
|
КЕДЕЙЛІК ШЕГІНДЕ КІМДЕР ОТЫР? |
22.02.2018 11:29 |
Елдегі инфляциялық дүмпу салдарынан туындайтын баға қымбатшылығы халықтың қалтасына оңай тимесі анық. «Зейнетақы мен жәрдемақы, айлық өсті» деген хабар елдің құлағына тиер-тиместен нарық тауарларының құны шарықтап шыға келетініне көз үйренген. Сыртқы сауда нарығындағы жағдай да көңіл көншітерлік деңгейге жеткен жоқ. Мәселен, ресми мәлімет бойынша елдегі инфляция 2017 жылы 7,1 пайызды құраған. Бұл – ЕАЭО елдері арасында инфляцияның ең жоғарғы көрсеткіші болып отыр.
|
ЕШКІМ ДЕ ҚАҢҒЫБАС БОЛЫП ТУЫЛМАЙДЫ |
15.02.2018 10:56 |

Қиын-қыстау заманда отбасынан, бауырларынан жырақта үйсіз-күйсіз қалған жандар қаншама. Қолдағы барынан айырылып, баз кешіп жүргендер мен өмірдің қиыншылығына төзбей, ішімдіктің түбіне жете алмай жүргендер де жетерлік. Бірі сол бақытсыздықты өз қолымен жасағандар болса, енді бірі – өзгенің алдауына түскендер. Солардың арасында қайыршының күйін кешіп, өз қамын қоқыстан іздеп жүргендер де жоқ емес. Бүгінде көпқабатты үйлердің жертөлесі, вокзал айналасы мен базар іші, қоқыс алаңдары қаңғыбастардың тұрақты мекеніне айналған. Әр адамның басында бір тағдыр. Бір-бірімен тағдырлас болғанымен, тіршілігі мен өмірі әрқилы.
|
ҚҰЛБАЗАРДАҒЫ ҚҰНСЫЗ ҚАЗАҚ |
08.02.2018 12:37 |

Күннің қабағы ашылып, қыстың қытымыр суығы қайтқан сәрсенбі. Таң қылаң бере жанарымды терезеден тысқа тастап, ойдың тереңіне үңілдім. Жылы жерде отыра бергеннен алақаныма біреу несібе әкеліп салмайды. Жұрт қатарлы жұмыс істемесем, қарғаның саңғып кеткені кімге бұйырады? Басымда – көне қара қалпақ, үстімде – ағамнан қалған әскери тон мен былтырдан қалған қара шалбар, аяғымда – әбден тозығы жеткен қонышты етік. Бағытым – қаладағы ІІІ ірілендірілген мөлтек ауданындағы (Ескі базар маңы) сауда үйлерінің алды.
|
|
|
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>
|
|