Өзекті мәселелер

  • 14.02.19

    «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баспасөз брифингін өткізді. Жасыратыны жоқ, бұған дейін бас шаһардың басшысы баспасөз алаңына ат басын бұрған емес. Өйткені, облыс орталығында өңірдегі БАҚ-тың басым бөлігі орналасқан. Сондықтан мұны ақпандағы эксклюзивті кездесу десек те болады. Жыл басында журналистермен жүздесуге жақсы...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметін­ің хабарлауынша, өткен жылы республика бойынша 2,4 млрд теңге еңбекақы берешегі өндіріліпті. Соның 191 млн теңгесі біздің облысымызға тиесіл­і екен. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, қадағалау актісімен 13 мың жұмысшы алдындағы 191 млн теңге жалақы қарыз өндірілген.

  • 14.02.19

    Нағыз жігіттерді еркек деу дұрыс емес, еркек – адамның жынысын білдіретін атау ғана. Қазақ халқы ер адамды ерекше сыйлаған, киімін баспаған, алдын кесіп өтпеген, сөзін тыңдаған, алдындағы асқа одан бұрын қол тигізбеген, т.с.с. Десе де, бұл қазір мұндай емес дегенді білдірмейді. Әйелден бір саты жоғары тұрған ер-азаматтардың да өз биігінен түсіп кетіп жүргендері бар. Ер жігіт ретінде өте...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Әрбір  әйел  қауымы көрікті болып, бет терісіне ерекше назар аудару керек. Күтім жасап, әсем де нәзік болып жүретін бұрымдылар сырт көзді де тамсантатыны рас. Осы тұрғыда қыз-келіншектердің бет терісінің күтімі жөнінде не айта аламыз? Олардың бет терісінде жиі кездесетін мәселе қайсы? Сау әрі әдемі келбетті сақта­у  үшін  қайтпек  керек?

    Қазіргі таңда сұлулықтың құны жеңіл еместігі бесе...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Мен «Халық» газетінің 6.ХІІ.2018 жылғы санында «Тұмар  ханым» бетінде жарияланған «Өзі үшін» некесіз бала тапқысы келеді» тақырыбындағы мақаланы оқыдым. Тақырып­қа орай көңіл түкпірінде жүрген ойларды қағаз беті­не  түсіргім  келді.

Тіршілік тіні
«ТОҢЫП» ЖҮРСІЗ БЕ, «ТОЙЫП» ЖҮРСІЗ БЕ?
20.01.2018 13:29

Ел ішінде отау тігіп отырған халықтың әлеуметтік жағдайы түрлі деңгейде. Әйтеуір күйбің тірлікпен өтіп жатқан өмір. Ішіп-жемге жеткен ақша басқасына артылмайды. Оған кім, не істей қойсын?! Жұмыссыздық деген қоғамдық дерт және бар. Көпбалалы отбасылар мен екі қолы бос отырғандар да кедейліктің ауылынан алыс емес. Мемлекет беретін азын-аулақ көмек пен балаларға тағайындалған жәрдемақыға қарап отырған отбасылар жоқ дей алмаймыз. Көңі мен тоңы араласып жатқан қоғамда «қазаны бөлектің қайғысы бөлек».

 
ҚОШ КЕЛДІҢ, ҚЫМБАТШЫЛЫҚ!
12.01.2018 14:51

Еліміздің энергетика министрі Қанат Бозымбаев уәдесіне берік екен. Тауық  жылы  тамамдалар тұста жауапты министр­лік сұйытылған мұнай газын­ың бағасы 10 па­йызға қымбаттайтынын жеткіз­ген болатын. Қаң­тар келісімен Бозымбаев болжамы шындыққа айнал­ды. Күні кешеге дейін аймақта май құю бекеттеріндегі пропанның литрі 62 теңгеден сатылып келсе, қазір  66 теңгеден босатылуда. Қараша халық қалып­тасқан қымбатшылықпен күресіп әлек. Өйт­кені былтыр бензиннің безгегі бұқараның басты мәселесі болған-ды.

 
ЗАҒИП ЖАННЫҢ ШҮКІРЛІГІ
15.06.2017 10:26

ҚАТЫРМА  ҚАҒАЗДАҒЫ  «ҚҰПИЯ»

Жер дүниенің қызылды-жасылды бояуын көре алмай, қос жанарынан бірдей айырылған зағип жан отыр көшеде. Үсті-басты кір-қожалақ. Қаңғыбастың кейпін кигеніне қарағанда ет-жақыны немесе қамқоршысы жоқтығын бір­ден аңғаруға болады. Қаладағы адамдар жиі өтетін жол – оның үйреншікті «орны». Ал жанына жақынырақ барсаңыз, қатырма қағаздағы «Мен зағиппын, көмектесіңіздер!» деген жазуды көрер едіңіз. Қайырымды жандардың ақ пейілінің арқасында осы күнге дейін аш қалып көрмепті де. Қолына ұстатқан тиын-тебендерге наны мен шайын сатып алып жүр.

 
ОРАЗАДА ЕТ НЕГЕ ҚЫМБАТТАДЫ?
01.06.2017 11:42

Жылдағы әдет. Мерекеде, Ораза айын­да азық-түлік бағасы шарықтап шыға келеді. Жұрт тамақ жемей тағы отырмайды. Дәстүрге қарайлаған аймақ болған соң, қонақ шақырып, Құран оқытады. Оған кем дегенде 30-40 мың теңгенің көлеміндегі азық-түлік тауарлары дастарқанға қойылады. Осы ретте базарды және маңындағы «Сұлтан», «Айтбе­к» сауда орындарын аралап, азық-түлік тауарларының бағасын салыс­тырып көрдік. Сатылымда тұрған тауарлардың барлығы бірдей, бірақ баға бөлек. Күн санап қосылып жатқан бағаның «бетін қағатын» адам бар ма?

 
КҮНКӨРІС: «АРБА СЫНАДЫ МА, ӨГІЗ ӨЛЕДІ МЕ?»
12.05.2017 12:10

БҰҰ-ның мәліметтері бойынша осы уақытта дүниежүзі халқының бір миллиарды абсолютті кедейш­ілікте өмір сүреді. Бұл адамдардың тіпті күнделікті бір ішіп-жейтін тамағы да жоқ. Сонымен қатар басқа төрт миллиард адам азық-түлік тапшылығы, медициналық мүмкіндіктердің болмауы және тұрмыстық жағдайларының нашар­лығынан кедейшілікке жақын жағдайда ғұмыр­ларын кешуде. Кедей жанұялар көптеген қиындықтармен бетпе-бет келеді. Олар өз балаларына дұрыс қарай алмайды, отбасы мүшелеріне қажетті азық-түлік, қауіпсіздік және білім алу мүмкін­дік­терінен де қағылады. Сондай-ақ, мемлекет эконо­микалық және әлеуметтік дағдарыстарға тірелген кезде  басқаларға қарағанда көп зардабын тартатын  да – кедейлер  қауымы. Кедейшілік пен аштық деңгейі  соншалықты жоғары  көтерілгеннен, әлемде  азық-түліктің  тапшылығынан  әр  секунд сайын  бір  баланың  өмірі  қиылады.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Ақпан 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары