Өзекті мәселелер

  • 09.08.18

    Ел іші ешқашан даусыз болмаған. Бұрында да ренжісіп, жер, жесір дауы үшін бір-бірімен араздасқан адамдар өмір сүрген. Әсіресе, жайылымдық жер үшін таласып, бірінің малын екіншісі қуып шыққан сәттер әдебиеттерден белгілі. Алайда ол кезде қазіргідей сот билігі болмаса да, ата-бабаларымыз шыңыраулы түрмесіз-ақ сол дауды бейбіт жолмен шешіп, екі тарапты бір ауыз сөзбен татуластыра білг...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Біздің «Алдымен экономика, cодан  соң  саясат» деген­ айқын  формуламен ілгерілеп келе жатқанымызды мемлекет басшысы ай­қындап берген. Саяси реформалардың әрбір кезеңі эко­номика дамуы­ның  шекті  деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру жолын дәйекті ұстанудамыз. Осылайша халықтың рухани қазынасын жаңғыртып, оны бәсекеге қабілетті етуге қол жеткіземіз. Ал білі­мі мен білігі сай ...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Бас шаһардың әр бұры­лысында жер қазылып жат­қандығын байқаған шығарсыз. Шыны керек, облыс ортал­ығында жыл сайын осындай шаруалар шығады да тұрады. Бұған наразы тұр­ғындар жергілікті билікті сынап­ әлек. Бұл мәселенің мәнісі былай екен. Оны қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге бірқатар құрылыс нысандарын  аралау  барысында біліп  қайттық.

  • 09.08.18

    Өткен жұмада республикалық Қоғамдық кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов пен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов бас­таған делегация Сыр өңіріне жұмыс сапары­мен келді. Олар бірқатар ны­сан­дарды аралап, мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасының жүзеге асыры­лу  барысымен  танысты.

  • 09.08.18

    Н.НӘЛІБАЕВ,  қала  әкімі:

    Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен кезекті жиында екі мәселе қаралды. Әуел­гісі Қызылорда қаласының жылу маусымына дайындығы туралы болса, екіншісі кент және ауылдық округтердегі 4-деңгейлі бюджеттің орындалу  барысына  арналды. Қала әкімі Н.Нәлібаев аппарат мәжілісіне арқау болған тақырыптарды айт...

    Толығырақ...
Тіршілік тіні
БІР ОТБАСЫ далада қалғалы тұр
25.04.2016 10:38

Қызылордада үйі өртке оранған ерлі-зайыпты да­лада қалатын түрі бар. Осыдан екі жыл бұрын жалғыз баспаналарынан айырыл­ған Үміткүл Міркенқызы мен Жарылқасын Кенжебеков қайда барып, бас сауға­лайтындарын білмей жүр. Жер­гілікті билік отбасының жағдайымен танысып, алты айдан бері жалға алған пәтерлерінің ақысын төлеп келген­. Енді әкімдер қаржыландырып келген пәтердің уақыты да бітуге таяу. Мұндай көмек алдағы уақытта көрсетілмеуі де мүмкін.

 
Көпбалалы отбасы көмек күтеді
17.03.2016 13:00

Бір бөлмелі үйде он адам өмір сүреді! Қабыр­ғалары құлауға шақ тұрған тоқал тамда тұратын бір отбасының жағдайы жаңа үй көтеруге келмей отыр. Таңқыбаевтар жанұясы Сырдария ауданына қарас­ты Бесарық ауылында тұрады. Отағасы Мейрамбек Таңқыбаев ауылдық мәдениет үйінде уақытша от жағушы болып жұмыс жасайды. Одан табатын азын-аулақ тиын-тебені сегіз баланың тамағы мен киімдерінен ауыспай қалады. Ал әйелі Баян Үсенов­а жұмыссыз. Екеуінің де жоғары білімі болмағандықтан, ық етуге шамалары жоқ. Балалар­ының үлкені 19-да, кішісі әлі жасқа толмаған. Аудандық әкімшілікке жағдайды баяндап хат та жолдаған екен. Таңқы­баевтардың айтуынша, әкімдіктегілер хат жолданғаннан кейін келіп, отбасыны­ң ау-жайын байқап  көр­ген. Бірақ кесіп-пішіп дәнеңе айт­паған.

 
Бесаспап әйелдер
03.03.2016 18:47

Көктемнің алғашқы күні  “Алғыс айту” күні­мен басталса, араға апта салып Халықаралық әйелдер мерекесі жетеді. Нәзік­жандылардың төл мерекесінің тоқтаусыз тойланып келе жат­қанына ғасырдан асса да, бұл атаулы дата әліге дейін өз құн­дылығын жойған емес. Өйткені  ардақты аналар­ға, әдемі әйелдерге, аяулы аруларға деген ер-азаматтардың нәзік сезіміне ешқашан селкеу түспесі анық. Себебі әйел - әлем, әйел – нұр. Жер бетіндегі жылулық пен тұрақтылықтың, сұлулықтың символы. Алайда бүгінгі біздің кейіпкерлеріміз жұмысқа  келе салысымен айнаға қарап, бет ажарын  түзеп, опа-далапқа  қол жүгіртетін қыз-келіншектердің қатарынан емес. Олар нағыз ерлерг­е лайық еңбектің “жілігін шағып, майын­ ішкен” мамандар. Ең бастысы, еңбегі ерлікпен пара-пар біздің үш кейіпкеріміз де отбасында ардақты ана, аяулы жар, ба­қытты  әже. Нағыз әйел бақытын сезінген және мамандық­тарынан ләззат алған  абзал  жандар.­

 
Тас түскен жеріне ауыр
04.02.2016 11:58

Дағдарыстың дауылы Қалымбетовтер (тегі өзгертілген. - автор) отбасын біраздан бері бүрсең қақтырды. Мұнай компаниясында табысты жұмыс жасайтын отағасы бірнеше айдан бері ақысыз еңбек демалысында отыр. Компания басшылары «жағдай­ түзелгенде жұмысқа қайта шақырамыз» дегенімен, әзірге хабар жоқ. Ол да бүгін-ертең шақырту келеріне сенімсіз. Себебі­ нарықтағы «қара алтын» құнының құлдилап бара жатқанынан қауіптенеді. Ал қымбатшылық пен студенттердің төлем­ақысы сенің жағдайыңмен санаспайды. Сондықтан төрт бала мен шаңырақтың тірегі отанасының аз-кем тапқан нәпақасына  телміреді.

 
Баға бетбақтырмай тұр
21.01.2016 11:56

Қалайлы Бисенәлиева - көпбалалы ана. Ол 1994 жылы 45 жасында 17 жылдық еңбек өтілімен зейнеткерлікке шыққан. Бүгінде бір басында екі бірдей несиесі бар. Ай сайын 43 мың теңгені банктерг­е өтейді. Ал қалған 10000 теңгесі не коммуналдық қызметтің құнына, не азық-түлікке жетіп жарытпайды. Мемлекеттік жәрдемақы  артты­  дегенімен, кейуанаға  айтарлықтай  жәрдемі тиіп  жатқаны  шамалы.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Тамыз 2018 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары