Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып.

Тіршілік тіні
ЖАНҒА БАТҚАН ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫ немесе жауапты мекеме жауап беруге неге асықпайды?
13.04.2017 14:39

Қаладағы Сәулет мөлтек  ауданы  Сарбасов көшесінің тұрғын­дары талай  жылдан бері көшенің жөндеу көрмегенін айтып, шырылдап жүр. Түрен тимеген көше тұрғындарды әбден қа­жытып, титықтатып біткен. Ал «ашулы жұдырық күліп тұрған бетті ұра алмайдының» кебін киген  жұрт  басшыларға өкпелі. Қолдарының қысқалығынан көшені яки өздері жөндей ал­майды, яки ашынған дауы­стары атқамінерлерге жетпейді.

 
БӘС ТІГУ қатерге бас тігу емес пе?
06.04.2017 11:04

Шыныңызды айтыңызшы, «жерден бір қап алтын тауып алсам ғой, лотереядан джекпот ұтып алсам ғой» деп арман­дайтын шығарсыз. Иә, тосыннан байып кетсек деген есек дәме бәрімізде болып жатады­. Кейде теледидарда ақшаны көрсетсе, «мынаның бір бумасы түсіп кетсе ғой, шіркін!» дейтініміз де бар. Кез келген іс те, жайт та қарама-қайшылықтан тұрады. Яғни, бір күн­де байып кетуді ойлаған сіздің ми талшықтарыңыз бар байлығыңыздан бір сәтте айырылып қалуды ойлап көрді ме екен?

 
“ТІЛЕНШІНІҢ” ТІРЛІГІ
09.03.2017 11:35

Кейіпкер  кейпіне  енгенде

Жазира БАҒЛАН

Көшеде  күндегі  көрініс. Жол мен жолаушының арқасында нан пұлын табу үшін жүйткіген қоғамдық көліктер. Жеткізетін “нүкте­нің” алыс-жақындығынан жанар­май­дың қымбат­тығын мұң қылса да, осы іспен нәпа­қасы­н айырып жүрген такси жүргізушілері. Мұнтаздай таза, қымбат маркалы автокөліктер де көшені бойлай зырғып барады. Ал беріректегі жаяу жүргіншілер жолында адамның қарасы қалың. Жолмен байла­нысқан тағдырлар қилы-қилы. Әр пенде өз жолымен­, өз өмірімен “алысып” жүр.

 
ТАЗАЛАП ЖҮР ҚОҚЫСТЫ АНАҢЫЗДАЙ ҚАРТ КІСІ...
23.02.2017 11:38

Құралай  ЖАҚСЫЛЫҚ

 

Сыр өңірі – еліміздің өзге өңірлеріне қарағанда эко­логиялық ахуалы алаңдатарлық аймақ. Мұнда қытымыр қыс келіп тіршілік тінін жойса, шіліңгір шілденің аптап­ ыстығында шөп басы қозғалса болды, ақ шаңдақ дауылдан қоқыс атаулы қала көшелерін кезіп кете барады. Осыдан бірнеше жыл бұрын­ғы жағдай бізге белгілі. Қала көшелерінің тазалығы тұр­ғындарды алаңдатып, шет аймақтардағы коқыстан көз сүрнігетін. Қоқыс жәшіктері күн құрғатпай толып, ернеуі­нен асып-жығылып жатушы еді. Қазір айтулы салада тыңнан түрен салынбаса да, бір­шама ілгерілеудің лебі бай­қалады. Себебі көшелер қоқыстан тазарып, бет-ажары айтарлықтай қалыпқа түсті. Хош. Көптен бері таза­лық сақшыларының таң сәрі­ден тырбанып, күн ұясына батқанша  қоқыспен «күресе­тін»  еңбегін көзбен көру ойда жүрген. Осы мақсатпен «Қызылорда тазалығы» ЖШС басшылығының арнайы рұқсатымен күнделікті ресми қалпымды бір күнге мекем­енің санитарлық та­залық бөлімі қызметкерінің кейпіне  ауыстырдым.

 
Әлеуметтік төлемақы әл-ауқатты арттыра ма?
12.01.2017 15:56

Өткен жыл есігін жауып кеткенше халық мемлекет басшысының Жолдауын күтті. Бірақ үміт ақталмады. Жұрт­тың бар арман-тілегін орындауға атсалысатын саяси ма­ңыз­ды құжат неге бұқараға бағытталмады? Бұған дейінгі 2015 жылға арналған «жылдық жоспарды» 2014 жылдың 11 қарашасында, 2016 жылға арналған Жолдауды 2015 жылдың желтоқсанына бір күн қалғанда жариялап еді. Биыл олай болмады. Бірақ бірлі-жарым са­лада  жағымды  жаңалықтар  бар. Оны да ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жиын барысында сүйіншілеген болатын. Нақтырақ айтқанда, мерейлі мерекеге орай зейнетақы көлемі мен бала тууға байла­ныс­ты берілетін бір реттік мемлекеттік жәрдемақының көлемін 2016 жылғы деңгейден 20 па­йыз­ға  ұлғайтуды  тапсырды.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Мамыр 2020 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары