Өзекті мәселелер

  • 09.08.18

    Ел іші ешқашан даусыз болмаған. Бұрында да ренжісіп, жер, жесір дауы үшін бір-бірімен араздасқан адамдар өмір сүрген. Әсіресе, жайылымдық жер үшін таласып, бірінің малын екіншісі қуып шыққан сәттер әдебиеттерден белгілі. Алайда ол кезде қазіргідей сот билігі болмаса да, ата-бабаларымыз шыңыраулы түрмесіз-ақ сол дауды бейбіт жолмен шешіп, екі тарапты бір ауыз сөзбен татуластыра білг...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Біздің «Алдымен экономика, cодан  соң  саясат» деген­ айқын  формуламен ілгерілеп келе жатқанымызды мемлекет басшысы ай­қындап берген. Саяси реформалардың әрбір кезеңі эко­номика дамуы­ның  шекті  деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру жолын дәйекті ұстанудамыз. Осылайша халықтың рухани қазынасын жаңғыртып, оны бәсекеге қабілетті етуге қол жеткіземіз. Ал білі­мі мен білігі сай ...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Бас шаһардың әр бұры­лысында жер қазылып жат­қандығын байқаған шығарсыз. Шыны керек, облыс ортал­ығында жыл сайын осындай шаруалар шығады да тұрады. Бұған наразы тұр­ғындар жергілікті билікті сынап­ әлек. Бұл мәселенің мәнісі былай екен. Оны қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге бірқатар құрылыс нысандарын  аралау  барысында біліп  қайттық.

  • 09.08.18

    Өткен жұмада республикалық Қоғамдық кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов пен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов бас­таған делегация Сыр өңіріне жұмыс сапары­мен келді. Олар бірқатар ны­сан­дарды аралап, мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасының жүзеге асыры­лу  барысымен  танысты.

  • 09.08.18

    Н.НӘЛІБАЕВ,  қала  әкімі:

    Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен кезекті жиында екі мәселе қаралды. Әуел­гісі Қызылорда қаласының жылу маусымына дайындығы туралы болса, екіншісі кент және ауылдық округтердегі 4-деңгейлі бюджеттің орындалу  барысына  арналды. Қала әкімі Н.Нәлібаев аппарат мәжілісіне арқау болған тақырыптарды айт...

    Толығырақ...
Арнайы беттер
ТЕМІРЖОЛДА ТОҒЫСҚАН ТАҒДЫР
09.08.2018 11:04

«Бір  ауылдан түлеп  ұшқан жастар едік». Осынау естігенде елең еткізетін жыр жолдары баршаға мәлім болар. Әсіресе туған жерден жырақ жүрген перзенттер үшін ма­ғынасы тым әсерлі. Сондықтан да түрлі жиын, басқосуда осы әннің шыр­қалатыны да рас. Биыл менің құрдастарым өздері­нің мектеп бітірген­деріне 40 жыл толған айтулы күнді атап өтті. «Той десе, қу бас домалайды» демекші, жүз­десуге еліміздің түкпір-түкпірінде тұратын достар жиналды. Ұзақ жылдар бойы жүздеспеген сыныптастар сағыны­са қауышып, мәре-сәре болып жатырмыз. Солардың арасынан құт қонған Маңғ­ыстаудан жолдасы Қа­былмен бірге келген Әлима Беласарова есімді сынып­тасымыз кіші­пейіл дағдысы, парасатты  қылығымен ерекшеленген  еді.

 
ҮЗІЛМЕГЕН ҮМІТ
09.08.2018 10:52

Бала кезінен елгезек, алғыр Нұргүлдің мектепте үлгерімі жақсы болды. Жас­тайынан  дәрігер болуды армандайтын оның  артық  қылығы  жоқ, уақытын  тек кітап оқумен өткізетін байсалды еді. Мектепт­і бітіремін дегенше жігітпен жүрмек түгілі, маңайына да жуымайтын. Білімнің соңына түскендіктен, қолына қызыл аттестатын ала сала құрбысы Маржан­ның сілтеуімен Беларусь еліне білім алуға кетеді. Осылайша арманына қанат  бітіп,  сол  жолдағы  оқуын  бастайды.

 
Қарғыс (әңгіме)
09.08.2018 10:23

Сол  жылы  Мәскеуге  аспирантураға түсуге дайындалып, құжатымды тап­сырып, уақытша хостелді паналадым. Жартылай кәріс, жартылай орыс Алексан­дра есімді қызбен бір бөлмеде тұрдым. Ол күн сайын жұмысқа таңертең ерте кетіп, кеш келетін, мен де күн сайын кітапханаға барып, емтиханға дайындалдым. Александра жұмыстан кеш келіп, ерте ұйықтап қалатын. Бірге тұрып жатқанымызға бір жеті өтсе де, шай ішіп, әңгімелескен емеспіз.

 
СЫРДЫҢ ЖЫРШЫ БҰЛБҰЛЫ, АЙТЫСТЫҢ АСҚАН ДҮЛДҮЛІ
09.08.2018 10:00

Қазақ даласында өмірге келген әрбір ұлы адамдар, әрбір ғұлама ақындар өзіндік болмысымен, табиғи тартымдылығымен дараланады. Иә, осы ұлылардың ортасынан ойып орын алған жанның бірі Манап  Көкенов  еді.

Биыл Сыр өңірін бүкіл елге танытып, Қызылорданың мерейі­н асқақтатқан дүлдүл айтыскер, халық ақыны Манап Көкеновтің туғанына 90 жыл толды.

 
БАҚША ӨСІРУ – БАЛА БАҚҚАНДАЙ
02.08.2018 11:46

Қара жолмен жасыл түсті «Жигули» жүйткіп келеді. Көк ала шаңды көкке көтеріп. Сонадайдан машинаның ескіргені білініп-ақ тұр. Жарықтық, шопыр жылдамдықты екіге салса, әлгі көлік ентігеді. Кілт тоқтаған сайын салдыр-гүлдір етеді дейсіз. Көлік бір сәт тоқтады да, шопыры «өй, әкең...» деп  айғай  салды. Шамасы, ескі көлік оның әбден есін шығарған-ау?! Қалай оталғанын қайдам, «Жигулиіңіз» «гүр» ете қалды. Жүрді-ау! Сөйтіп, аз уақыттан соң ақырын ғана жанымыздан өте шықты. Іштей «мына шалдың ескі көлікке өкпелейтін реті жоқ» дедім. Құр сүлдесі қалған машинаның көптен күтім көрмегені көзге ұрып тұр. Қара түтін будақтағанда, құдды «Беларус 80» тракторы жүріп өткендей сезіледі.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары