Өзекті мәселелер

  • 12.07.18

    Қазақтың ұлттық болмысындағы өзіне ғана тән қасиеттердің бірі – «аманат­» қағидасы. Ұлы даланың демо­кра­тиялық принциптерінің нақты көрі­нісі болып табылатын осынау ерекше түсінік отарлық жүйенің қасаң саясатының негізінде «майдаланып» та кетке­нін жоққа шығару қиын шығар. Мұның сыртында ұлтымызды рухани мешел­дікке ұшырату мәселесі тұрғаны белгілі. Кезінде заманымыздың заңғар, данагөй қайратк...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Шығармашылықтың шыңына лезде­  шығу екінің бірінің қолынан келе бермейтіні белгілі. Ал Аралдың жағасын­да  туып, анау асқаралы Алатауды бағындыру – бөлек әңгіме. Тұңғыш рет «Білім және еңбек» журналы­нда «Аралды қайтсек сақ­таймыз?» мақаласы басылды. Жұрт назары­ бірден ауған. Сонан соң «Қазақстан пионері» газетінде «Бо­з­айғыр»   әңгімесі   жарыққа  шықты. 1971 жылы республикалық жастарға арна...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Жаз айлары еліміз үшін мерекеге толы. Сол мерекелердің бірегейі – Елордамыз Астана қаласының туған күні. Ел болып атап өтетін Ел­ордаға биыл – 20 жыл. Қызыл­орда қаласының 200 жылдығымен  тұспа-тұс келген мерейтойдың  қуанышты еселей­ түскені рас. Еура­зия­ның жүрегінде бой көтерген қаланың тынымсыз еңбек пен даму жолына түскеніне де жиырма жыл. Ару қала Астананың туған күнімен құт­тықтауды Сыр...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Қазақта «балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» деген мақал бар. Расымен, үйдің іші сыңғырлаған бала күлкісіне толы болғанға не жетсін, шіркін! Отбасын құрудағы басты мақсат та – осы. Алайда үлкен жауапкер­шілікті талап ететін бұл ұғым ер мен әйелге өзіндік қиыншылықтар тудырады. Дүниеге бала әкелу адамның денсаулығына байланысты, бірақ оған тәуелді емес. Физикалық, психологиялық және әлеуметті...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Әке жүрегі таудан үлкен, ана жүрегі теңізден терең деп бекер айтылмаса керек. Әрбір ата-ана сәбиі дүниеге келген сәттен бастап мәпелеп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіреді. Бөбегінің былдырлаған тілін қызықтап жүріп, бірінші сыныпқа баратын уақытының келгенін де аңғармай қалады. Бірінші сыныпқа барған соң, оң-солын танытып, бар керегін алып беру үшін күні-түні еңбекте...

    Толығырақ...
Арнайы беттер
ҚАУІПСІЗДІК – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ
05.07.2018 10:55

Қандай да болмасын жұ­мыс­тың өзіне тән ерекшелігі, ауыртпашылығы мен ережелері болады. Осындай еңбектің бірегейі мұнайшылардың ен­шісіне жазылған. Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін еңбек иелерінің жұмыс барысында кездесетін тосқауылдары да жоқ емес. Соның бірі – қарапайым қауіпсіздік. Ере­желерін толық меңгеріп, тиянақты орындалмаса, адам өміріне қаупі зор. Қай салада да қауіп­сіздік мәселесі қашанда алдыңғы кезекте тұрады, ал өнді­ріс үшін бұл тіпті маңызды. Мұнайшылардың да мін­детіне айналған қауіпсіздік шаралары «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресор­сиз» компа­ниясы қызметкерлерінің де назарына­н  тыс  қалмайды. Компания басшылығы оны тұрақты  түрде  бақыла­уда   ұстап  отырады.­

 
«БАСТАУМЕН» БИЗНЕСІН БАСТАҒАН
05.07.2018 10:32

Дамыған елдер «жұмыссыздық» дертімен ауырмауы тиіс. Өркениет көшіне ілесу үшін біздегі билік жүйелі жобалардың тетігін табуда. Нарық заманына сай, бәсекеге қабілетті ел болу үшін жұмыссыздықпен күреске ерекше ден қойып отыр. Айталық, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» – әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған бірден-бір жоба. Мұндағы мүмкіндіктерді тиімді пайдалана алсаңыз, толағай табысқа жеттім дей беріңіз. Тек ерінбей еңбек етсеңіз болғаны.

 
ЖАЙДАРМАНШЫЛАР СЫР МЕРЕЙІН АСЫРДЫ
05.07.2018 10:00

Сыр бойын жағалай орналасқан тарихы бай, көңілі жай әсем шаһар Қызылордаға – 200 жыл. Айтулы мерейтойға байланысты қаламызда түрлі шаралар ұйымдастырылып, халықтың көңі­лі­нен шығуда. Осындай ауқымды шаралар легінде Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай ұйымдастырылған «KIELI MEKEN – QYZYLORDA» атты халықаралық «Жайдарман» фести­валі  де  бар.

 
ҚОЙНАУЫ ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРАТАУ
28.06.2018 11:43

Қай күні қатпар-қатпар Қаратаудың қарияның бетіндегі әжімдей болған бір сілеміне жол түскен еді. Сонда  “Үсен бауы” атты тау шатқалының сұлу табиғаты көпті тамсандырмай, бізге ән салдырмай қоймаған еді. Ол жер Қызылорданың оңтүстіктегі ең шеткі ауданы Жаңақорғанда орналасқан-ды. Ал, бұл жолғы сапарымыз Шиелі ауданы аумағындағы Қаратаудың керуен секілді бір-біріне жалғасқан кезекті сілеміне арналды. Жазуға машықтанғаны бар, жазып-жазып тасып толғаны бар, бір топ әріптестерімізбен таң қылаң берген уақытта облыс орталығынан көлікке жайғастық. Бағытымыз – Сауысқандық петроглифтері. Шиеліге келген соң, межелі жерге жеткенше көңілім алай-түлей болды. Тарихқа қастандық жасаған адамдай дел-сал күйдемін. Тау ішін жаңғыртып ән салып келеміз. Есесіне, көптеген тарихи жер-су атауларының шығу тегіне қанық бола алмағанымызды сезбейтін секілдіміз. Небір қасиетті, тарихи орындардан аттап-аттап тас түйін дайындықпен күн тас төбемізге келгенше Сауысқандыққа сап ете қалдық. Ол да дұрыс шығар, Қаратаудың әр тасы сыр шертетінін ескерсек, уақытты үнемдеу жолында әр жерге тоқтау тиімсіз болды. Оның үстіне жол бастайтын жолсеріктің алдыңғы көлікте болғаны сапар барысындағы біз алуға тиіс бірқанша мәліметті көзден бұлбұл ұшырғанын енді түсіндім...

 
ҮМІТТІ АҚТАҒАН ҮШЕУ немесе құтты “квартира”
28.06.2018 11:36

...Бүгінде құтты “квартирада” басқа біреулер тұрып жатқан болар. Мүмкін, өзгенің де бағын жандырып, алысқа адымдауына себепші болған шығар. Бәрі де мүмкін ғой, әлі де мүмкін ғой...

Таң атқаннан қара кешке дейін аудан аралаған қос жігіт үйге жеткенше асық. Бірі маңдайдағы терін қолымен сүртіп, ентіге сөйлеп, алдыға адымдаса, енді бірі ішін ұстап асқазанның мәселесіне алаңдап-ақ келеді. Бірнеше сағат бұрын үйдегісіне хабарласып, ас-ауқаттың мәселесін шешіп қоюды шегелеп тапсырған-ды. “Мен шөлдеп келе жатырмын” дейді екіншісіне. Үйге жақындап-ақ қалған. Шынында екеуінің де қаталап келе жатқаны анық. Алыстан қарасаң, шаршап-шалдыққандары жүрістерінен байқалады. Осындайда, “Махаббат қызық мол жылдар” романындағы Ерболдың асқазанымен “әңгімесі” есіңе түседі екен.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Шілде 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары