Өзекті мәселелер

  • 14.02.19

    «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баспасөз брифингін өткізді. Жасыратыны жоқ, бұған дейін бас шаһардың басшысы баспасөз алаңына ат басын бұрған емес. Өйткені, облыс орталығында өңірдегі БАҚ-тың басым бөлігі орналасқан. Сондықтан мұны ақпандағы эксклюзивті кездесу десек те болады. Жыл басында журналистермен жүздесуге жақсы...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметін­ің хабарлауынша, өткен жылы республика бойынша 2,4 млрд теңге еңбекақы берешегі өндіріліпті. Соның 191 млн теңгесі біздің облысымызға тиесіл­і екен. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, қадағалау актісімен 13 мың жұмысшы алдындағы 191 млн теңге жалақы қарыз өндірілген.

  • 14.02.19

    Нағыз жігіттерді еркек деу дұрыс емес, еркек – адамның жынысын білдіретін атау ғана. Қазақ халқы ер адамды ерекше сыйлаған, киімін баспаған, алдын кесіп өтпеген, сөзін тыңдаған, алдындағы асқа одан бұрын қол тигізбеген, т.с.с. Десе де, бұл қазір мұндай емес дегенді білдірмейді. Әйелден бір саты жоғары тұрған ер-азаматтардың да өз биігінен түсіп кетіп жүргендері бар. Ер жігіт ретінде өте...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Әрбір  әйел  қауымы көрікті болып, бет терісіне ерекше назар аудару керек. Күтім жасап, әсем де нәзік болып жүретін бұрымдылар сырт көзді де тамсантатыны рас. Осы тұрғыда қыз-келіншектердің бет терісінің күтімі жөнінде не айта аламыз? Олардың бет терісінде жиі кездесетін мәселе қайсы? Сау әрі әдемі келбетті сақта­у  үшін  қайтпек  керек?

    Қазіргі таңда сұлулықтың құны жеңіл еместігі бесе...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Мен «Халық» газетінің 6.ХІІ.2018 жылғы санында «Тұмар  ханым» бетінде жарияланған «Өзі үшін» некесіз бала тапқысы келеді» тақырыбындағы мақаланы оқыдым. Тақырып­қа орай көңіл түкпірінде жүрген ойларды қағаз беті­не  түсіргім  келді.

Арнайы беттер
СОРЫП ТАСТАДЫҚ...
31.01.2019 11:05

Мұхтар  ШЕРІМ

Қарын аш, бала жас демек­ші, түнгі төртте ішім құрылдап, аш ішегім шұрылдап кеткен соң, ақырын төсегімнен тұрып, тоңазытқыш жаққа келсем, әйелім шоқиып отыр. Бірдеңе сорып. Біздің тоңазытқыш өмірі толып көрген емес еді, тек нан, тағы да нан, сосын нан тұратын. Кешелі бері тоңазытқышымыздың іші қуырдаққа, қызыл, қара уылдырыққа, шұжықтарға толды­ да кетті. Көршіміз Құдай болмаса да, Құдайдың қоңсысы сияқты шіреніп жүретін.

 
ҚАНДЕННЕН ТӨБЕТКЕ ДЕЙІН
31.01.2019 11:02

Байлықтың атасы – кітап екенін көкейіме түйіп өскен басым, қазір кітапқа деген талғам өсіп, кей-кейлерде бедел-қасиет үйіңдегі кітап атаулының сый-сапасына қарай таразыланатын болып жүр емес пе.

Әйел жарықтықтар да кітап жинауды бәсекенің үлкені деп білген болу керек, оған деген ілтипаттары өзгеше. Бір күні үйдегі Ұлбике бір қабырғамызға қақырап орнай қалған кітап сөремізге сүзіле қарап тұрып: “Енді бізге жарым шаршы метр қызыл түсті, бір шаршы метр аспан көк бояулы қалың кітаптар қажет...” деп бүйірін таяна­ сөйлегені бар.

 
ТЕРІС ДІНИ АҒЫМҒА ЖАСТАР ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ КІРІП КЕТЕДІ
31.01.2019 10:58

Білім алу құралдары дамыған заманда үйден шықпай-ақ көп нәрсені білуге­, оны үйренуге мүмкіндік мол. Кез келген азамат шалғай ауылда отырып-ақ, қай жерде не болып жатқаны туралы интернет арқылы толық мәлімет алады.

 
ТАРИХИ ТАНЫМ КӨГІЛДІР КҮМБЕЗДЕР
31.01.2019 10:35

Туып-өскен жеріміздің байырғы тарихына қатысты жайттар, дере­ккөздері барынша іздестіріліп, толықтай зерттелгені және салыстырмалы талдауларда шындығы айқындалып ­баяндалғаны ұрпақтар алдындағы қасиетті де адал борышымыз болса керек.

 
ҚЫРЫҚ КҮН: маңызы мен мәні қандай?
24.01.2019 11:32

Қазақ халқы ежелден әр нәрсенің маңызына мән берген. Өзіндік ырым-тыйымдар мен салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғылары да бар. Бұл ұғымдардың барлығы әр отбасы үшін мәдени, рухани заңдылық секілді қызметтерін әлі күнге атқарып келеді. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дегенмен, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан рәсімдер жеткілікті. Мәселен, дүние дидарына келген сәбиді қырық күнге дейін тысқары көзден сақтандырады.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Ақпан 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары