Өзекті мәселелер

  • 18.10.18

    Диас  БАХРАДДИН,

    байдарка және каноэде есуден Жасөспірімдер олимпиада ойындарының чемпионы:


    Толығырақ...

  • 18.10.18

    Бұл өлке – өрелі өркениеттер тоғысы­нда тарихын тереңнен тартқан мекен.­ Талай қаһарман хандар мен білекті батырлар, суырыпсалма ақындар шыққан жер. «Жүз жырау» дүниеге келген осы Қармақшы елі әр қазақ үшін қастерлі, қасиетті. Аудан толығымен Тұран ойпатыны...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Сыр  өңірінде  өзінің  тарихымен, экономикасымен, даңқты тұлғаларымен дараланған бір аудан болса, ол – киелі Шиелі өңірі. Жер көлемі 3426915 га  құрайтын  аудан – ежелгі  Сырдария  өзенінің  орта  ағысынан­ орын тепкен мекен, талай тарихи оқиғаның к...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    «Алдағы  бес  жыл  ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау­  салаларына  барлық көздерден  жұмсалатын қа­ра­жат­ты  ішкі  жалпы өнімнің  10  пайызына дейін жеткізу  қажет».

     

    ЖАЛАҚЫ  КӨБЕЙЕ   БАСТАДЫ

    Мұндай пәрменді ел Президенті өз Жолдауында атап көр­сеткен болатын. Бұл сала мамандары үшін жақсы м...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Лақ бірде жайылымда жүріп ұйықтап қалды. Оянған соң қараcа, көзіне ешнәрсе­ шалынбады. Далада жалғыз қалыпты. Отардың соңынан қуып, жүгіре жөнелді. Жүгіріп келе жатып қасқырға кезікті.

    – Ей, мұнда неғып жүрсің? - деді қасқыр­  көзі  оттай  жанып.

    – Қуаласпақ ойнап, - деді лақ тез ес жиып.

    – Кіммен?

    – Ағаммен. Сөйтті де, артына бұрылып:

    Толығырақ...
Арнайы беттер
БҰРАЛҚЫ ЖАУАПТАР
29.11.2012 10:32

- «Жақында тұрса тістескен, алыста тұрса кісінескен» дегенді қалай түсінесің?

- Ауыздықтарымен алысқан айғырлар шығар.

***

- «Бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайды» дегенді түсіндірші.

- Екі қолы жоқ, екі көзі соқыр сараң біреу болуы мүмкін.

 
СЕНІМСІЗ ШУМАҚТАР
29.11.2012 10:30

Тиыннан қомақты теңге,

Құралмайды екен демде.

Ашсам ба екен тездетіп,

«МММ»-ды мен де?!.

 
ӘДЕТІМ ОСЫЛАЙ
29.11.2012 10:27

Болып жолым,

«Жүріп қолым»,

Бір креслоға отырдым.

Білетін ар мен ұятты,

Шын періште сияқты,

Шыдап зорға отырмын.

 
ҚҰЛАН ЖОРТҚАН ҚҰЛА ТҮЗ
29.11.2012 10:20

Елімізде жалпы көлемі 1 075 498 гектарды құрайтын 10 мемлекеттік табиғи қорық бар. Солардың бірі – шөл-шөлейтті аймақта орналасқан «Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығы. Бұл қорық Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігіндегі бұрынғы Барсакелмес аралында орналасқан, аралдың жалпы көлемі - 16795 гектар. Қорықтың негізі 1929 жылы бағал­ы аң терісін өндіретін қор­ғалым ретінде қаланып, 1939 жылы Қазақ ССР Халық Комиссарлар Кеңес­інің №973 шешімі бойынша қорық статусы берілген.

 
МОНШАҚТАЙ ӘҢГIМЕЛЕР
22.11.2012 10:11

НӨЛГЕ  ТЕҢ  ҚАБІЛЕТ

Үнемі жақсы, жасампаз ойлар ойлап жүретіндіктен, кейбіреулердің арандатар арам, жымысқы ойларын­ ажыратып, аңдай білуге келгенде қабілет-қарымы нөлге тең.

ЖАҢА  «ТӘБЕТ»

Жоғары, жаңа қызмет баспалдағы мансапшыл жігіттердің жаңа, серпінді, тың тынысын, лап еткізер жігер-күшін ашудың орнына жаңа «тәбетін» ашатынын көз көріп жүр.

МЕНДІК  АЗАП

Өзіме-өзім көңілім толып, ырза болатын сәт­те­рімнің тым аздығынан көп азап шегемін.

ОДАН  ДА  ЖАҚСЫ

Теңдік дегеніміз – жақсы, ал теңсіздік дегеніміз – одан да жақсы.

КЕЛЕМЕЖ   ӨМІР

Үнемі жарқын болашақты қиялдап, күні-түні ойлап­ жүру – бүгінгі күніңді келемежге айналдырады.

АҢДЫҒАННЫҢ   АҚЫРЫ

Еркегін аңдыған әйел түбінде еркегін құртып тынад­ы. Ал әйелін аңдыған еркек ақыр соңында өзі құрып тынады.

ҰЗАРҒАН   МЕРЗІМ

Заман ілгері озған сайын сақалды балалардың байғұс ата-аналардың мойнында «отыру мерзімі» бірте-бірте ұзарып келеді.

ҚАЙТАЛАНБАС

Дүниеде бәрі де қайталанады. Тек жеке адамның өмірі емес.

ЖАҢА   «ДӘСТҮР»

Бұл кездері қалыптасқан бір жаңа «дәстүр»: мезгіл-мезгіл ең атағы елге жайылған коррупционерлер баспасө­зге шығып, сыбайласқан жемқорлармен ымырасыз күресу жолдарын үйретеді, талдайды, жіліктейді, ал қалғандарымыз соған айызымыз қанып, алақанымыз қызарғанша қол соғып, бір желпініп қаламыз.

ДЕСЕ   ДЕ

Көп қылығы ақымақтығын айшықтап, әшкерелеп тұрады. Бірақ арғы пейілі адал, бір бүкпесі жоқ. Содан да оның нақұрыстығына көз жұма қарап, ақымақ дей алмаймын.

ӘКЕСІНЕ   АҚЫЛ

Топастығы, тоғышарлығы, керенаулығы үшін ер жеткен балаңды жазаларда, ойыңдағы жазаңның жартысы­н ғана қолдан. Қалған жартысын өзіңе жаза ретінде алып қоярсың.

ҰЯТСЫЗ   БАТЫЛДЫҚ

Шақырылмаған жерге көстеңдеп кіріп баратындар бар. Өзі үшін жайылмаған дастархан басында желдей есіп отыратындар бар. Өзіне титтей қатысы жоқ әңгімеге тосыннан килігіп, кірісіп кететіндер бар. Бұл қылуаларын әлгілер батылдықтарына балап, танаулары керсендей болады. Мен мұны ұятсыз батылдық дер едім.

ӨРКЕНИЕТТІҢ   КЕРІ   ТҰСЫ

Байланыс саласындағы таңғажайып жетістіктер – алыстағыларды жақындатқанмен де, жақындағылардың арасын алшақтатып отыр.

ТАПСЫРМА   КҮТІП   ОТЫРАДЫ

Соңғы буын – кішкентай шенеуніктердің халық үшін жұмыс істеуге уақыттары жоқ. Өйткені олар жоғары­ жақтан тапсырма күтіп салпияды да отырады, салпияды да отырады.

АЙТЫП   ҚОЙ

Анда-санда өзің туралы сулы-жабағылы бірдеңелерді гүпсітіп айтып-айтып қой. Әйтпесе өзгелер сенің бұл дүниеде бар екеніңді ұмытып кетуге бар.

НАНЫ   ЖҮРГЕН

Халықтың қамын күйттеп сөйлейтіндердің емес, жоғарыдағылардың қойған «әуеніне» билей білетіндердің наны жүріп тұр.

МҮМКІН

Екі жүзді адамның өзі шындық туралы екі жүз беттік роман жазуы мүмкін.

Ерғали  АБДУЛЛА

 
<< Бірінші < Алдыңғы 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қазан 2018 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары