Өзекті мәселелер

  • 10.01.19

    Өткен жылы облыс про­куроры Х.Дәуешов бірқатар БАҚ өкілдерінің басын қосып, галстуксыз кездесу өткізген болатын. Қашанда қара халықтың қамы үшін тер төгетін тілшілер қауымын шақыра отырып, ел-жұрттың көкейіндегі маңызды деген мәселелерді ортаға салуымызды сұраған-ды. Басқасы басқа, білдей қадағалау органы басшысының бұқараның жайын ойлағаны, әрине, қуантқан болатын. Бар білгенімізді «мынадай мә...

    Толығырақ...
  • 10.01.19

    Тоқсаныншы  жылдары балалардың ермегі еміс-еміс есімізде қа­лыпты. Шыбықты ат қып міндік, сымнан машина жасадық, асық ойнадық. Асылында, қаланың қайнаған тірлігінен алыс жатқан ауыл балалары алдан­ыштарын ойдан тауы­п жататын. «Ғұлы-ғұлы» дегеніңіз есіңізде шығар? Ләңгі ше? Сол жылдары ата-аналар қара сирақ жүгірмектерін үйге шақыра алмай әлек болатын.

  • 10.01.19

    Ділмұхамед  АБЫЗОВ,

    «Dalatex»  ЖШС-нің  директоры:

    ТМД  елдерінің ішінде жеңіл өнеркәсібі артта қалған ел болса, ол – Қазақстан. Себебі бізде отандық өнімдер аз. Бар болған күннің өзінде бағасы қымбат. Оның басты себебі барлық шикізатымызды сыртқа экспорттап, қайта қымбат бағамен сатып...

    Толығырақ...
  • 10.01.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекет басшысы жерлесіміз Ермекбек Пазлиевті ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградтады. Батыр ұл Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Қызылорда қаласы  №2 мамандандырылған  өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі  болып  жұмыс  істейді. Қызыл жалынға қарсы күресіп, адам  ...

    Толығырақ...
  • 10.01.19

    “Қыз пен жігіттің арасында достық бола ма?” деген сауал ортаға тасталған ретте, “болады” деп бой бермей, мыңдап мысал келтіруге бар достарыңыз табылатын шығар. Расында, дәл осы сауал түрлі отырыс­тарда даулы мәселеге айналып, көптеген адамдарды мазалағаны­ анық. Сіздің ойыңызша, сөйлесу кезінде бір-біріне көңілі ауып, сезімі пайда бола бастаған адамдар дос болуы мүмкін бе? Немесе махабб...

    Толығырақ...
Арнайы беттер
63 ЖЫЛ САҚТАЛҒАН СЫР
07.06.2012 11:34

Жақында шалғайдағы Бө­ген ауылының үлкен-кішісі әрі таңғаларлықтай, әрі сүйсініп «бәрекелді!» дейтіндей бір оқиға болды.

Осыдан ондаған жылдар бұрын Қарашалаң елді мекені­нен Қызылорда қаласының іргесіндегі Тасбөгет қалашығына қоныс аударған Қайып Сүлейменов есімді ел ағасы Бөгендегі Тәжімбет мақсымның баласы Жұпан ағамыздың шаңырағына жуырда арнайы сәлемдесе келді. Үлкен бұйымтайы бар көрінеді. Ауылдағылар мұнан лезде құлақтанды. Сөйткенше бол­ған жоқ, ақсақалы, қарасақалы бар шақырылған жиырма шақты­  адам  қашанда дастар­қаны ашық Қымбат апаның үйіне жиналды.­

 
АДАСУ
07.06.2012 11:30

- Әке, мен ол қызға үйленбесем болмайды! Мен оны сүйемін, - деп басталды бүгінгі түскі астағы әңгіме. Күнделікті бір сарынды басталатын осы даудың өзі отбасындағылар үшін үйреншікті жағдайға айнал­ды. Елуді еңсерген Нақып­ баласының бұл сөзіне жауап қатпастан қолындағы кесесіне үңіліп отыр. Арманның шешесі шаласы әлі басыла­ қоймаған самаурынның қа­сында ол да үнсіз. Бәлкім, «болмайды» дегеннен шаршаған болар екеуі. Ұлдарының сөз түсінбейтініне аң-таң. Әйтеуір, үнсіз...

 
ЖОЛАҚЫ 100 ТЕҢГЕ БОЛСА...
31.05.2012 11:21

Қаз-қалпында

Таңмен таласып, ұйқы деген арсызбен санасып, көзімді әзер аштым. Екі көзімді кезек-кезек тырнадым, одан басқаға мойнымды да бұрмадым. Көшенің көк тастарына сүрініп, маршрутқа қарай жүгіріп, ішінен әйтеуір бір орын бұйырып, отырып алдым тастай болып түйініп. Маршруттың жылдамдығы да 40-тан әріге баспай қалды, «отырып барамын» деген арманым жүзеге аспай қалды. Өзі кішкене адамды жұдырықтарымен жауып тастады, адамдардың көрінеді тек «тауық бастары». Біреуі жұлқынады, қос иығын жұлып жеп бұлқынады, одан қалды «адам алма» деп қылғынады. Маршруттың іші лық толады, жолау­шылар да быт-шыт болады. Осылай аяқ қоятын бір тілім жерге таласып, тері моншақтаған арқалармен жанасып тұрғанда қарны қабақтай, беті табақтай біреу «орын бар ма?» деп алақтай мінді. Бастапқыда ойла­нып басымды шатып бұрдым, бадырақ­ көзімен бір қарағанда отырған орнымнан атып тұрдым. Ол орынға да сыймады, тағы бір апа орын сыйлады. Жалп етіп отырып, әңгімесін сапырып, бір көпіріп алды.

 
ТЕЗ КЕЛ!..
31.05.2012 11:14

Бір жерге барайын деп аптығып, заттарымды лақтырып, асығып­ жүрмін. Үйдегілердің сұрақтарын да жартылай тыңдап, толықтай жауап беріп жүрмін.

-     Ит қуып келе жатыр ма? - деген айғай естілді. Ұрысып тұратын­ уақытым жоқ.

-     Мен шыққанда жоқ-тұғын, - дедім.

-     Енді сонша асығып жүргенің не? Күтетін адам күтеді да! - деген жақтырмаған екінші дауыс шықты.

-     Ешкім кетпейді, маршрут тоқтап қалады! - деп терлеп-тепшіп, есіктен атып шықтым.

-     Тез кел-л-л! - деді төргі бөлмедегі жуан дауыс.

Бір аяғым табалдырықта, екіншісі аула жақта жүгіріп бара жатыр­. Сөйтіп, көше жағалап жүгіріп бара жатыр едім, соңғы маршрут­ кетіп барады, жәймен... Қолымды бұлғадым да үмітімді үзіп, соңынан қарап қала бердім. Амал жоқ, таксиге міндім. Әмияным­ның түбіндегі тиындарды жалап, сылдыратып санап бердім. «Тез кел!» деген соң тез қайттым үйге...

***

Албырт көңіл алып ұшып, көптен көрмеген достармен сағынысы­п кездестік. Арқа-жарқа, әңгіме-дүкен таусылмай жатыр­. Болмаған соң сөйлейтін ауыздарды кезекке қойдық. Отырып­-отырып ойламаған жерден қыдырып кеткен­ менде үйге ескерту деген ой да болмапты. Содан не керек, мұнда жүргенімді жасырамын, қулығымды қалай асырамын деген ойлар миымды түрткілеп қояды. Ойландым, толғандым, «қазір былай десе, былай­ деймін» деп алдын ала қорғандым, есебін тауып қоңырау шалдым­. Сөйттім де:

- Біз орталықта қыдырып жүрміз, жалғыз емеспін, Құдайға шүкір, шұбырып жүрміз. Ішпейміз, шекпейміз, алысқа ұзап кетпеймі­з. Сәлден кейін қайтамын, қалғанын барған соң айтамын, - деп телефонмен баяндап бердім.

- Тез кел-л-л! - деді тағы да.

Ойнадық, күлдік, табанымыз тозғанша жүрдік, солай боларын да білдік. Бүгінгі басқосудың қалай өткенін сараптап, жан-жағымызға жалақтап тарастық.  «Тез кел!» деген соң тез қайттым үйге.

***

Кейде өзіме таңғаламын, не үшін таңғалатыныма таңданамын. Жұмыс пен үйдің ортасындағы жолды ғана жаттап алғанмын, оны да қағазға сызып қаттап алғанмын. «Бар» деген жеріне барып, «тез кел!» десе болды, тез қайтамын. Қыдырсам да, жұмысқа шықсам да, дүкенге бара жатсам да айтатындары: «Тез кел!». Ішімнен күйеуге­ шығып бара жатқанда да «Тез кел!» деп айтпаса екен деп тілеп жүрмін.

Нұр  БИКЕ

 
ТАЛАНТТЫЛАР ҚАНАТ ҚАҚҚАН «ТАҢШОЛПАН»
31.05.2012 10:44

Өнер жолы – ауыр жол. Қиындыққа дес бермей, қажырлық таныта білгендер ғана мақсат-мұратына жетед­і. Өнер шыңына тек талаптанған адам ғана шыға алады. Ол үшін күні-түні тынбай еңбек етіп, бойыңдағы қабілетіңді үздіксіз арттырып отыруың керек. Өнерді өсіру де, өшіру де – өз қолыңда. Тоқтаусыз шығармашылық ізденіс қарым-қабілетіңді арттырады. Қазақ – ертеден өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық. Ықылым заманнан бері ата-бабаларымыз қолына домбырасын алып, жер-жерді аралап, талай тамаша туындыларды дүниеге әкелген. Елімізде соның жұрнағы әлі де сақтаулы.­

 
<< Бірінші < Алдыңғы 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қаңтар 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары