Өзекті мәселелер

  • 18.04.19

    Түрме рейтингі – кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін танытат­ын көрсеткіштің бірі. Бұл ретте­ Қазақстан қылмыстық заңнаманы ізгілендіру саясатын іске асыра отырып, жыл сайын бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың баламалы­ шараларын қолдану саласын кеңейтуде­. Соның нәтижесінде бұл түрме зерт­теулерін қадағалаудың халықаралық орталығы­ның (ICPS) жалпыәлемдік рейтингі...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    «Бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құ­мары... Екіншісі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деп талпынып, көзі көрген, құлағы естігеннің  бәрін  сұрап  тыншымау. Бұл – жан құмары...»

    Абай  Құнанбаевтың

    «Жетінші  қара...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Дана қазақ «Көп жа­саған білмейді, көпті көр­ген біледі» дейді. Көп жасамадық, көпті көрмедік. Айтпақшы, «менің білге­німді өзгенің білмеуі керек» деп ақпаратты қыз­ғанатындар бар екен. Бар емес, олардың қатары қалың көрінеді. Әрине, әңгімеміз пайдалы ақпараттар мен мәліметтер турас­ында ғана. Әйтпесе, оқырман мен тыңдарманды адастыратын ақпараттың әрдайым жасырынып жүрген...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Бала кезімнен әкеме жақын болып­ өстім. Таң атқаннан кеш батқан­ға дейін ізінен бір елі қалмайтын едім. Әкем жаны жайсаң, түрі сұсты, балаларына қамқоршы, мен үшін асқар таудай биік шың дер едім. Бізге қаладан «балала­рыма» деп базарлық­тың түр-түрін әкелетін. Осыдан әкемнің даладай дарқан көңілін  байқауға  болады.

  • 18.04.19

    Осыдан екі жыл бұрынғы ақпаратты айтайық. Ең алғаш естігенде есеңгіреп қалдық. Елімізде 2017 жылы 110 мың адам жоғары оқу орнын бітірген. Тек олардың мамандық бойынша жұмысқа орналасқандар саны – 7-ақ пайыз. Мұны мәжіліс депутаты Мұрат Бақтиярұлы баяндад­ы. Бұл ретте бітіруші түлектердің қалғаны қайда деген заңды сауал туын­дайт­ыны рас. Мәжіліс депутаты «КТК» арнасына берген сұхбатында жастарғ...

    Толығырақ...
Арнайы беттер
ҚАЛАҒА ҚАРАСТЫ АУЫЛДАР ДА ҚАРАП ҚАЛМАЙДЫ
08.11.2012 10:44

Ауыл шаруашылығы – еліміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып келе жатқан салалардың бірі. Әрине, қазақтың тұрмысы мен тіршілігі ауылға және ондағы шаруашылыққ­а тәуелді десек, артық айтқандық емес. Сондықтан Елбасы ауылдағы әлеуметтің ахуалын жақсартуды қолға алып, көптеген бағдарламаларға бастамашы болды. Нәтижесінде жастар «Дипломмен ауылға» жол салып, ауылдағылар «Сыбағамен»­ ата кәсіпті жандандыруда. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, мал мен егін шаруашылығы қазақтың тұрмысымен біте қайнасқан.

 
БАБАҒА ҚҰРМЕТ
01.11.2012 10:23

Қай заманда да өт­кенге құрмет - бүгінгіге міндет екені даусыз шындық. Мұндайда қа­зақ баласы «өлі разы болмай,­ тірі байымайды» дейді.

Өткен қасиетті жұ­мада мұсылман халқының ұлық мерекесі Құр­бан айт­тың алғашқы күнімен тұспа-тұс Арал ау­даны  Бөген ауылында Тәжімбет мақсым­ды ұлықтауға арналға­н ай­тулы іс-шара болды.

 
ОТЫЗЫНШЫ ЖЫЛДАРДЫҢ ОРАЛМАНДАРЫ
01.11.2012 10:19

Жақында ескі науқасым сыр беріп, аудан орталығындағы ауруханаға түстім, ақ халат­ты абзал жандардың күшімен есімді жинап, жан-жағыма көз салған кезімде, менің жағдайымды бақылап отырған, алпыстардың ішіне енген, келісті жігіт ағасы атымды атап, жылы шыраймен, тонның ішкі бауындай жағдайымды сұрап, мені әңгімеге тарта бастады.

 
МӘЖБҮРЛІ БИЛЕУШІЛЕР
01.11.2012 10:18

Адамзат баласы ХХІ ғасырға аяқ басқанға дейін жер бетінде көптеген мемлекеттер құрылып, талайы тарихтың қатпарлы беттерінде із қалдырып, жойылып кетті. Тұтас ғаламды билеуге ұмтылған хандар мен патшалар өмірін тақ үшін арпалысып, билік үшін жанталасумен өткізді. Билеушілердің құпия тағдырлары мен өмірі кімді де болса қызықтыратыны рас. Оларды тылсым ғұмыр кешуіне мәжбүрлеген билік болатын. Демек, біз бұл жолы билік жайында сөз қоз­ғамақпыз. « Менің көңілдесім – билік. Оны әлдекім ұрлап алып, ындыны құри аймалауын қаламаймын.

 
«АЛТЫНШЫ НӘСІЛ» немесе «Индиго балалар»
01.11.2012 10:16

Ежелгі Грекия мифологиясындағы Олимп құдайлары ба­лаларының өзінен асып туғанын қаламапты. Эллиндер нанымына­ сүйенсек, мәңгілік өмір иелері шексіз әрі мәңгі билікті ешкіммен бөліскісі жоқ. Мәселен, гректер үшін ұлы құдай Зевстің әкесі Крон жорамалға сеніп, бала­ларын сәби кезінде жұтып отырған. Бірақ, Кронның жұбайы кіші баласы Зевстің орнын­а тас беріп, кенжесін аман алып қалыпты. Нәтижесінде Олимптегі билік жасын құ­дайына ауысқан. Ал, пенде ше? Адамдар өз балаларының өзінен асып тууын Алладан жалбарына сұрайды. Әрине, «тілек адамнан емес, Құдайдан қайтады» дегендей жұмырбастылардың тілегі қабыл болуда. Әкеден оза туғандардың қатары көбейді. Өмірдің басты заңы – даму, ілгерілеу, озу болса, ғалымдар ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында жаңа түр дүниеге келгеніне шүбә  келтірмей отыр. Олар адамдар  емес, олар - Индиго.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Сәуір 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары