Өзекті мәселелер

  • 14.11.19

    Ішкі істер министрінің орынба­сары Алексей Калайчиди аттестациядан кейін лауазы­мы­нан  босаған полиция басшы­лары туралы айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    – Аттестация екі кезеңнен тұрды. Біріншісі – дайындық барысы. Яғни, лауазымдағы азаматтың  кәсіби  дағдысы зерттелді. Біз бұған  дейінгі полиция басшыларын аттестаттаудың оқ ату, дене дайындығын, заңды білу деңгейін тексеру сек...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Бізде мынадай тенденция бар ғой. Әкімдер мемлекеттік мекемелерге барса,­ сондағы қызметкерлер тайлы-таяғымен иіліп төсек, жайылып жастық бола қалатын. Тіпті, бұл дәстүрге айналып кеткені қашан?! Ал әкім мекеме­ге ескертусіз келсе, жағдай қалай болар еді? Мұндай «қызықты» апта  басында  көрдік.

  • 14.11.19

    «Отан қорғап, сарбаз сапына қосылады» деп үкілі үміт артып отырған­ бөріктілердің арасында әскери борышын өтеуден қашып жүргендер бар. «Қашқындарда­н» бөлек, республиканың түкпір-түкпіріне немесе өзге мемле­кеттерге жұмыс істеуге барып, нақты мекенжайсыз, хат-хабарсыз кететіндерге де дауа болмай отыр. Осыған­ байланысты әскерге шақырылушыларды жергілікті әскери­ басқару органдарына шақы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Мәдениет ауылдық округі тіректі елді мекенге айналғалы бұл өңірдің тірлігі де алға басты. Ауыл әлеуетінің артуына бұрын жергілікті шаруашылықтар қолғабыс ететін. Қазір кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланған ауыл тұрғындары да табысқа кенелуде. Кейбір жандар жеке табысы артқан сайын әлі де бола берсе екен дейді. Ал  бұл  елді  мекендегі  шаруашы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Өткен жылы мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарлама­сына қатысып, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Бастау Бизнес» курсынд­а білімін жетілдірген Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылының жас кәсіпкері Қосым Жұмағалиевтің  есімі  бүгінде ауылдастарына жақсы­  таныс.

Арнайы беттер
ШАЙТАНМЕН КЕЛІСІМГЕ КЕЛГЕН ӘУЛИЕ
05.07.2012 11:48

Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылының жанында «Тыраңбай» қорымы орналасқан. Тыраң­бай әулие бастаған бір тайпа ел жатқан бейіттің бұл маңға шоғырлануының өзін­дік құпиясы да бар. Әке-шешеден жетім қалған әулие о дүниеге аттанар шағында ауыл жанындағы сайға жерлеуді өтінген екен. Үлкен сайдың шеңгел басқа­н төбесіне жал­ғыз өзін жерлеуді әбес көрген жұрт әбден тығырыққа тірелген көрінеді. Кейіннен Тыраңбай өзінен соң бір күнде бес кемпір жарық дүниемен қоштасатынын, оларды да жа­ны­на жер­леуді сұраған. Хәл үс­тінде жатып, соңғы демінде айтқан ақтық сөзіне орай сол маңға жерлейді. Әулиенің сөзіне сай, арада көп уақыт өтпей-ақ, ауылдан бес бірдей жаназа шығыпты. Бұл Тыраңбай әулиенің көріп­келдігі әрі бір ғана кереметі еді.

 
АТОМ БОМБАСЫ бізге дейін болған ба?!
05.07.2012 11:46

Адамзат баласының қайдан, қалай және қашан пайда болғаны жөніндегі сауалдарға жауап­ іздеген ғалымдар тың дәйектер тауып келеді. Күні кешеге дейін Ч.Дарвиннің іліміне сүйенген­ «маймылдан жаратылған саналы адам» принципінің ауылы алыстап барады. Соңғы үш-төрт жылдың көлемінде француздар мен НАСА ғалымдарының зерттеуі бойынша «жұмырбас­тылар маймылдың ізбасары емес» деген тұжырым жасалды. Олардың сөзіне сенсек, адамзат жерде өмір сүріп жатқан төртінші түр (расса) екен. Яғни, бізге дейінгі мәдениеттер атымен жойылып, оның орнын адамдар басқан көрінеді.

 
СЫРДЫҢ СЫРШЫЛ АҚЫНЫ
05.07.2012 11:34

Замандас келбеті

Біз Махмұтбай Әміреевті сол өт­кен ғасырдың 60-жылдарында Қызылорда пединс­титутында оқып жүргенде тани бастадық. Олар бізден бір курс жоғары оқыды, бірақ факуль­тетіміз бір болды (Тіл-әдебиет факультеті, қазақ тілі мен әдебиет бөлімі). Орыс бөлімі де бар бо­латын. Атабай, Алматбай, Балашбек, Мах­мұтбай, Молдарай, Мырзалы, Шаймерден – бәрі де сайдың тасындай жігіттер, бірге оқып, бірге жүретін. Өздері белсенді, өнерлі, студенттер арасында ерекшеленетін.

 
МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҒЫҢ МАҢЫЗДЫ
28.06.2012 10:54

Бүгінгі талапкер - ертеңгі студент, бола­шақ білікті маман. Осы аралықтағы көпір іспеттес істердің бірегейі – мамандық таңдау. Мамандық таңдау оңай шаруа­ емес. Өмірде нәсібіңді табатын кәсіпті таңдауда қателеспеу керек. Қазір кез келген­ түлектің санасында «кім болам?» деген сұрақ бар. Еңбек нарығына қажетті маман атану – түлектердің «бас ауруына» айналған.

 
КӨРСЕТКІШ КӨҢІЛ КӨНШІТПЕЙДІ
28.06.2012 10:52

ҰБТ-2012

Жалпы, тесттің білімді өлшеу құралына айналға­нына да біраз уақыт болды. Дегенмен, жылда сұрақтардың дұрыс болмауы немесе бақыла­удың жоқтығынан түрлі заң бұзушылықтар орын алып келеді. Өткен жылы Жаңақорған ауданындағы дау көпшілікті дүрліктіргені сала басшыларына сабақ болғандай. Ол оқиғаға қатысы барлар заңмен жазаланды. Министрлік ұлттық бірыңғай тестке атүсті қарамауды ойлаған болуы керек, биыл тәртіпке баса назар аударды. Сонымен қатар тест сұрақтарының 80 пайызы­ жаңартылған. Негізінен, көп оқушылар ҰБТ-ға тест сұрақтары мен жауаптарын жаттау арқылы дайындалған.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 421 422 423 424 425 426 427 428 429 430 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қараша 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары