Өзекті мәселелер

  • 19.04.18

    ӨМІР   СОҚПАҒЫ...

    Жол – экономиканың күретамыры, тіршілік ізі. Қала ішіне қамшының өрі­міндей таралатын сол жолдардың  қазіргі  жағдайы  қандай?

    Көктем бастала салысымен Қызылорданың орталық көшелері ғана емес, шетаймақ жолдарына да жан біте­тіні бар. Қазіргі күні қала бо­йынша ұзындығы 619 шақырымды құрайтын 766 көше бар. Оның 503,2 ...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    Жақында үйге туыстарымыз келіп, кішкентай бүл­діршіндермен оңаша қалып, бала да болса әңгімеге тарттым. Сөйтіп «Кімге еліктейсіңдер?»  деп  сауал  тастадым. Сонда 8 жастағы інім «Бэтмен», «Өрмекші адам», «Халк», «Темір адам», «Флеш» секілді шетел мульт­фильмдерінің басты кейіпкерлерін тізбектей жөнелді. Арасында бірде-бір қазақ батырл­арының есімі жоқ. Онысымен қоймай, сол кейіпке­рлердің өзіне...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    «Менің байқауымша, сұлу әйелді ит қаппайды. Олай болса­, сұлулықты ит те сезеді». Жазушылық жылнамасында әйел, ана тақырыбына ең көп қалам сілтеген талантты жазушы Ғабит Мүсірепов осылай депті. Иә, сұлулықты кім жақсы­ көрмейді, сұлулық кімге билік жүргізбеген десеңізші? Бота көзді, шие ерінді, үріп ауызға салғандай сұлу! Қыздардың осы сипаты қазір бар ма? Әрине, бар. Бірақ көзін линза арқылы қ...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    Қаржы және қоғам

    - Бұрын бәрін кадр шешкен деседі. Осы рас па, әлде өзгенің бе өсегі?

    - Иә, қазір қоғам емес кешегі, қаржы бәрін шешеді... Қысқартады, кеседі. Өшіреді, өседі... Қаржысы жоқ қасқаның маңдайда соры бес елі.

    - Сонда кадр ешнәрсе шешпей ме?

    - Жоқ, ол да аз-маз шешеді. Қаржың болса қалтаңда,...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    МЫҚ  ШЕГЕ  ҚАЙДА?

    Профессор  Темірбек

    ҚОЖАКЕЕВ  рухына Толығырақ...

Арнайы беттер
ОН БЕС ОЙЫН БОЙЫНА АЛЫНБАҒАН “АҚЖАЙЫҚ”
24.03.2018 16:38

Өткен аптада ел чемпионатының екінші тур ойындары өтті. “Қайсардың” кезекті қар­сыласы алғашқы турда “Астанамен” кездесіп, 3:0 есебімен есе жіберген “Ақжайық” футбол клубы болды. Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионның қосалқы алаңында өткен ойын тартысты болды деуге негіз  бар. Матч алдында әртүрлі болжамдар айтылып, пікірлер жа­зылған-ды. Ең бірінші­ден, оралдықтар  біз үшін  қолайсыз  қарсылас  екенін  айта  кетейік. Статистикалық мәлі­меттерге сүйенсек, “Қайсар” “Ақжайықты” соңғы 14 кездесу бо­йына жеңе алмай келеді. Былтыр бірінші айналымда Оралға қонаққа барған “қасқырлар” 1:0 есебімен жеңіліп қалды. Одан кейін Қызылордадағы матчта екеуі бір-бір ұпайдан алса, өзара үшінші кездесулерінде де  тең  тарқасты.

 
ҚАЗАҚЫ НАҚЫШТАҒЫ ЗАТТАРДЫҢ «ДӘУРЕНІ» ЖҮРІП ТҰР
24.03.2018 16:32

Қазақтың жыл бастауы са­налатын Наурыз мейрамы – ежелден қалыптасқан дәстүрлі думан. Күн мен түннің теңеліп, ескі жылды есіркеп, жаңа жылды қарсы алуымыз осы Ұлыстың  ұлы  күнінде  жүзеге асады­. «Жаңа  жыл» деп осындай ғажап құбылысты айтамыз. Әрине, бұл күнді әр мемлекет өздеріне белгілі бір уақытта атап өтетінін ескеруіміз керек. Атап айтар болсақ, Иран, Өзбекстан және Түркия мемлекеттерінде 21 наурызда, ал Орта Азия мен Әзірбайжан, Тәжікстан және Қазақстанда бұл мейрамды наурыз айының 22-жұлдызында атап өтеді. Негізін­ен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2010 жылы «Халықаралық Науры­з  мерекесіне»  сәйкес 21 наурызды Халықаралық Нау­рыз  күні  деп  қабылдаған.

 
ДАРҚАН ДАЛАНЫҢ ДАРАБОЗЫ
15.03.2018 11:26

«Бағалағанға бақ қонады» деген­ бар. Кеудесінде Социалис­тік Еңбек Ері екендігін білдіретін алтын жұлдызы жарқыраған Кәрібоз Әлимаев атамызды кез­дестірген  сайын  осынау даналық­ сөз ойыма оралады. Қашанда жүзінен мейірім ұшқыны төгіліп тұратын ақсақалға сәлемдессеңіз, бір марқайып қаласыз. Қазақтың нағыз қариясына тән ұлылық, ізетпен амандық-саулығыңды сұрағанда, еріксіз сүйсінесіз. Өзінің Алатаудай асқақ абырой-атағын абыздықпен ұштастырған қалпын көргенде, кеудеңде «Кәрекеңнен басқа жеңіл тапты жан болса осыншама беделге маста­нып, өзгеше қалып танытар ма  еді?!»  деген  пендешілік  ой да қылаң  берері  анық.

 
НАУРЫЗ – ӘР КҮНІ МӘНДІ МЕЙРАМ
15.03.2018 11:13

Наурызды тойлаудың шынайы мазмұнға сәйкес әрі заманға сай қызықты да, сәнді болуы, терең мағынаны қарапайым рәсімдермен «әшекейлеу» арқылы жұртқа тартымды мейрам бейнесін жасақтау ғана оны жағымды да әйгілі етпек. Сондықтан көпшіліктің көңілінен қағыс қалдырмас үшін барлық мүмкіндікті ойластыра отырып, наурыздың 14-21-і аралығында кірісуге болатындай рәсімдер мен ғұрыптарды заманға сәйкестендіре жүйелей ұйымдастыруды ұсынып отырмыз. Бұл тоғыз күннің әрқайсысына мазмұн бере отырып, Наурыздың сипатын ашатындай және заманға сәйкес шараларға айналатындай әрі ұлттық таным мен дәстүр, салт пен жоралғылар өз орнын табатындай ахуал орнатуға әбден болады.

 
АМАНАТ
15.03.2018 11:08

Ол шешесі қайтыс болғалы зират басына үшінші күн қатарынан келіп тұр. Басқа басар жер, барар тауы қалмаған іспетті. Бұл өмірде оған шешесінен өзге еш  жақын  жан жоқ-тұғын. Таң бозынан келіп отырған ол түске қарай зират басына келе жатқан қалың қауымды көріп, тағы кім мен құсап сорлап қалды екен деп ойлады. Есіне шешесінің көз жұмар  алдында: “Балам, жалғыз қалып барасың, жалғандағы ең қорқынышты нәрсе – жападан-жалғыз қалу. Жаныңа жақын серік тауып ал. Сенің сол қызығыңды көрсем деуші едім, оған дәм-тұзым  жетпеді… бақыл  бол” дегені түсті.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Сәуір 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары