Өзекті мәселелер

  • 17.01.19

    Марат  ӘЙТІМОВ:

    Қас талант тасада қалмайды. Түптің түбінде танылары хақ. Күндердің күні маңдайы жарқырап, жұлдызы биіктей түсетіні белгілі. Сөйтіп, аты мәшһүр адамға айналары сөзсіз. Бұған мыңдап мысал келтіруге болады. Айталық, миллиардтаған қытайды мойындатқан, әлемдік «мен» деген өнер майталмандарының өзі құрметпен ...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Қызылордалықтар қашанда күн суыта бастасымен жандарын шүберекке түйіп отырады. Бұрыннан-ақ тосыннан келетін апат халықты дүрліктіріп қойған. Дария суының арнасынан асып, елге төндірер қаупін айтамыз. Бұл үшін жыл сайын бюджеттен қыруар қаржы да бөлініп келеді. Арнайы бөгеттер салынып, мұз жару жұмыстарына дейін ел қазынасынан ақша шығарылады. Иә, табиғаттың тосын мінезін біліп болмайсың. Десе д...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Халық арасында білім саласына қатысты айтылатын сын көп. Әсіресе, жұмыс іздеп, мұғалім болу­ды армандайтындар, тіпті, еден жуушы болып жұмыс істегісі келетіндерден «мектептің ставкасы мынанша» дегенді естіп жүрміз. Алғашында сенбейтінбіз. Өркениетке қадам басқан елімізде еден жуушыдан пара сұрамайтын болар деп ойлайтынбыз. Бірақ дәл сондай жағдаймен бетпе-бет келгендердің бар екені жасырын емес...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Баспанасыз жүргендердің бағы жанатын болды. Талайдың табал­дырығын тоздырып, пәтерден-пәтерге көшіп жүрген отбасылар енді өз елінен пана табады десек те қателеспейміз. Тек жиған-тергеніңіз қалтаңызда емес, банк есепшотында болса болғаны. Естеріңізде болса­, өткен жылы Қызылорда облысы әкімі Қ.Көшербаев халық алдындағы жылдық есеп беру кездесуінде:

  • 17.01.19

    Әрдайым әдемі болып жүруді қалайтын қыз-келіншектер киім үлгісіне келгенде ерекше талапшыл. Тіпті кейбір сұлулар үшін құрбы­ла­рының үстіндегі жейде немесе көрші­сінің спорттық белдемшесінің өзіні­кімен бірдей болуы «ғаламдық проб­лемамен» пара-пар. Мұндай көрі­ніс­ке сіздің де жиі куә болып жүрге­ніңізге сенімдіміз. Байқағанымыз, бұрымдылар өзгеше болуға ұмтылады. Бүгінде талғампаз бойжеткенде...

    Толығырақ...
Арнайы беттер
ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛӨНЕРІН ҚАСТЕРЛЕГЕН
13.12.2018 10:47

«Қасқырды қасқыр мінезді аңшы ғана соғып алады» деген бар. Абай ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер, қолөне­рші Оңдашбай Өтеміспен тілдесу барысында іштей қатты тебірендім. Әсерленгенім соншалықты, қарапайым ауыл жігітімен емес, тағдырдың ауыр тезіне жасымаған нағыз дала батырымен тілдескендей күй кештім.

 
ҰЛТ ҚОЛӨНЕРІ – «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ БІРІ
13.12.2018 10:41

Ата-бабаларымыз  сан ғасырлар бойы өзінің қолөнерін ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып, оны жас буынға үйретіп отыруды ұлы дәстүр деп түсінген. Олардың қолымен істелген бедерлеу, нақыштау, мәнерлеп құю, оюлау және алтын жалату сияқты сан алуан тәсілдері біздің заманымызға дейін жеткен. Бұл кәсіпті біз бүгінде өз бойына халықтың дәстүр-салтын, наным­-сенімін, тылсым күштерінің құпиясын жинақтаған өнер түрінде қабылдаймыз.

 
МОНШАҚТАЙ ӘҢГІМЕЛЕР
06.12.2018 12:10

 

Ерғали  АБДУЛЛА

 

АРТЫҚШЫЛЫҚ   пен  КЕМШІЛІК

Оның көп артықшылығы бар: гүмпіп сөйлейді, көп марапаты­мен мақтанады, тасығ­ан байлығын айтады, шетелдерде демалып келеді, ұлан-асыр тойларда төрден ойып тұрып орын алады, жиналыс­тарда желдей есіп сөйлейді...

Оның көп кемшілігі бар: сенер досы жоқ, сыйласар кісісі жоқ, қатысар көршісі жоқ, ақжайлау көңілді ағасы жоқ, ілтипат қылар інісі жоқ, көптің алдында бір тиындық бағасы жоқ.

 
АЗАМАТ АТАНУ ҚИЫН БА?
06.12.2018 11:48

* Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек.­ Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

* Ер адам әрдайым өзінің жаман­ қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы  керек.

* Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл – ер-азаматтың таби­ғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны болуы шарт. Өзін көрсету үшін емес, өз менін ашу үшін.

 
«АШИНА ТҮРІКТЕРІНІҢ» ТАРИХЫНА ҚАЙТА ОРАЛУ
06.12.2018 11:27

Екінші дәлеліміз: Бумын қағанның інісі Істеми (Естеми) туралы Л.Гумилев: «Батыс жорығын Бумынның інісі Істеми­ қаған бастайды. Істеми қаған бұрын да Бумынмен талай рет бірге жүрген, он көсемге, тегі, тайпа көсемдері болса кере­к,  басшылық еткен, бәрінен бұрын олар Солтүстік Алтайдың угор тектес тайпаларының басшыларына ұқсайды. Олардың түріктеніп кеткен қазіргі ұрпақтары  шорлар, қумандықтар, қулар тағы басқалары болып табылады. Істеми хан атының түрікше емес, угорша – аруақ атаның аты болуы тегін емес тәрізді.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қаңтар 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары