Өзекті мәселелер

  • 21.11.19

     

    Ерлан  ЕСТЕК,

    қазақ күресінен ұлттық құраманың бас бапкері:

    Толығырақ...

  • 21.11.19

    «Заманның  қожасы  да,  тұтқасы  да – жастар!». 1921 жылы «Жас Алаш» газетінің алғашқы нөмірі осы ұранмен жарыққа шықты. Тарих бетінде «Жас Алаш» көтерген үндеу алтын әріппен жазылды. Ел жастарының жанында жатталып қалды. Осы басылымда Ғани Мұратбаев тұңғыш редакт­орлық қызмет атқарған еді. Жалпы, Ғани туралы айтылатын, жазыла­тын дүние көп. Тым қысқа ғұмырында тындырымды тірлік жасап­  кеткені...

    Толығырақ...
  • 21.11.19

    «Шыдамның да шегі бар». «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК мен «Су жүйесі» МКК басшылығы осылай дейді. Сұрауы бар су мен қытымыр қыста жан сақтайтын жылудың ақысына келгенде тұрғындар таршылық танытатын­ көрінеді. Олар ай сайын емес, жыл сайын қордаланға­н қарыздарын жеке тұрғындар мен меке­мелерге ескертуден шаршаған. Жылдың басында жылуға­ қарыз көлемі 200 миллион теңгеге жеткен. Ал...

    Толығырақ...
  • 21.11.19

    Аграрлық өңірдің әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстар бүгінде өз жемісін беруде. Кеше ғана ауыл шаруашылығы саласында көштің басында тұрған Жалағаш ауданымен қалай мақтансақ та жарасады. Аллаға шүкір, ауыл еңбеккерлері Жер-Ананың берген ырзық-несібесін ысырап қылмай, Сырдың басты дақылынан тау тұрғызуда белсенділік танытуда.

  • 21.11.19

    Қазақстандық медицина  саласын  жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жобалардың  бірі – «Денсаулық» бағдарламасы. Үш жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан бұл бағдарламаның да мәреге жетуіне аз қалды. Қызылорда облысында аталмыш бағдарлама аясында ауқымды жұмыстар атқарылды.

Мәселенің мәнісі
ӘЙЕЛ һәм ӘМИЯН
21.11.2019 12:25

Қолына бір бума ақша ұстап отырып, «ешқайда шықпай-ақ, үйде отырып табыс тапқыңыз келе ме?» деп жарнамасымен әлеумет­тік желілерді жандырып жүргендердің қазір қарасы қалың. Көрген көз қызыға қарайды, міндетті  түрде  әлгінің  парақ­шасына кіреді. Парақшада осыған дейін және алдағы табыстары және жетістіктері міндетті түрде көрсетіледі. Тауып жатқан ірі көлемдегі сомасы­на сілекей шұбырып отырғанда, «мына нөмірге хабарласыңыз, мен сізге қалай ақша табу керек екендігін көрсетемін» деген сөзден кейін көрсетілген WhatsApp нөміріне қалай хабарласқаныңды білмей қаласың. «Ақшаның арбауына түстің» деген осы ма әлде  бұл  тұрмыстық  қажеттіліктің  қарекеті  ме?

 
ЖОЛ ЖАМАН БОЛСА, АТАҢ ДА, АТАН ДА СҮРІНЕДІ
21.11.2019 12:00

Қаланың ішінде де, аудандық, республикалық маңызы бар жолдарда­ да жол құрылысы жұмыстары мезгіл талғамастан жүргізіледі. Алайда сол жұмыстардың кейбірі сапасыз болып шығатыны рас. Өйткені жылы кезде төселген асфальт пен салқын уақытта­ төселген асфальттың айырмашылығы жоқ емес. Мейлі, ыстыққа төзімді, суыққа шыдамды материал болғанның өзінде айқын кемшіліктер орын алады. Қазақ «Жол жаман болса, атаң да сүрінеді, атан да сүрінеді» деп бекер­ айтпаса керек. Осындай кемшіліктердің алдын алу, болдырмау мақсатында Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы қоғам белсенділері және БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қызылорда  облысындағы  «Жалағаш – Жосалы» тасжолының жөндеу жұ­мыстарына қадағалау жүргізді.

 
ТІЛ БАСҚАРМАСЫ ҚАЙТА ҚҰРЫЛА МА?
14.11.2019 11:40

Қазақ «Ең тәтті де – тіл, ең ащы да – тіл, ең жұмсақ та – тіл, ең қатты да – тіл» дейді. «Жұмсақ тіл – жорға желісті, Білдірмейді бүлкегін» деген парсы мақалы бар. Мұнымен айтпағымыз ұғынықсыз болса, тарқатайық. Қытайда бір тармағы тілге бағытталған «Жұмсақ күш» деген саясаттың ықпалы зор. Бұл – әлемдік қауымдастықта өздерінің имиджін қалыптастыру үшін әлеуметтанушылар мен саясаттанушылардың сүзгісінен өткен бағдарлама. Тіл мәселесі төңірегінде сөз қозғал­ған мұндай бағдарламалар мен стратегиялар, үндеулер, мақалалар бізде жетіп артыла­ды. Жүзеге асуы жанданып кеткендерін есепке алмағанда «Болашаққа бағдар­: Рухани жаңғыру» мақаласының өзінде «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымы­з  бойымызда  мәңгі  қалуға  тиіс»  делінген.

 
ӘСКЕР мен ӘЛЕК
14.11.2019 10:45

«Отан қорғап, сарбаз сапына қосылады» деп үкілі үміт артып отырған­ бөріктілердің арасында әскери борышын өтеуден қашып жүргендер бар. «Қашқындарда­н» бөлек, республиканың түкпір-түкпіріне немесе өзге мемле­кеттерге жұмыс істеуге барып, нақты мекенжайсыз, хат-хабарсыз кететіндерге де дауа болмай отыр. Осыған­ байланысты әскерге шақырылушыларды жергілікті әскери­ басқару органдарына шақыру мүмкін емес. Мекенжай бойынша тұратын ата-аналары, туған-туыстары әскерге шақырылушы туралы қандай да бір мәлімет беруден бас тартады немесе шынымен ешқанда­й мәліметтер білмейтінін алға тартады екен. Бұл туралы Қызылорда  қаласы  әкімінің  аппарат  мәжілісінде  айтылды.

 
ИНВЕСТИЦИЯ ИГІЛІГІ БАҒАНЫ ШАРЫҚТАТУ МА?
07.11.2019 12:40

Қызылордада нан бағасының қымбаттағанына көп уақыт өте қойған жоқ. Желтоқсан айының басынан бастап жолаушылар тасымалына өзгерістер енгізіліп, 2020 жылдан бастап қолма-қол жолақы төлемі 150 теңгені құрайды деген жаңалықтың жарғақ құлаққа тигені де жақында. Ендігі кезек газ бағасына тіреліп тұр. Аймаққа қарасты аудан орталық­тары мен қала маңындағы елді мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстарының жалғасып келе жатқанына бірнеше жыл болды. Бұл жұмыстардың барлығы «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының бойында қарастырылған бұрыптар арқылы жүзеге асырылуда. Бір өкініштісі, «енді аудандар мен ауылдық округтер көмір тасып, күл шығармайтын жағдайғ­а жетті» деп қуанып жүргенімізде «көгілдір отын бағасы қымбат­тайды»  деген  ақпарат  тарады.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары