Өзекті мәселелер

  • 09.08.18

    Ел іші ешқашан даусыз болмаған. Бұрында да ренжісіп, жер, жесір дауы үшін бір-бірімен араздасқан адамдар өмір сүрген. Әсіресе, жайылымдық жер үшін таласып, бірінің малын екіншісі қуып шыққан сәттер әдебиеттерден белгілі. Алайда ол кезде қазіргідей сот билігі болмаса да, ата-бабаларымыз шыңыраулы түрмесіз-ақ сол дауды бейбіт жолмен шешіп, екі тарапты бір ауыз сөзбен татуластыра білг...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Біздің «Алдымен экономика, cодан  соң  саясат» деген­ айқын  формуламен ілгерілеп келе жатқанымызды мемлекет басшысы ай­қындап берген. Саяси реформалардың әрбір кезеңі эко­номика дамуы­ның  шекті  деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру жолын дәйекті ұстанудамыз. Осылайша халықтың рухани қазынасын жаңғыртып, оны бәсекеге қабілетті етуге қол жеткіземіз. Ал білі­мі мен білігі сай ...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Бас шаһардың әр бұры­лысында жер қазылып жат­қандығын байқаған шығарсыз. Шыны керек, облыс ортал­ығында жыл сайын осындай шаруалар шығады да тұрады. Бұған наразы тұр­ғындар жергілікті билікті сынап­ әлек. Бұл мәселенің мәнісі былай екен. Оны қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге бірқатар құрылыс нысандарын  аралау  барысында біліп  қайттық.

  • 09.08.18

    Өткен жұмада республикалық Қоғамдық кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов пен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов бас­таған делегация Сыр өңіріне жұмыс сапары­мен келді. Олар бірқатар ны­сан­дарды аралап, мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасының жүзеге асыры­лу  барысымен  танысты.

  • 09.08.18

    Н.НӘЛІБАЕВ,  қала  әкімі:

    Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен кезекті жиында екі мәселе қаралды. Әуел­гісі Қызылорда қаласының жылу маусымына дайындығы туралы болса, екіншісі кент және ауылдық округтердегі 4-деңгейлі бюджеттің орындалу  барысына  арналды. Қала әкімі Н.Нәлібаев аппарат мәжілісіне арқау болған тақырыптарды айт...

    Толығырақ...
Мәселенің мәнісі
БАҚ пен БАП
09.08.2018 14:00

Соңғы қоңырау сылдырлаған соң түлектерді күтетін маңызды бір кезең бар. Бұл – орта мектепте алған білімің сарапқа түсетін уақыт. Санаға салмақ салатын­ сын сағатта таңдауыңа қарай өмірің де өзге арнаға бұрылады. Ал жақсы таңдау жасау үшін басыңдағы миың һәм алған білімің бәсекеге ілесуі шарт. Бақ пен бап шабатын бәсеке. Бәсі биік белестен кімнің асығы алшысынан түседі, кім көңілсіз күйде қалады? Таңдаған мамандығына қол жеткізу үшін талапкерге қойылар талап қандай? Осындай сан қилы сұрақтар Ұлттық бірыңғай тестілеу маусымында мектеп бітіруші жастарды мазалайтыны рас. Бұл толғаныс биыл ҰБТ тапсырған түлектерді де айналып өтпеді. Сонымен...

 
ҚАЗАҚ ҚАЛАЙ “ҚАҢҒЫРАДЫ”?
02.08.2018 12:21

“Жұмыс жоқ” деп аяғын көкке көтеріп, үйде бос жатқан көр­шілерім киіктің мүйізін іздеп бір-ақ сәтте Бетпақдаланы  кезіп кетті. Табаны  тоз-тоз болып, таба алмай тауы шағылған­дары да бар, тиісінше табыс­ты болып, тасын өрге домалатқандары да жетерлік. Жалпы, мүйіз­дің  дәрілік емі бар екенін біз бұрыннан білеміз. Мүйізден бұрын мүйізі қарағайдай ағаларымыздың малына жем-шөп етіп отырған мия алқабын өз­геге сатып, түп-тамырымен қопартып, содан тиын тапқысы  келгеніне таң­ғалдық. Сол уақытта елдегі  аузы дуалы, сөзі уәлі ақсақалдар “шабындықтан айырылып қаласыңдар, мия орнына басқа өсімдіктер  қаптап  кетеді. Бір реттік қомақты ақшаға бола бірнеше жылдық шөптеп құр қаласыңдар.  Сатпаңдар, керек емес” деп еді. Айтқаны­ айдай келді. Одан қалды, бір-бірінен сұңғыла деген шөптің түрін сұрап, жапан да­ладан сандалып тауып, тамырын сатып, шала байып қалғандары бар.

 
ТАЛДАРДЫҢ КҮЙІ ТАЙЫП БАРАДЫ...
02.08.2018 11:40

Қазалы  ауданы  әкімі

М.Ергешбаевтың  назарына

Көзі қарақты, шариғаттан хабары мол жаннан «Уәде – Алланың ал­дында пендеден сұралатын басты жауап­кершіліктің бірі» дегенді естігені­м бар. Мән-мағынасы кім-кімге де «Шама-шарқың жететін нәрсеге уәде бер. Сөз бердің бе, орындал­уына  күш  сал» дегенді аңғартатыны  анық.

Әңгімемізді мұндай сарында бастауымыздың өзіндік себебі де табылады. Әрі қозғалған мәселе де жеке бастың мүддесі емес, көпшілікке ортақ жайт. Біз тұратын Сырым батыр­ көшесі Әйтеке би кентіндегі іргелі көшелердің бірі саналады. Аталмыш кенттің ажары жылдан-жылға көркейіп, көлденең жүрген жолау­шыға жақсы әсер қалдыратыны жалған емес.

 
ЖЕЛІГЕ «ТАБЫНҒАН» ЖАСТАР «ЖИҺАДШЫЛ» БОЛЫП БАРАДЫ
26.07.2018 14:56

Жер  бетінде жақсылық  қанатын  жайып, мейірімділік  теңіздей  төгіліп  жатса деп армандайтын  болдық.  Дүние  тірлігіне  алаңдаған  адамдар  уақыт  еншісіндегі қымбат нәрселерді  жоғалта  түсуде.  Бауырмалдық.... Ізгілік... Мейірімділік... Саф көңіл... Бұл қасиеттер  бәрімізге  қажет.

Рухани жұтаңдаған денемізге иманды қуаттайтын белсенділіктер қажет болғаны көріне түседі. Күн өткен сайын жантүршігерлік оқиғалардың саны артып, адамзат баласы азғындыққа қадам басуда. Соның бірден-бір көрінісі – шекара асып, шалыс басқандардың тағдыры. Бүгінде адасқан топтардың түрі көп. Ең қиыны, қой терісін жамылғандардың көбі Исламның атынан сөйлеп, Алланы ауызға алады. Солардың бірі әрі қауіптісі ДАИШ тобы болып отыр. Ислам құндылықтары талқандалып, мұсылман құқықтары аяққа тапталып жатқан жерде Құран мен қару қатар жүрмейді.

 
МҰЗАЙДЫН МҰЗБАЛАҒЫ
26.07.2018 14:46

Көңілдің айнасында мұң қалады-ау,

Көліктің айнасы да құр қалады-ау.

Мәнерлеп сырғанаудың хас шебері,

Мәнерсіз дүниеден сырғанады-ау.

Елжас   ӘБДІЛДА

Мына бес күндік өмірді бабалардың жалған деп атағаны­ осыдан шығар. Сұм-сұрқия, аждаһа өмір-ай! Өлімді естігенде өз-өзімізді “өлгеннің артынан өлмек жоқ, тірі адам тіршілігін жасайды” деп жұбатып жатамыз­. Өлім! Қандай ауыр сөз еді. Кісі қолынан өлу! Бұл – ауырдың­ ауыры шығар. Мұз үстінде ойнақ салып, мұз үстіне өрнек салып, сұлу өнерімен сүйсінткен ұлдың маңдайын­а сұлу өлім жазылмағаны өте өкінішті! Өртенудем­із. Ішіміз алай-түлей. Әлімсақтан танитын туысым­ыз  секілді. Қабырғамыз қайысты. Жоғалт­қымыз  келмейді,  іздейміз.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Сәуір 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары