Өзекті мәселелер

  • 08.11.18

    Халық – сыншы әрі әр­қашан әділ. Өткен аптада Арал, Қазалы аудан­дарына іссапармен барға­н облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ел алғысын арқал­ап қайтты. Бұқараның базы­насын ескеріп, жұртшылықтың жағдайын  жақсартуда аймақ басшысы бір­қатар тірліктер атқарып жүр. Өткен аптада жер­гілікті тұрғындар сол игі істер­дің жалғасына куә болды.

    Алдымен Арал ауданы орталы­ғындағы жаңа аурухананың аш...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Кез келген тауарды сырттан тасымалдау үлкен тәуеке­л мен көп шығынды талап ететіні сөзсіз. Дамыған­ елдердің көпшілігі тұтынатын тауарын өзі өндіріп, кәсіпкерлері шаруасын шыр айналдырып отыр. Ал бізде ше? Қандай өнім бар дегеннен гөрі, нендей өнім жоқ дегенге жауап табу тез болып тұр. Былай қарағанд­а, қарапайым қаламсап шығаратын зауы­тыңыз  да  жоқтың  қасы. Қайтпек  керек?

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Қазір әлеуметтік желі үлкен күшке ие. Ойыңызда жүрген жайтты жақсылап тұрып жазып, көпшіліктің талқысына тастай саласыз. Мұнда  сөздің  байыбына баратын, оны саралай алатын да, көкпардағы  серкедей  жүнін  жұлып, ту-талақай  ет етін де  жұртшылық бар. Ал, күшке ие дегеніміз – көп  мәселенің  шешімін  табатынында. Жама­н жері  кейде жаны ашып жазғандар да жазықты болып жатады­. Атын шыға...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Нәзіктік пен әсемдіктің символы – қыз баласы қашаннан сұлулыққа құмар. Ару­лар­ға ақыл мен  әдеміліктің қатар қажет екенін қазақ бұрыннан айтып кеткен емес пе? Көріксіз қыз – тұзсыз нанмен тең. Ендеш­е  сұлулығын  арттырып, тартымды бола түсу – бұрымдылар үшін сүйікті «мәселе». Бүгінде  айқабақ,  алтын  кірпік, қызыл ерін  сылқымдар кірпігін қалай  күтіп  жүр? Сырт көзге сөз қылуға тұр­майтын т...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    Редакция  қызметкерінің іссапармен бармайтын жері жоқ. Асулардан асып шыңға шығады, еңіске түсіп теңіз кешеді, балықшы мен диқанның қосына­ түнейді, шопандар мен жылқышыларға жолығу үшін жайлауды аралап шаршайды. Иә, жорналшы дегендер өмір бойы солай жол үстінде жүрген­дерінде бұрын көріп білмеген пенделердің талайымен жүзд...

    Толығырақ...
Мәселенің мәнісі
ЖЕТІМДЕРДІҢ ЖӘРДЕМАҚЫСЫНА ЖАРМАСҚАНДАР жазасыз қалмауы керек еді
02.12.2011 09:00

Қазақ халқы жетімін жылатпаған, жесірін  қаңғытпаған. Бірақ  бұл қазыналы сөздің бүгінде қадір-қасиеті кетіп, жетімнің бұйырған несібесін тартып алу қоғам үшін дертке айналды. Сыр өңірінде де ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандарды шеттету белең алып тұр. Мәселен, асыраушысы жоқ жетімдерге ай сайынғы ақшалай берілетін мемлекеттік жәрдемақыны қорғаншы және қамқоршы органдардың жым­қыруы, жетімдердің үйіне айналған интернатта олардың тиісті білім алуына жағдай жасалмауы және де құқықтарының аяқ асты болуына жиі жол берілетін көрінеді. Тіпті қамқоршысы жоқтығын пайдаланып, арнайы білім ошақтарындағы балалард­ың «діни сауатын» ашпақ ниетте діни кітаптарды оқытқандығы анықталып отыр­. Бұл мәсе­лелер  кеше  облыстық  прокуратурада  өткен  алқа  мәжілісінде  мәлім  болды.

 
КӨРЕРМЕНСІЗ ӨТКЕН ФЕСТИВАЛЬ
01.12.2011 16:19

КӨРЕРМЕНСІЗ  ӨТКЕН  ФЕСТИВАЛЬ

немесе мүмкіндігі шектеулі жандардың жаны неге жабырқады?


Еліміздің басты мерекесі Тәуелсіздіктің 20 жылдығына әрбір қазақстандық өзінше үн қосып, тарту жасауда. Қолда барын аянып жатқан жоқ. Себебі тәуелсіздік еліміздің басты құндылығы ғой. Аймағымызда да айтулы мерекеге орай түрлі шаралар өткізіліп жатыр. Өңірдегі кейбір қоғамдық бірлестіктердің асыра сілтеп жатқан жайы да бар. Сөзімізге тиек болар жайт, облыстық соқырлар қоғамы клубының ұйымдастыруымен «Жан шуағы» атты мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында өткен аймақтық өнер фестивалі. Фестиваль атаулының дені көрермендерге лық толы мәдениет үйлерінде өтуші еді. Бұл жолы мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы аталмыш фестиваль ат төбеліндей, яғни 20 жылдыққа орай «жиырма көрерменмен» өткізілді. Жалпы, бұл өнер фестивалінің өзі «тисе - терекке, тимесе - бұтаққа» деген мақсатта ұйымдастырылғандай әсер қалдырды.

 
«ҚҰРЫШ ҚАЗАҚҚА» КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ ОСЫ МА?
25.11.2011 08:56

Аймағымызда мәдени ескерткіштер турасында шешілмей тұрған түйткілді мәселелер аз емес. Тек облыс көлемінде ғана емес, тіпті есiмi әлемге әйгілі ардақты азаматтарға мүсін орнатамыз да, оны кейде қараусыз­, қалтарыста қалдырамыз. Оларды қалыпқа келтіру ойдан шығып кетеді. Қараусыз қалған сондай ескерткіштердің бірі – бала жасынан мүгедектіктің кесапатын тартқан, ақын-жазушы Зейнолла Шүкіровтің бюсті. Бүгінде оның шағын мүсіні өзінің есімі берілген көшеде, «МиГ ХХI» ЖШС орналасқ­ан ғимараттың ауласында жанашырлық күйде тұр. Мәдени ескертк­іштің халі адам шошырлықтай. Мүсіннің сыртқы бояуы қабыршақтанып, бюст тұғырының кафельдері түсіп, сиықсыз күйге енген.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 131 132 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қараша 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары