Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
Мәселенің мәнісі
ЖАСАНДЫ ТҮСІК: қылмыс пен жаза
19.04.2012 11:20

Мезгіл  мәселесі

Жыл басында Сара Гүл есімді ауғанстандық келіншек қатарынан үш ұл мен үш қызды дүниеге әкелді. Аяқ-қолын бауырына алған ол: «Мен алты бала табатыныма қуанған жоқпын. Түсік жасатқым келді. Неше түрлі дәрі іштім, қабырғадан секірдім. Бірақ онымнан ештеңе шықпады», - депті «Азаттық» радиосының тілшісімен сұхбатында­. Сөйтсе, сіңірі шыққан кедей отбасынан екен.

 
«ӘЛЖУАЗ» ТОПТАР аты бар да, заты жоқ көмекті қашанғы күтеді?
01.03.2012 12:00

Бір  хаттың  ізімен

Қоғамдағы келеңсіз жағдайлардан шаршағандар да, елдегі кейбір жайттарды дұрыс түсінбеген­дер де мерзімді басылым редакцияларын, теле­арналарды жағалап, әділдік іздейтіні белгілі. Себеб­і мұндай жағдайларда бұқаралық ақпарат құралдарынан өзге халыққа қызмет етуге тиісті орындар сауалға жауап іздегендерге тұшымды жауап­ беруден тайсақтап, қағазбастылыққа жол беріп жатады. Көкейіндегі сұрағына жауап таппаған қала тұрғыны Алғазы Жүсіпназаров «Халық» газетіне арнайы келіп, шағымын  жеткізген-ді. Алпыс­ты алқымдаған зейнеткерді мазалаған мәселе­, тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Сыр мейірімі» қайырымдылық акция­сы аясында әлеуметтік жағдайы төмен отба­сылар қатарына жатқызылып, соған орай құжаттар дайындалғанмен, әлі күнге бір реттік көмек беріл­меген. Өткен жылдың желтоқсан айының басын­да тапсырылған құжатты не үшін өткізгенін де білмей дал болған азаматтың «Халық» газетіне шағымданудан басқа амалы қалмаған.

 
РЕПЕТИТОР РЕПЕТІ
23.02.2012 11:19

Мәселенің мән-жайы

«Неліктен қазір репетитор қаптап кетті?» Газетіміздің өткен жолғы санында біз оқырманға осындай сауал қойғанбыз. Сонда көбі «мұғалімдер мұны бизнеске айналдырып алған» деген нұсқаға дауыс берді.

Біздің сұрақты бұлай төтесінен қоюымызға түрткі болған редакцияға қоңырау шалған оқырманның сөзі еді. «Бастауышта оқитын балам бар. Кейбір мұғалімі сабақ соңында оқушыларға «ақшасын төлесеңдер, бұдан да көп үйрете аламын» дейтін көрінеді. Білімнің де саудаға түскені ғой. Баламның қазір мектепке бар­ғысы жоқ. Ынтасы төмендеп кетті. Ал менің басқалар сияқты мұғалім жалдауға шашымның түгі жетпейді», - деді ашынған ана. «Кесірім тиіп кетеді» деп қорықса керек, ұлының қаладағы қай мектепте оқитынын, тіпті өзінің аты-жөнін де айтпады. Біз бірақ оқырманның жанайқайын жылы жауып қоя алмадық.

 

 
ЖАЙЫМБЕТОВ НЕГЕ ЖЕКIДI?
16.02.2012 11:39

БОС   УӘДЕ

Алдында «Көлік қызметі» еді, кейін «Көлік сервис» боп өзгерді. Атауы ауысқанмен, проблема сол баяғы. Өткен жылы тендер кезінде уәдені үйіп-төккен мекеменің төңкеріп тастағаны шамалы. Мар­шруттарды ықшамдады – бары сол. Қай-қайсысының да қайығы судан өткеннен­ соңғы тірлігі осы ма деп ойлайсың.­

Басшы-қосшылардың басын қосқан­ тұрақты кеңесте қала әкімі Мархабат Жайымбетов қызмет сапасы сын көтермейтін саланың қожа­йындарын сөзбен «сабап» алды. Кассирлердің биылдан қалмай бірыңғай үлгіде киіне­тіні, жолаушылардың билет­пен жүретіні кезекті уәденің бірі боп қалып отыр.

 

 
«АРЗАН БАЗАР» атына заты сай болмай тұр
09.02.2012 10:19

Мәселенің мән-жайы

Ел экономикасы қарқынды өрлей бастаған жылдар кәдімгі жайма базарларды біраз азайтып, сауда орындары жабық ғимараттарға көшіріле бастады. Яғни, елімізде «өркениетті сауда-саттық» қалыптаса бастады. Қаламызда «Алма», «Мандарин», «Айтбек», «Мирас», «Ажар» секілді жабық базарлар қатары көбейді. Дегенмен, ондағы бағалар қарапайым халықтың қалтасына ыңғайлы болмады. Содан билік басындағылар «бір оқпен екі қоянды ату» мақсатында «Арзан базар» сауда орнын ашқан-ды. Тоғыз жолдың торабында орналасқан сауда орны жайма базардың санын азайтып, халыққа арзан өнім ұсынуды көздеген. Алайда, базар атына заты сай болмай тұр.

 

 
<< Бірінші < Алдыңғы 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары