Өзекті мәселелер

  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Арнайы  бетіміздің  тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен  сұхбаттасудың  сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәти­жесі­нде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, бол­мысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымш­а, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...

    Толығырақ...
Мәселенің мәнісі
БҰЛ НЕҒЫЛҒАН БАТПАН ҚҰЙРЫҚ
04.10.2012 14:01

Кейіпкер  кейпіне  енгенде

Кезінде тарихы терең Жібек жолының қызған сауда орталығына айналған қазақ даласында бүгінде маркетинг атау­лы жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті. Оның ішінде желілік маркетинг тұрмысымызға сіңісіп, өмірімізге «араласқалы» қашан. Екінің бірі сауда-саттықтың осы түріне жұмыс жасайды. Осыдан екі-үш жыл бұрын қыз-келіншектеріміз «Faberlіc», «Orіflame», «Avon», «Mary Kay» компанияларының тауарларын жарнамалап жүретін еді.

 
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚЫРЫН ҚАРАСА, ЖАЛАҚЫСЫ ТӨМЕНДЕЙДІ
27.09.2012 11:25

Жасыратыны жоқ, ана тіліміз үнемі тасада қалып келеді. Қоғамдық орындарда «еңкейген қариядан еңбектеген балаға дейін» өзге тілде сөйлеседі. Тіпті орыс тіліне шорқақтар да оны меңгерудің қамымен бас ауыртып жүргенін талай көрдік. Қазағы басым деген Қызыл­орданың өзінде бұл жайт көп кездеседі. Қазақ тілі әйтеуір құрдымға кетіп қалмаса игі деп жүргеннен басқа қолдан келер шара жоқ. Ана тілді ұлықтау мақсатында түрлі шаралар қолға алынып, ресми құжаттарды мемлекеттік  тілге көшіреміз дегенімізбен, бұдан әлі нәтиже шығар емес. Бірақ астаналықтар ана тілдің абыройын асыруға байланысты жаңа тәсіл ойлап тауыпты. Астанадағы агротехникалық уни­верситет оқытушылары енді келер­ айдан бастап қазақ тілін қаншалықты меңгергендігіне байланысты жалақы алады. Бұл туралы Еуразия бірінші арна­сына университет ректоры Ақылбек­ Күрішбаев мәлімдеді. Енді бұл оқу ордасындағы әрбір факультетте, әрбір кафедрада қазақ тілінде жүргізілмеген іс қағазы болса, олар жалақыны төмен алатын болады. Өзге ұлттың қазақ тілде сөйлегеніне масаттанғанша, өз ана тілімізді осылай меңгеріп алғанымыз жөн. Бұл «аюға  намаз  үйреткен таяқтың»  қазіргі  баламасы  іспетті.

Т.ЖОМАРТҰЛЫ

 
ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ САЛДАРЫ ана тілімізге құрметті азайтып жүрмей ме?
27.09.2012 11:24

Жылда жаңа оқу жылы жаңалықтармен басталатыны дәстүрге айналды­. Оқу ордаларында қоңыраудың соғылғанына бір айға жуықтаса да, оқушылар оқу құралдарын әлі түгендей алмай, сапырылысып жүр. Бұл - өткен жылдары енгізілген жаңашылдықтың салдары. Енді биылдан­ бастап еліміздегі 165 мектепте екінші сыныптан бастап ағылшын тілін оқыту қолға алынды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында келер жылы бірінші сыныптан бастап ағылшын тілі оқытылатындығы айтылған. Оның үстіне өзге пәндерді де ағылшынша үйрету тәжірибесі іске асырылмақ. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген нақыл­ бар. Енді мамандардың «ағылшын тілін бала ерте жастан үйренсе, жақсы­ қабылдайды» деген пікіріне қосылуға болады. Бірақ артық қыламыз деп, тыртық қылып алмасақ болғаны. Өзге пәндерді де ағылшын тілінде оқытатын­ болсақ, ана тілімізге деген құрмет азайып кетпей ме? Онсыз да қазақ тілін бастауыш сыныпта ежелеп оқи алмай жүрген балалар ағылшынш­а білім аламын деп, білімсіз болып қалмай ма? Осы секілді мазалайтын сұрақтар көп. Заман талабы деп, білімсіз ұрпақ тәрбиелеп жүрмесек болғаны, әйтеуір.

Т.ӘЛЖАНОВ

 
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӨЛЕМ немесе теңсіздік туғызып тұрған түйткіл
13.09.2012 11:58

Жазылған жайдың жалғасы

 
МЕШIТТЕГI МӘСЕЛЕ кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс?
16.08.2012 12:16

Бір хаттың ізімен

Қоғамнан, билік тарапынан сауалына жауап таппаған жандардың соңғы үмітпен бұқаралық ақпарат құралдарын жағалайтыны бар. Бұл ретте бейресми төртінші билік атанған журналистер қауымы сауалды адамның көкейкесті мәселесінің шешілуіне септігін тигізіп жатады. Жалпы­, қоғамдағы келеңсіздіктерге тіл қату - журналистердің бір парызы.­ Бірақ, осындай «міндеттерінің» барын білген кейбір азамат­тардың редакцияны себепсіз мазалайтын кезі де болады. Ешқандай дәлел-дәйексіз өзгені қаралап, көзбен көрмегенін «көргендей» баян­дайтындар редакциямызға жиі қоңырау шалып, «сауалыма жауап тауып бер» дейтінін қайтерсің? Ал, төмендегі мәселенің төрелігін  кімнен  сұрауды­ білмей, әдепкіде әбден дағдардық. Сонымен, бұл қандай мәселе­ еді? Тарқатып көрейік...

 
<< Бірінші < Алдыңғы 151 152 153 154 155 156 157 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары