Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып.

Мәселенің мәнісі
ОРАЛМАНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ОЙЛАНДЫРАДЫ
08.12.2011 09:18

Әлемнің әр түкпірінде қазір тарыдай шашырап жүрген 5 миллион қазақ бар. Ат қазығы байланған атажұртқа жиырма жылда алыс-жақын­ шет елдерден 300 мыңға жуық отбасы оралыпты. Бұл – 1 миллионның ар жақ-бер жағындағы адам деген сөз. Ұлы көшке ілесе алмай қалғандары екі көзі төрт болып күтіп отыр. Биыл жазда дүние жүзі қазақтарының ІV құрылтайында мемлекет басшысы Н.Назарбаев: «Келем­ дегеннің бәріне қаражат, үй, жұмыс беріп, толықтай алып келеті­н жағдайымыз бар деп ойламаңыздар, - деп төтесінен қойды.  – Егер өз бетімен көшіп келіп, ағайын болып, отбасымен қосылып, басқ­а жағдайлармен келсе, әсіресе, жастар оқуға келем десе, оларға ешқандай­ кедергі жоқ».

 
ЖЕТІМДЕРДІҢ ЖӘРДЕМАҚЫСЫНА ЖАРМАСҚАНДАР жазасыз қалмауы керек еді
02.12.2011 09:00

Қазақ халқы жетімін жылатпаған, жесірін  қаңғытпаған. Бірақ  бұл қазыналы сөздің бүгінде қадір-қасиеті кетіп, жетімнің бұйырған несібесін тартып алу қоғам үшін дертке айналды. Сыр өңірінде де ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандарды шеттету белең алып тұр. Мәселен, асыраушысы жоқ жетімдерге ай сайынғы ақшалай берілетін мемлекеттік жәрдемақыны қорғаншы және қамқоршы органдардың жым­қыруы, жетімдердің үйіне айналған интернатта олардың тиісті білім алуына жағдай жасалмауы және де құқықтарының аяқ асты болуына жиі жол берілетін көрінеді. Тіпті қамқоршысы жоқтығын пайдаланып, арнайы білім ошақтарындағы балалард­ың «діни сауатын» ашпақ ниетте діни кітаптарды оқытқандығы анықталып отыр­. Бұл мәсе­лелер  кеше  облыстық  прокуратурада  өткен  алқа  мәжілісінде  мәлім  болды.

 
КӨРЕРМЕНСІЗ ӨТКЕН ФЕСТИВАЛЬ
01.12.2011 16:19

КӨРЕРМЕНСІЗ  ӨТКЕН  ФЕСТИВАЛЬ

немесе мүмкіндігі шектеулі жандардың жаны неге жабырқады?


Еліміздің басты мерекесі Тәуелсіздіктің 20 жылдығына әрбір қазақстандық өзінше үн қосып, тарту жасауда. Қолда барын аянып жатқан жоқ. Себебі тәуелсіздік еліміздің басты құндылығы ғой. Аймағымызда да айтулы мерекеге орай түрлі шаралар өткізіліп жатыр. Өңірдегі кейбір қоғамдық бірлестіктердің асыра сілтеп жатқан жайы да бар. Сөзімізге тиек болар жайт, облыстық соқырлар қоғамы клубының ұйымдастыруымен «Жан шуағы» атты мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында өткен аймақтық өнер фестивалі. Фестиваль атаулының дені көрермендерге лық толы мәдениет үйлерінде өтуші еді. Бұл жолы мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы аталмыш фестиваль ат төбеліндей, яғни 20 жылдыққа орай «жиырма көрерменмен» өткізілді. Жалпы, бұл өнер фестивалінің өзі «тисе - терекке, тимесе - бұтаққа» деген мақсатта ұйымдастырылғандай әсер қалдырды.

 
«ҚҰРЫШ ҚАЗАҚҚА» КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ ОСЫ МА?
25.11.2011 08:56

Аймағымызда мәдени ескерткіштер турасында шешілмей тұрған түйткілді мәселелер аз емес. Тек облыс көлемінде ғана емес, тіпті есiмi әлемге әйгілі ардақты азаматтарға мүсін орнатамыз да, оны кейде қараусыз­, қалтарыста қалдырамыз. Оларды қалыпқа келтіру ойдан шығып кетеді. Қараусыз қалған сондай ескерткіштердің бірі – бала жасынан мүгедектіктің кесапатын тартқан, ақын-жазушы Зейнолла Шүкіровтің бюсті. Бүгінде оның шағын мүсіні өзінің есімі берілген көшеде, «МиГ ХХI» ЖШС орналасқ­ан ғимараттың ауласында жанашырлық күйде тұр. Мәдени ескертк­іштің халі адам шошырлықтай. Мүсіннің сыртқы бояуы қабыршақтанып, бюст тұғырының кафельдері түсіп, сиықсыз күйге енген.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 151 152 153 154 155 156 157 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Сәуір 2020 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары