Өзекті мәселелер

  • 11.10.18

    Облыстық прокуратура әкімшілік істер бо­йынша қабылданған шешімдерді зерделеу барысында полиция қызметкерінің әкімшілік өндіріс материалдарын бұрмалау фактісін  анықтады.

    Нақтырақ айтатын болсақ, жергілікті полиция қызметінің полицейі Д.Амангелдіұлы қызметтік автокөлікпен кезекшілікте жүрген кезін­де қаладағы дүкендердің бірінің тұсында тоқтап тұрған «Hyunday Accent» маркалы авто­көлігі...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    КӘСІПКЕРЛІК –  ЖЕТЕКШІ   КҮШ

    Еліміздегі басты саяси құжаттардың қатарында «Қазақстан – 2050» страте­гиясы да бар. Ұзақ мерзімді дамуды бекіткен бұл стратегияда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін орта мер­зімді кезеңге арналған мемлекеттің 2025 жылға дейінгі жоспарлау құжаты да айналымда. Бұл құжаттың басты мақсаттарының қатарында жеделдет...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Жат діни ағымға еріп, адасу Әселдің жастық ғұмырының біршама жылдарын жалмады. Бойжеткен өміріне жағымды өзгеріс енетініне сенген. Дәл сол сенімнің «арқасында» ә дегеннен ештеңе түсіне алмады. Мұнысын жастыққа жарасатын аңғалдық дерсіз. Уақыт өте келе өзінің және жұбайының «роботқа» айналып бара жатқанын сезген ол көңіліндегі күмәнмен арпалысты. Рухани дертке ұшыра...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Бауырлас он екі мүше,

    Бір анадан туғанмен,

    Әрекеттері әртүрлі...

    Бас – ақшаға тартып,

    Аяқ – басқаға тартып,

    Әуреге салды әркімді...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Елуде еді өз жасым,

    Тыйылмады көз жасым...

    Жұмыс іздеп шығып ем,

    Киім-кешек тозғасын...

    ...
    Толығырақ...
Бүгінгінің болмысы
ОТАН АЛДЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ БОРЫШ Бүгінгі ата-ана тамыр-таныс іздеп, баласын әскерге жіберуге бейім
03.05.2012 11:19

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

Ұлттар мен ұлыстардың бір тудың астына бірігіп, мемлекет құрылған ықылым заманнан бері ел басқарушыны қорғайтын арнайы­ жауынгерлер болған. Ең алғаш­қы әскери жасақ ХІІ  ғасыр­да­ Италияда құрылған. Оның атауы – Гвардия. Бұл сөз мемлекеттік туды күзетуші жасақ деген мағынаны білдіреді. Қазақ мем­леке­ті­нің негізі қаланған тұста Жәнібек пен Керейді арнайы сарбаздар күзеткен. Кейін Есім, Қа­сым, Тәуке хандар өздерін қорғай­тын арнайы әскер ұстаған. Оған тек ақсүйек тұқымынан ғана сарбаз алынған. Олар ханның өзін және отбасын қорғау, елшілер келсе, солардың алдында жоралғылық рәсім өткізу сияқты істермен айна­лысқан. Ал еліміз тәуел­сіздік алған­нан кейін елбасын күзетіп, түрлі жоғарғы ресми шараларды өткізуге атсалысатын «Ұлан» жасағы­ құрылды. Биыл ұландықтар 20 жылдығын атап өтпек.

 
АУЫЛДЫҢ АЙБАТТЫ АРДАГЕРІ
03.05.2012 10:56

Ұлы Жеңіске - 67 жыл

Адамның жаратылысынан қанына сіңген имани қалып пен жүрек ізгілігі – оның кім екенін паш ететін ұлы қасиеттері. Ондай адамдарды өмірлік мұраттар деңгейінде ұрпаққа үлгі етіп, мәртебелеу – баршамыз үшін мерейлі міндет.

 
МАХАББАТ ДӘПТЕРІНЕН
26.04.2012 10:28

Таланттар үнемі «ауылда туып, астанада өле бермейтінін», ауылдағы қайнаған өмірдің ортасында жүріп те дарын бұлағын бұрқыратып, дарияға апарып ұластыра алатынын талай өнер иелері дәлелдеп келеді. Солардың бірі – аралдық ақын Толыбай Абылаев. «Мен ата-анамның тұңғышымын. Атымды үйдің іші толсын деп, бір жағынан атақты Толыбай батырдың есімін еншілеген болса керек. Бірақ, менен батыр шықпады, таланыма ақындық өнер бұйырды», - деп өзі айтқандай, Толыбай Абылаев 1952 жылғы 14 сәуірде Арал ауданындағы Көнебөген ауылында балықшы отбасында дүниеге келді. Содан бастап кіндігі туған жерге байланған Төкеңнің қаламынан талай жауһар жырлар ақ қағаз бетіне төгілді. Талай мәрте түрлі мүшәйра, бәйгенің алдын бермеді. Арғысын айтпағанда, 2006 жылы Жалаңтөс баһадүрге арналған мүшәйрада екінші орын алса, 2007 жылы З.Шүкіров жылы облыстық мүшәйрада бас жүлдені, былтыр облыс әкімінің «Елім менің» конкурсында бас бәйгені иеленді. «Шағала», «Арал көшіп келеді», «Аралдан соққан жел», «Арал Атлан­тидасы» жыр жинақтарының авторы, Жарасқан Әбдірашев атындағы республикалық әдеби сыйлықтың лауреаты. «Кез келген адам әкім бола алады, бірақ кез келген адам ақын бола алмайды» деп, ылғи достарына мақтанатын атағы Алатаудай арқалы ақын Толыбай Абылаев та 60 жастың асқарына шықты. Мерейтой иесін алпыс жасымен құттықтап, «қаламыңыз мұқалмасын, жұрт сүйсіне оқитын жырларың­ыз таусылмасын» дей отырып, «Махаббат дәптерінен» атты жыр топтамасы­н оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.

 
ЖАҢАШЫЛ ЖАН ҚОҒАМШЫЛ
19.04.2012 10:48

Кісілік  келбет

Жалқыдан гөрі жалпыға тән осы тақырып кейіпкер болмысын ашатыны хақ. Бір кезгі жаңашыл ұстаз Аманжол Жолмағамбетовтің құр­метті еңбек демалысына шыққаннан кейін қоғамшыл болып кеткеніне таң­ғалудың қажеті жоқ. Бұл ерекшелік астарында тағдыр төрелігі жатыр. Халық­шылдық – оның қанында бар қасиет.

Асау Сырдың Аралға ағындап келіп аптығын басқан «Дің» қолтығында әлі күнге жапырағын төгілдіріп тұрған «Бисен талы» деп аталатын нулы алаңқайға әркім-ақ қы­зыға көз тігеді. Артында мыңғырған мал емес, әмбеге­ сая болған тал қалдырған ел қадірмені Бисен ақсақал – Аманжолдың атасы, рухани сүйеніші.

 
«БІЗ ТЕК КЕҢЕС БЕРЕМІЗ»
05.04.2012 10:45

Қартаңбай Қалиянов,

Дәрілік ақпарат орталығының

Қызылорда аумақтық бөлімінің маманы:

Өткен күзде облыстарда түгел және Астана мен Алматы қалаларында республикал­ық денсаулық сақтауды дамыту орталығының базасында дәрілік ақпарат орталығы құрылды. Мақсат – халыққа емдік өнімдер хақында дәйекті ақпарат ұсына отырып, оны орынды қолдануға байланысты кеңес беру. «Бізде 23-50-27 деген тегін телефон желісі орнатылған. Ал ел көлемінде 8 800 080 88 87 нөмірлі бірыңғай желі жұмыс істейді. Ол да тегін. Жыл басынан­ бері біздің бөлімге 90-ға тарта адам хабарласты. Көбі дәріні қолдану тәсілін, тегін дәрі-дәрмектің кімдерге тиесілі екенін білгісі келеді, дәрінің әсерін медицин­а тұрғысынан дәлелдеп беруді сұрағандар да болды», - деп бастады әңгімесін осы орталықтың Қызылорда аумақтық бөлімінің маманы Қартаңбай­ Қалиянов.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 41 42 43 44 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қазан 2018 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары