Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып.

Құқық құрығы
АБАЙЛАҢЫЗ, ТЕЛЕФОН АЛАЯҒЫ!f
17.05.2012 11:10

Танымайтын біреу келіп, сізге «сіз ұтыс иеге­рі атандыңыз!» десе, қандай күйге түсер едіңіз? Іштей қуанарсыз, бәл­кім. Әлде «әзілің шығар» деп, қолды бір сілтейсіз. Ол әркімде әртүрлі. Скептиктер болса, «бұл не деген­ батпан құйрық, айдалад­а жатқан құйрық?» деп, күмәнмен қарары сөзсіз. Кейбіреулер мұндай «қуанышты жаңалықты» ұялы телефонмен жеткізуге­ асық. Өткен сенбіде Қы­зыл­орда қалалық ІІБ-на Тасбөгет қыстағының 28 жастағы тұрғыны арызданды. Өмірі көрмеген, таныс­-біліс емес адамның ұялы байланыс нөмір­леріне аямай 68 мың теңге бірлік құйыпты. Сөйтсе, екі күн бұрын ғана бейтаныс нөмірден біреу бұған «Самсунг Галакси» үлгілі ұялы телефон және үй кино­театрын ұтып алдыңыз» деп қоңырау шалып, қунатып қойған екен. Бірақ «судың да сұрауы бар» емес пе?!

Ал облыс орталығының 57 жастағы тұрғынын телефон алаяқтары қорқытып алдап түсірген. 12 мамыр күні кешке жақын «ішкі істер органының қызметкерімін» деп хабарласқан бейтаныс адам оған ұлы­ның қылмыс жасап ұс­талып қалғанын, ұялы байланыс бірлігін 50 мың теңгемен толтырса, бо­сататынын айтқан. Кейін білді, біреулер үлкен кісімен тышқан мен мы­сық боп ойнаған екен.

Жергілікті полиция басқармасы қала халқынан мұндай жағдайда 27-42-06, 27-42-08 немесе 102 телефондарына хабарласуды сұрайды.

 

Н.ШАМАУ

 
ДЕТЕКТОРДЫҢ ДЕГЕНІ КЕЛЕ МЕ?
10.05.2012 10:54

Петропавл қаласында кісінің өтірік сөйлегенін анықтап­ беретін фирма жұмысын бастады. «Фирманың жалғандық детекторы қаржы шашқандар мен күйеуінің көзіне шөп салғандарды ұстап беріп жатыр», - деп хабарла­йды КazBIN.

Жаңа бизнес иесі – Мәскеудегі поли­графология академиясының түлегі. Р.Дмитрийдің бүгінде наны жүріп тұр. Алғашқы тұтынушылары – түрлі мекеме басшылары мен қызғаншақ күйеулер. Бастықтар қол астынд­ағы қызметкерлерінің мекеме қар­жысын талан-таражға салған-салмағанын білу үшін, ал екінші топ әйелдерінің адал­дығ­ын анықтау үшін фирма қызметіне жүгініп жатқан көрінеді. Ерлі-зайып­тылардың бір-бірінің көзіне шөп салған-салмағанын анықтау қымбат тұрады – 35 мың теңге. Бірақ одан ақша аяп жатқан ешкім жоқ сияқты. Ең қызығы, балалы-шағалы адам­дар­дың қылтың-сылтыңын детектор 20 па­йызға растап беруде. Бизнесменнің айтуын­ша, жалғандықты анықтайтын құралды­ алдау­ өте қиын. Өйткені ол адамның жауап беру кезіндегі жүрек соғысы мен демалысын тіркеп отырады.

БАҚ.кz

 
БАСТЫ ҚАТЫРҒАН – «БІРТҮРЛІ» БАПТАР
03.05.2012 11:27

Тәртіп тепкіні

Соттың шешімін соңына жеткізуде қолбайлау көп. Әуелі кадр жетіспейді. Екіншіден, заңның кей сөзі бір-біріне қайшы. Заңгерлердің өзі оны түсініп болмайды. Бір емес, үш бірдей сот орындаушысының­ тәртібін қараған тәртіптік кеңес мүшелерінің өзі кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін білмей басы қатты бұл жолы.

 
ЖАЗЫҚСЫЗҒА ЖАЛА ЖАПҚАН ПОЛИЦЕЙ ЖАЗАЛАНДЫ
03.05.2012 11:11

Жазығы жоқ адамды ұрып-соққан полиция капитаны­ бір  жарым жылын түрмеде өткізетін болды.

«Милиция – менің қорғаным» деген сөздің қиюы қашты бүгінде. Біздің баян етпегіміз – соның бір мысалы. Қызылорда облыстық ішкі істер департамен­тінің жедел уәкілі А.Сейітжаппаров өзі жұмсаған жұдырықтың айналып кеп иесін «табатынын» сезбеген­ де сияқты. Оқиға былтыр шілдеде облыс орталығында­ болған. «Болашақ» университетінің тұсынан өтіп бара жатқан шиелілік Ә.Нұрымовты погон таққан біреу тоқтатады. Өзін «полиция қызметкерімін» деп таныс­тырған соң оны Қорқыт ата көшесіндегі қабылдау және реттеу орнына ертіп әкетеді.

 

 
БІЛІМ МЕН БІЛІК СЫНҒА ТҮСПЕК
03.05.2012 11:07

Қызылорда облыстық прокуратурасы органдарының 127 жедел қызметкері сынақтан өтуге дайындық үстінде. Оның ішінде 20 жылдан бері осы салада жүрген қызметкерлер де, жаңа лауазымға кемінде бір жыл бұрын тағайындалған жас мамандар да бар.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 91 92 93 94 95 96 97 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Мамыр 2020 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары