Өзекті мәселелер

  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Арнайы  бетіміздің  тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен  сұхбаттасудың  сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәти­жесі­нде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, бол­мысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымш­а, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...

    Толығырақ...
Құқық құрығы
КАФЕДЕ ҚАРУ КЕЗЕНГЕН КОМАНДИР
05.04.2012 11:04

Соттың  соңғы  сөзі

Қармақшы аудандық соты 2012 жылғы 23 ақпанда Қармақшы ауданы және Байқоңыр қаласы бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасы полиция взводының командирі Ерболат Раис­овтың бас бос­тан­дығын 3 жылға дейін шектеу жөнінде үкім шығарды.

Оқиға былтыр қа­рашаның 24-інде бол­ған. «Бар жаманшылықтың бастауы – арақ» деген рас-ау, осы... Облыстық прокуратураның мәліме­тінше, Е.Раисов Жосалы кентіндегі «Думан» кафесінде Е.Кобжанов есімді танысымен отырып, қатты «сілтеп» жіберсе керек. Ішім­дік­тің қызуы қойсын ба, екеуі одан шығып, «Мағжан» кафесіне қарай тартады. Кафеге кірген бетте­ Е.Раисов қарсы жолы­ғысқан Б.Утжановты ұрмақ болады. Әйтеуір, Б.Утжанов бұғып қалып, соққыны өзінен өткізіп жіберген. «Арақ бар ма?» деген сұрағына сатушы А.Сарбалова кафеде арақ сатылмайтынын айтып, «Есікті жабамыз» деп жауап­ берген. Бұл «жігіт­тік намысына» тіпті қат­ты тиіп кеткенге ұқсайды. Е.Раисов кафенің кіреберіс бөлмесінде «ПМ-9» модельді қызметтік тапаншасын белі­не тағылған кобурадан шығарып, қаруланып алып, қайтадан ішке кіреді. Онда сыра ішіп отырған Қ.Әбенов, О.Камулов және Е.Сырмановтарға себепсіз тиісіп, тапаншасын оқтап, көңіл кө­теру  орнының төбесіне­ қарата бір рет оқ атып, көпшіліктің зәре-құ­тын қашырған. Екіншісінде терезені көздеп, быт-шытын шығарады.

Құқық қорғау органы қызметкерінің қылмыс жасауы қоғамдық сілкініс туғызарлық себеп­ екені белгілі. Е.Раис­овтың ісін тергеу және қарау кезінде осы жағы назарда болды.­

Н.ШАМАУ

 
Теміржол төңірегіндегі «ЕСЕПТЕН ЖАҢЫЛЫСУ»
29.03.2012 15:08

«Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» заң талаптары Қызылорда көлік аймағындағы мекемелерде қалай сақталуда?

Бұған жауап іздеген көлік прокурорлары жұмысшыларға экологиялық қолайсыз аймақтарда тұ­руына байланысты тиісті өтемақылар сомасының дұрыс есептел­мегенін анықтады. Заңның 3, 4-баптарына сәйкес Арал мен Қа­залы аудандары эко­логиялық апат аймағы, ал аудандардың қал­ғаны, сосын Қызыл­орда мен Байқоңыр қалалары экологиялық дағдарыс аймағы саналады. Талдау қорытындысы көрсеткендей, жұмыс берушілер Арал аймағының экологиялық қолайсыз аудан­дарында тұрғаны үшін экологиялық төлемдерді пойыздар қоз­ға­лысымен тікелей байланысты жұмысшылар үшін белгіленген І разрядтың сағаттық тарифтік ставкасы тұр­ғысынан есептеген.

 

 
ӘКІМ һәм заңсыз ӨКІМ
22.03.2012 18:41

Байқоңыр қалалық прокуратурасына қала тұрғындары А.Қадырханова мен Г.Тұрманова Төретам кенті әкімшілігі тарапы­нан еңбек құқықтарының бұзыл­ғаны жайында арызданған-ды. Арыз негізсіз емес екен.

Кент әкімшілігінде Г.Тұрманова 2004 жылдан, ал А.Қадырханова 2010 жылдан бері еңбек етіп келіп, осы қаңтар айының 5-інде жұмыстан заңсыз босатылған. Аппар­атта келісімшартпен жұмыс істеп жүргендердің еңбек шарттарын қайта қарау жөніндегі әкімнің 05.01.2011 жыл­ғы өкімі бойынша аталған салықшы маманд­армен қайтадан шарт жасалып, мерзім 31.12.2011 жылға деп бекітіліпті. Еңбек Кодексінің 54-бабының 1-тармағының 3-тармақшасын негізге алған кент басшысы келісімшарт мерзімінің одан әрі ұзартылмайтынын хабарлап, ескертпе хат бергеннен кейін, әлбетте, Г.Тұрманова мен А.Қадырханова орындарынан кеткен. Бірақ оларды қызметтен бұлай босату заң талаптарына мүлдем қиыспайды. Еңбек шарттары белгілі бір жұмыстың орындалу, жұмыста уақытша бол­маған қызметкерді ауыстыру,  маусымдық жұмысты орындау уақытына қарай жасалмаған­. Оның үстіне, қолданылу мерзiмi аяқталған кезде­ тараптардың бiрде-бiрi тәулiк iшiнде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпег­ен.

Осыған орай қалалық прокуратураның наразылығымен кент әкімінің Г.Тұрманова мен А.Қадырханованы жұмыстан босату туралы өкімдерінің күші жойылып, қорытындысында екеуі де қайтадан өз жұмыстарына қабылданды.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 
ҚУТАҚЫМ ТIРЛIКТЕГI ҚҰЛҚЫННЫҢ ҚАМЫ
15.03.2012 10:57

Былтыр елімізде 206 801 қылмыс дерегі тіркелген. Бұл алдыңғы жылғыдан 56,8%-ға артық. Статистика агенттігінің мәлімдеуінше, қылмыс жасаған 83 703 адамның 12,4%-ын әйелдер құрап отыр. Қутақым тір­лікте жанталасып жүріп жаза басқ­аны үшін жыл сайын орта есеппен 36-37 мың адам, соның ішінде 3-4 мың әйел сотталады екен. Тағы статистикаға көз жүгіртеміз. Өткен жылы, мысалы,­ 3 172 болды. Олардың 1 010-ы бас бостандығынан айрылса­, 992-сіне шартты жаза тағайындалған. 422 әйелдің ашу үстінде, 2-еуінің «шегіп алып» қылмыс жасағаны анықталды. Басым көпшілігі, яғни 2 174-і жұмыс істемейді, енді біреулері өз бетінше нан пұлын тауып жүрсе керек. Мемлекеттік және лауазымды қызмет тізгінін ұстағандар да аз ұшыраспайды. Өрімдей оқушы һәм студент қыздарға дейін өз болашақтарына балта шауып жатыр. Өкініш­ті-ақ. Білім дәрежесіне қарай сараласақ: 764-і – жоғары,  523-і – орта арнайы, 1 568-і – орта білімді.

 

 
МАЗАСЫ КЕТКЕН МЕКТЕПТЕР
15.03.2012 10:46

Жаңақорғандағы №3 мектеп-интернат пен №51, 56, 167 орта мектептердегі санитарлық жағдай­  сын көтермейді. Мұны аудандағы білім саласының 2010-2011 оқу жылындағы аужайын СЭС мамандарымен тізе түйістіре отырып бажайлаған прокурорлар анықтады.

240 орынға шақталған кенттегі №3 мектеп-интернатта бүгінгі күні 359 оқушы білім алуда: 169-ы – әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасындағы, ал 9-ы – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Олардың құқықтары сақталып отырмағаны да осы тексеру кезінде белгілі болды. Парталардың әбден тозығы жеткен, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келмейді. Жатын бөлмелердегі кереуеттер ауыстыруды қажет етеді және  4 балаға арналған кей бөлмеде 6-8 баладан жатыр. Оқу бөлмелері де тар. Сыныптардың көбінде 25-39 оқушыдан бар, кейбірінде бір партада 3 оқу­шыдан отырады. Су құбырлары шіруге қарапты, жеке бас тазалығы үшін асхананың оң жағында қолжуғыштар орналасқан, ал раковиналары шұрық-тесік. Балалар тамақтанатын екі залдағы орындықтар жарамсыз күйде, ыдыс-аяқты жаппай жаңаламаса болмайды. Тағысын тағы, осындай олқылықтар жетіп артылады.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 91 92 93 94 95 96 97 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары