Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып.

Сергек
ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ (Ел біріншілігі, қр кубогы ойындары) Бірінші айналым
01.03.2012 11:16

6 наурыз (сейсенбі)

Қазақстан суперкубогы.

Шахтер (Қарағанды) – Ордабасы (Шымкент)

1-тур, 10 наурыз (сенбі)

Ертіс (Павлодар) – Шахтер (Қарағанды)­

Тобыл (Қостанай) – Қайрат (Алматы)­

Оқжетпес (Көкшетау) – Ақжайық (Орал)

Атырау (Атырау) – Ордабасы (Шымкент)

Астана (Астана) – Тараз (Тараз)

Сұңқар (Қаскелең) – Жетісу (Талдықорған)­

Қайсар (Қызылорда) – Ақтөбе (Ақтөбе)­

2-тур, 18 наурыз (жексенбі)

Шахтер – Ақтөбе

Жетісу – Қайсар

Тараз – Сұңқар

Ордабасы – Астана

Ақжайық – Атырау

Қайрат – Оқжетпес

Ертіс – Тобыл

3-тур, 25 наурыз (жексенбі)

Тобыл – Шахтер

Оқжетпес – Ертіс

Атырау – Қайрат

Астана – Ақжайық

Сұңқар – Ордабасы

Қайсар – Тараз

Ақтөбе – Жетісу

4-тур, 1 сәуір (жексенбі)

Шахтер – Жетісу

Тараз – Ақтөбе

Ордабасы – Қайсар

Ақжайық – Сұңқар

Қайрат – Астана

Ертіс – Атырау

Тобыл – Оқжетпес

5-тур, 8 сәуір (жексенбі)

Оқжетпес – Шахтер

Атырау – Тобыл

Астана – Ертіс

Сұңқар – Қайрат

Қайсар – Ақжайық

Ақтөбе – Ордабасы

Жетісу – Тараз

6-тур, 15 сәуір (жексенбі)

Шахтер – Тараз

Ордабасы – Жетісу

Ақжайық – Ақтөбе

Қайрат – Қайсар

Ертіс – Сұңқар

Тобыл – Астана

Оқжетпес – Атырау

7-тур, 22 сәуір (жексенбі)

Атырау – Шахтер

Астана – Оқжетпес

Сұңқар – Тобыл

Қайсар – Ертіс

Ақтөбе – Қайрат

Жетісу – Ақжайық

Тараз – Ордабасы

8-тур, 29 сәуір (жексенбі)

Шахтер – Ордабасы

Ақжайық – Тараз

Қайрат – Жетісу

Ертіс – Ақтөбе

Тобыл – Қайсар

Оқжетпес – Сұңқар

Атырау – Астана

9-тур, 6 мамыр (жексенбі)

Астана – Шахтер

Сұңқар – Атырау

Қайсар – Оқжетпес

Ақтөбе – Тобыл

Жетісу – Ертіс

Тараз – Қайрат

Ордабасы – Ақжайық

10-тур, 12 мамыр (сенбі)

Шахтер – Ақжайық

Қайрат – Ордабасы

Ертіс – Тараз

Тобыл – Жетісу

Оқжетпес – Ақтөбе

Атырау – Қайсар

Астана – Сұңқар

16 мамыр (сәрсенбі)

Қазақстан кубогы, іріктеу кезең

11-тур, 20 мамыр (жексенбі)

Сұңқар – Шахтер

Қайсар – Астана

Ақтөбе – Атырау

Жетісу – Оқжетпес

Тараз – Тобыл

Ордабасы – Ертіс

Ақжайық – Қайрат

12-тур, 27 мамыр (жексенбі)

Шахтер – Қайрат

Ертіс – Ақжайық

Тобыл – Ордабасы

Оқжетпес – Тараз

Атырау – Жетісу

Астана – Ақтөбе

Сұңқар – Қайсар

13-тур, 16 маусым (сенбі)

Қайсар – Шахтер

Ақтөбе – Сұңқар

Жетісу – Астана

Тараз – Атырау

Ордабасы – Оқжетпес

Ақжайық – Тобыл

Қайрат – Ертіс

20 маусым (сәрсенбі)

Қазақстан кубогы 1/8 финал (бірінші кездесу)

 
«ҚАЙСАР» жаңа маусымға тас-түйін дайын
01.03.2012 11:14

Бес күннен соң футболдан ел біріншілігінің шымылдығы түріледі. Қазір премьер-лигада өнер көрсететін 14 ұжым жаңа құрамдарын жариялауда. Сыр өңірінің намысын қорғайтын «Қайсар» командасы да бірнеше шетелдік аяқдопшылармен келісімге келді.

 
АЙМАҚТА КОМАНДАЛЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ КЕНЖЕЛЕП ТҰР
16.02.2012 10:28

Апта басында Қызылорда облыстық туризм, дене шынықтыру­ және спорт басқармасының бастығы С.Мұстафаев БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Онда облыстың спорт саласы қай деңгейде дамып келе жатқан­дығы талқыланып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспары таныстырылды.

Сыр спортының беделі өткен жылы Париж төрінде үшінші мәрте әлемді бағындырған Илья Ильиннің ерлігімен айшықтала түскендігі мәлім. Бұған қоса алғаш рет Сарыарқа төрінде ұйымдастырылған төл күрестен «Қа­зақстан барысы» атанған Ұлан Рысқұлдың да жетістігін ерекше атап өтуге тұрарлық. Негізі аймағымызда спорттың қай түрінен болмасын, әлемдік деңгейде атой салып жүрген спортшылар жеткі­лікті. Оларды жеңіске жетуге жігерлендіре түсу үшін толық жағдай жасалуы керек. Біздің өңірде бұл күрмеуі қиын мә­селе болатын. Тек соңғы жылдары спортқа деген көзқарас жақсарып, салаға қомақты қаражат бөлінді. Соның нә­тижесінде спорт алаңдарының да қатары күн санап көбейіп келеді.

- Спортқа деген құмарлық баланың мектеп жасында оянады. Олар достарына еріп, әртүрлі спорт секцияларына қатысады. Қайсысында жағдай жақсы жасалса, сонда баланы­ң қарасы көп болатыны заңды. Бұл бағытта бір­қатар спорт нысандарын қайта жөндеуден өткіздік. Өткен жылдың өзінде 100-ге жуық жасанды төсеніші бар ойын алаңдары салынды. Алдағы­ екі жылда тағы 142 алаң салынады,- дейді басқарма бастығ­ы С.Мұс­тафаев.

Жасыратыны жоқ, ойын алаңдары бой көтерісімен көп уақыт өтпестен істен шығып қалып жатыр. Бұл, әрине, халықтың немқұрайлығынан. Бір жағынан қадағалау жоқ. Ойын баласының жауапсыздығынан жасанды төсеніштер жыртылып, қоршаулар ерте тозып жатыр­. Басқарма басшысы салын­ғ­ан спорт нысандарына тұрғындардың өз дүниесіндей қарау қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ бұл аулаларға бас-көз болуды­ мектептерге жүктеу жағы да  қарастырылып  жатыр  екен.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында өткен жылы мем­лекеттік тапсырыс негізінде 86775 мың теңге қаржы қаралған. Нәтижесінде 244 адам спорт нұсқаушысы болып 127 елді мекенде жұмыс жасады. 30960 адам тұрақты түрде спортпен шұғылданды. Екі жыл бұрын сергектікті серік еткендер 18,8 пайызды құраса, өткен жылы бұқаралық спортқа бет бұрғандар 20,9 пайызға жетті. Үстіміздегі жылы олардың қатары 22 пайызға жеткізу межеленіп отыр. Аймағымызда командалық спорт түрлері кенжелеп қалғанын да жасыра алмай­мыз. Тек «Сейхун КАМ ҚМУ» гандбол клубын айт­пағанда. Олар ел біріншілігін­де жүлделі орындардан көрі­ніп жүр. Баскетболдан мүлде команда жоқ екені белгілі. Ал волейболдың жағдайы да көңіл көншітпейді. «Қайсар» футбол клубының да жетістігі мақтанарлықтай емес. Дегенмен, команда бюджеті премьер-лигадағы ұжымдарға қарағанда ең төмендігіне қарамастан өткен жылы 8-сатыға тұрақтады. Биыл «Қайсарға» 559 млн. теңге қаржы қаралып отыр. Қазіргі таңда Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан жерлестерімізге қандай міндет жүктелетіні алдағы уақытта белгілі болады. Биыл­ғы жылдың басты бәсекесіне баланатын Лондон Олимпиа­дасы өтеді. Әзірге тұманды Альбионда өнер көрсетуге екі жерлесіміз жолдама алды.

- Лондон Олимпиадасына қатысуға құқық беретін қоржында әзірге екі жолдама бар. Оның бірін еркін күрестен Дәулет­ Ниязбеков еншілесе, екіншісін ауыратлет Илья Ильин жеңіп алған болатын. Кем дегенде тағы үш жолдама еншілеуге мүмкіндігіміз бар, - деді басқарма бастығы.

 
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ҮШIН ҚАНША ҚАРЖЫ ҚАЖЕТ?
09.02.2012 10:07

Cоңғы жылдары Сыр елінде бұқаралық спортқа бетбұрыстың артқандығы байқалады. Дегенмен, бұқараның сергектікті серік етуіне әлі де жағдай толық жасалған жоқ. Мәселен, облыс орталығында санаулы ғана спорт кешені бар. Бірақ олардың қызметін пайдалануға қарапайым халықтың мүмкіндігі жоқ. Солардың бірқатарын аралап, дене шынық­тыру үшін қанша қаржы керек екендігін бағамдап көрдік.

Халық жиі бас сұғатын «Евразия» мәдени спорт кешенінде жүзу бассейні­нің қызметі үшін 12 жасқа дейінгілер бір сағатқа 200 теңге төлеуі қажет болса, 16 жасқа дейінгілер - 300, ал үлкендер 600 теңге төлейді. Жаттығу залында дене шынықтыру сағатына 500 теңге болса, боулинг ойнау үшін 1000 теңге төлейсіз. Бұлардан өзге аталмыш кешенде футбол, гандбол ойнауға, ролик, коньки тебуге мүмкіндік қарастырылған.

- Жүзу бассейніне күніне 850 адам келсе, жаттығу залына 595 адам, боулинг орталығының қызметін 132 адам тұрақты­ пайдаланады. Кешенде жылына 650 880 адам түрлі секцияларға қатысады. Жалпы,­ спорт кешеніне келетіндер саны бұрын­ғыдан екі есеге артты, - дейді коммерц­ия бөлімінің бастығы Ділдагүл Тілеубаева.

Облыс орталығында жаңадан ашылған теннис орталығы айына жасөспірімдерге 7000 теңгеден, ересектерге 12000 теңгеден бастап қызмет көрсетеді. Ал, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ спорт кешені аталған компания қызметкерлерінің балаларына ақысыз қызмет көрсетсе, қарапайым жұрт ақылы түрде денесін шынықтыра алады.

Міне, көріп отырғанымыздай, әлі де болса қарапайым халықтың арнайы жабдық­талған спорт кешендерінде жаттығуға мүмкіндігі жоқ. Тапқан табыс­тары шайлығынан аспайтын қарапайым халық денесін шыңдауға спорт ғимараттарына барады деу қисынға келмейді.

Сара  ОМАРОВА,

ҚМУ-дің студенті

 
ОТАНДЫҚ ФУТБОЛ қашан төрт аяғын тең басады?
26.01.2012 10:52

Әлемдегі нөмірі бірінші спорт түріне баланатын футбол туралы сөз қозғағанда, “әншейінде ауыз жаппас, той дегенде өлең таппасты­ң” керін киетініміз жасырын емес. Отандық футбол өрге баспай тұр деп дабыл қаққанымызбен, еш нәтиже шығар емес.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 71 72 73 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары