Өзекті мәселелер

  • 24.05.18

    «Ауру – астан». Алайда біздегі білім ордаларындағы асханалардың жай-күйі біраз жайттың бетін ашып бергендей. 18 мамырда Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылдық округіндегі №192 орта мектептің асханасынан тамақтанған 25 оқушы уланып қалды. 21 балаға алғашқы медициналық жәрдем көрсетілсе, 4-еуі аудандық ауруханаға жеткізілген. Ақ халаттылардың айтуынша, эпидемиологиялық ...

    Толығырақ...
  • 24.05.18

    Сыбайлас жемқорлық – қоғамның жегі құрты. Онымен күрес барлық уақытта да маңыздылығын жолғалтпаған. Соңғы кезде қанатының кең жайылып кетуінен қауіптенген еліміз оның тамырына балта шабу үшін жаңа стратегиялар қабылдап, үзіліссіз күрес жүргізіп келеді­. Тіпті 2017 жылы Елбасына  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамасы» ұсынылған болатын. Онда әлеуметтік зерттеу қорытындыла...

    Толығырақ...
  • 24.05.18

    Қашанда таланттыларды  тасада  қалдырмаған  қазақ  тағы бір өнерлі ұлын ұлықта­ды. Сыр елі ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор Батырхан Шөкеновті еске алуға арналған ау­қымды шара ұйым­дастырды.

    Бұл жолғы сән-салтанат пен халық құрметі айрықша есте қалды. Себебі кейбір сарсаңға са­латын «көпсөзді» жиынға  барудан шаршаған жұртшылық  көңілді кон­церт­ке  келіп, рухани демалыс ...

    Толығырақ...
  • 24.05.18

    Жоғарыда аталған тақырыпқа орай жастар арасында­ сауалнама жүргіздік. Бірі былай тартады, енді біреуі былай тартады. Пікірлер сан алуан. Расымен, сөз байласып жүрген жастардан бұрын, біраз жыл бірге тұрып, ажырасып кететін отбасылар да аз емес. Сенімге селкеу, сыйластыққа сызат түсіп, сүйгеніне берген сертін бұзатын білектілер мен бұрымдылар баршылық. Қос ға...

    Толығырақ...
  • 24.05.18

    КІСІНЕГЕН   КІСІ

    Сықақшы

    Ғаббас  ҚАБЫШҰЛЫНА

    Толығырақ...
Сергек
ЖЕҢІЛІССІЗ СЕРИЯ ЖАЛҒАСА МА?
24.05.2018 10:24

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының  алғашқы айналымы өз  мәресіне  жетті. Наурыз  айында  басталған  ел біріншілігінде “Қайсар” 11 кездесу өткізді. Оның 2-еуі жеңіс, 5-еуі тең және 4-еуі ұпай жоғалту ойыны болды.  Осы аралықта соғылған гол – 8, жіберілген гол саны 9 болып отыр. Айтпақшы, “қас­қырлар” соңғы 5 тур бойына гол жібермей әрі жеңілмей келе жатыр. Орайы келгенде айта кетейік, жерлестеріміз 2008 жылы 4-7-тур аралығында 4 ойында қатар жеңіске жеткен болатын.

 
СИМУЛЯЦИЯ ЖАСАУ – ФУТБОЛДАҒЫ ҚУЛЫҚ
17.05.2018 10:00

Тоқтар  ЖАҢҒЫЛЫШБАЙ,

“Қайсар” ФК-ның  шабуылшысы:

 

ВКонтакте желісінде “Қасқырлар|ФК Кайсар Кызылорда” парақшасы жұмыс істейді. Қызылорданың басты клубы “Қайсардың” жаңалықтарын жариялауда, қиыншылығына төзіп, қуанышына ортақтасуда шығармашыл топ алдына жан салмай келеді. Аталмыш парақшадағы “Футболшыға сұрақ” айдары облыс намысын қорғайтын аяқдопшылармен сәтті сұхбат жасап, оқырман қауымды толғандырған сұрақтарға үздіксіз жауап іздеп келеді.

 
Тең ойынмен тірнектеп жиналған ұпай
03.05.2018 10:38

Футболдан ел бірін­шілігінің 7-тур ойын­да­рында Қызылорданың “Қайсары” өз алаңында Шымкенттің “Ордабасы” клубын қабылдады. Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионның қосалқы алаңында басталған ойын жергілік­ті клубтың басымдығымен өтті деуге толық негіз бар. Ойын алдында Астана қаласында Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан Кәсіпқой футбол­ лигасының шұ­ғыл жиналысы өткен болат­ын. Онда Премьер-лиганың “Қайсар”-“Ор­даб­асы” матчының бас төрешісіне белгісіз тұл­ғалар  тарапынан  қысым көрсету  әрекеті  қаралды. Осы  оқиғаға  байланысты  ойынның  бас төре­шісі Алексей Бобровтың орны­на FIFA төрешісі Денис­ Лобашовты қою жөнінде шешім қабылданды. Бұл жағдай бо­йынша Қызылорда об­лысының Ішкі істер департаментінде қылмыстық  іс қозғалды.

 
ҚАЙРАТЫ ҚАШЫП, ҚАЙСАРЛЫҒЫ ЖОҒАЛДЫ
26.04.2018 10:03

Футболдан  ел чемпионатының  6 тур ойындары да аяқталды. Бұл жолы жергілікті “Қайсар”­  футбол  клубы Алматының орталық алаңында “Қайратқа” қарсылас атанды. Бұған дейін “Ақжайық”, “Ертіс” секілді клубтармен өз алаңында тең ойнап, “Ақтөбеден” жеңілсе, түзде “Астана” мен “Жетісуға” жол берген болатын. Осылайша, 2 ғана ұпайды қанағат еткен ұжым турнирлік кестеде тым төменде тұрған еді. Десе де, қайсарлығынан тайған “Қайсарды” қолдауды жанкүйерлері бір тоқтатқан емес.

 
ЕЛУ ЖЫЛДА – ЕЛ ЖАҢА
19.04.2018 10:43

Биыл – “Қайсардың” 50 жылдық мерейтойы. Қызылорданың басты клубы саналатын команд­а аталмыш­ датаға әзірлігін бастап та кетті. Бір жағынан мерейтойын кең көлемде тойлауға қамданса­, жақсы ойын көрсетуге­ де тырысып жатқандай. Бір қызығы, осыдан тура 50 жыл бұрын құрылған­ клуб алғашқы кездесуін 14 сәуірде өткізіпті. Биыл “қасқырлар” ел біріншілігінің 5-турында дәл осы күні өз алаңында Павлодардың “Ертісін” қабылдады.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары