Өзекті мәселелер

  • 15.08.19

    Қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Бұған дейін мәжіліс залында ине шаншар орын болмайтын. Бұл жолы орын бос болды. Шамасы, ақжағалылар тамылжыған тамызда тынығуды жөн санаса керек. Жә, бастысы, ол емес.
    Аппарат мәжілісінде екі мәселе таразыға тартылды.

  • 15.08.19

    Өткен аптада Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылдық округінде қарбыз шырынын шығаратын цех алғашқы өнімін сынақтан өткізді. «Енді Жайылмада қарбыз кластері дамиды» дейді білетіндер. Лайым солай болғай! Естеріңізге салайық, осыдан тура 6 ай бұрын өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сүйінші жаңалықты Жаңақорған ауданының әкімі  Ғалым Әміреев бірінші болып жеткізген-ді. Сол кезд...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Жасыратыны жоқ, қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандардың көп нәрсеге мүмкіндігі жоқ деген қате пікір әлі де бар. Алайда әр пенденің бұйыратын өз несібесі бар. Біреудің қолынан келмеген іс екінші адамның қолынан тууы мүмкін. Сол секілді айналадағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбекпен жетіп жатқан жұмыстарына қолдау көрсетіп, шынайы баға беруді міндет санағанымыз жөн. Сондай өмірге құштар, ...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Кәсіпкерлік дамыса, еліміз де өркениетке өрлейді. Жұмыссыздық азаяды. Нарық халыққа қажеттіні қамтиды. Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерлерге қолдауды арттырды. Іскерлік мүмкіндігін молайтты. Солардың қатарында сырдариялық тұрғындар да мемлекеттік бағдарламаның игілігін көруде. Мұны облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы  мен ...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Сәрсенбінің сәтті күнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Әкімовтың қатысуымен брифинг өтті. Бір ерекшелігі, Олжас Азатұлы қашанда өзімен бірге спорттың әр түрінде жеңімпаз атанып, ел намысын қорғап жүрген қызылордалық өрендерді баспасөз мәслихатына  ертіп әкеліп, БАҚ өкілдерімен бетпе-бет жүздестіреді, кері байланыс орна...

    Толығырақ...
Сергек
ЕКІНШІ РЕТ ЕСЕ ЖІБЕРДІ
21.03.2019 08:10

Футболдан ел біріншілігінің 2-туры өз мәресіне жетті. Бұ жолы «Қайсар» өз алаңында Талдықорғанның «Жетісуын» қабылдады. Жалпы, қос команда бұған дейін өзара 37 рет кездескен. Оның 16-сында қызылордалықтар басымдық танытса, 14-інде талдықорғандықтар жеңіске жеткен. Ал, 7 ойын тең аяқталған. Доп айырмасы – 39-38.

 
«ҚАЙСАР» ӨТКЕНДІ ҚАЙТАЛАДЫ
14.03.2019 10:25

Көптен күткен ҚПЛ ойындары да басталды.  9-10 наурыз күндері биылғ­ы маусымның ал­ғашқ­ы ойындары өтіп, ел күткен де, ең күтпеген нәтиже де таблоға жазылып жатты. Былтыр да солай болған. "Қайсар" ойыншылары 2018 жыл­ғы маусымды өз алаңындағы сәтсіздікпен бас­тағаны ел есінде шығар. Қосалқы құрам ойын­шыларынан жасақталған "Ақтөбе" Қызылордада жерлестерімізді 1:0 есе­бі­мен тізе бүктіріп кеткен еді. Биыл да бірінші айналымның бірінші ойынында  батыстық ұжымды  қабылдады. "Қайсардың" ерекше басым бол­ғанына  қарамастан, "Атырау" ойын соңына дейін бір гол  айырмасын сақтай алды.

 
ӨЗ ДӘУІРІНІҢ ҮЗДІК ФУТБОЛШЫСЫ
07.03.2019 10:50

Өткен жазда бүкіл әлемде, соның ішінде футбол әлемінде күтпеген жағдай болды. Ғаламдық жұлдыз, Португалия ұлттық құрамасының капитаны Криштиану Роналду мадридт­ік «Реалдан» туриндік «Ювентус» сапына­ ауысты. Бұл жағдай миллиондаған жанкүйерлерді есеңгіретті.

 
«ҚАЙСАРДЫҢ» ҚАДАМЫ ҚУАНТТЫ
01.03.2019 12:08

«Халық» газетінің №1 (956) санында «Жейдеге латынша жазуға тал­пынса...» деген тақырыпта мақала жазыл­ған болатын. Ондағы мақсат – ҚПЛ клубтары үшін маңызсыз саналатын төл дыбыстарымыздың (ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө, һ) қолдану аясын кеңейту, тіліміздің ырғағын сақтау. Өткен аптад­а жергілікті «Қайсар» футбол клубы басшылығының осы мәселе төңірегіндегі шешіміне риза болыстық. Иә, 2019 жылғы ел біріншілігін біздің «қасқырлар» латын қарпімен жазылған жейдемен бастайды. Қуануға тұрарлық жаңалық. Өйткені, бұл – тарих!

 
«ҚАЙСАР» ЫРЫМ ЕТЕДІ...
14.02.2019 10:15

ҚПЛ ойындарына жеребе тарту рәсіміне «Қайсардың» спорттық директоры Талғат Сыздықов қатысты. Және ол себеттен бірінші нөмірді таңдады. Бұл – күнтізбеде әр тур сайын «Қайсар» бірінші тұрады деген сөз.

Жақсы ырымы қырын кетпеген халықта­нбыз ғой. Иә, «экс-қасқыр» әрі бүгінгі күні «Қайсар» футбол клубы сапын­да басшылық құрамда отырған Талғат  Сыздықовтың  қолына ілінгені 1 саны болды деп жатырмыз. «Жақсы сөз – жарым ырыс». Әлбетте, біз мұны жақсылыққа балаймыз. №1 деген жағым­ды естіледі емес пе? «Түйе сұрасаң, бие береді» деген ғой. Бастысы, бізде сенім мен үміт бар. Ал, үміттің ойын басталмай жатып болатынын және ең соңында ғана өшетінін ұмытпаймыз.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Тамыз 2019 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары