Өзекті мәселелер

  • 16.08.18

    2018 жылдың 2 тамызында «Халық» газетінің №30 санында жарияланған «Талдардың күйі тайып­ барады?» тақырыбындағы мақалаға орай Әйтеке би кенті әкімі аппараты төмендегі ақпаратты ұсынды.

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі­нің Су ресурстары комитеті Сырдария өзеніндегі су шаруашылығы жағдайының өзгеруіне байланысты­ Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысын...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Топырағымыз құнарсыз, сор болса да, аймағымызда есірткі өсімдігін өсіру өршіп тұр. Қарапайым өсімдікке қолайсыз табиғаттың нашаға келгенде өте қолайлы болғанын қарасаңызшы! Нәтижесінде, жыл сайын есірткі түрлерін егу азаймай келеді. Соған сәйкес бұл бизнеспен айналысатын қаскөйлер де көбейіп барады. Өйткені Қызылорданың топырағында өскен есірткінің күштілігі Шудағы жабайы анашадан ...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры жақында ғана Шотландияның Эдинбург қаласында өткен “Фриндж” (“Fringe”) халықаралық өнер фестиваліне қатысып қайтты.­ Аталмыш халықаралық фестиваль 1947 жылдан бастап жыл сайын тамыз айында ұйымдастырылып келеді. Әлемдегі ең жоғары деңгейде өтетін өнер сайыстарының бірі. Биылғы өнер иелерінің додасына әлемнің 50 мемлекетінен 50000 ө...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Қайран дүние, көрген түс­тей, сонау балдәурен бала күнімізде еліте тыңдаған әдемі ертегідей өтті де кетті ғой мына өмір. Иә, әлгі ерте­гі демекші, қазіргі таңда қария жасына жетіп, енді немер­елеріміз оқып беріп жүрген ертегілерді естіге­ні­мізде анау ақбоз атқа мініп, бойжеткен қызға келетін ханзадаға кездесуді келешегінен нәзік үміт күткен әрбір ару аңсай арман­дайды  екен-ау. Енді бүгін өтке...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Биыл Елбасының «Әлеуметтік бес бастамасының» арқасы­нда жас түлектерге арнайы қосымша 20 мың грант бөлінді. Бұл  керемет  жаңалық­қа  бөріктерін  аспанға  лақтыр­ған ата-ана, талапкер қалмаған шығар. Хош, бұл бастаманың нәтижесіне таяу күндері 20 мыңдық грант иелерінің тізімі анықталғанда бір қуанармыз. Десе де, әңгіме басқада... Жалпы, жастардың қатары жұмыссыз жүргендердің ішінде 90 пайызды қ...

    Толығырақ...
Сергек
СЫРТ АЛАҢДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢIС
17.05.2012 10:49

Футболдан ел біріншілігінің Х турында қызылорданың «Қайсары» Атырауда қонақта болып, жергілікті коман­даны бір гол айырмашылығымен жеңді.

Ойын басталысымен алаң қожайындары басымдықты қолдарына алғысы келді. Бірақ оған қайсарлықтар мүмкіндік берген жоқ. Керісінше, бірінші болып есеп ашуға ұмтылыс жасады. Алғашқы қауіпті соққыны Евгений Шмаков бағыттаған. Бірақ доп қақпа маңдайшасынан серпілді. Алаң иелері Владимир Буач пен Тарас Данил­юктің қатысуымен қарсы жауап берді. Бірақ «Қайсардың» қақпашысы Неманья Джоджо өз орнынан табылды.

 
КУБОК КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?
17.05.2012 10:34

Осы аптаның сенбісінде футбол сүйер қауымның назары Мюнхенге ауады. Онда жылдың басты бәсекесі Чемпиондар Лигасының ақтық сыны өтеді. Биыл 57-ші мәрте сарапқа салынғалы отырған кубокты төбелеріне көтеру үшін «Бавария» мен «Челси» өзара шеберлік байқасады.

 
ТОП ТІЗГІНІ - «ТОБЫЛДА»
10.05.2012 10:35

Ел біріншігінің 9-турында Қызылорданың «Қайсары» көш соңындағы Көкшетаудың «Оқжетпесін» қапы қалдырып, маусымд­ағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Осыған дейін топ бастап келген премьер-лиганың дебютанты «Ақжайық» соңғы турда «Ордабасы» командасынан үш ұпай олжалай алмад­ы. Бұл мүмкіндікті ұтымды пайдаланған Қостанайдың «Тобылы» ақтөбеліктерден айласын асырып, топ тізгінін қолына алды.

 
«АҚЖАЙЫҚ» АЛДА КЕЛЕДІ
03.05.2012 10:41

Премьер-лиганың дебютанты Оралдың­ «Ақ­жайығы» сегізінші турдан кейін топ тізгінін қолына алды. Соңғы турда тараздықтардан айласын асырған оралдықтардың алар асуы алда секілді. Қазір «Ақжайық» тур өткен сайын­ өз мықтылығын айғақтатуда. Тіпті биылғы маусымда жүлдегерлер қатарынан көрініп жатса, еш таңғалуға болмайды. Өткен турда көш басында тұрған Павлодардың «Ертісін» жеңген қайсарлықтар бұл жолы жеңіске жетудің­ жолын таба алмады. Жерлестеріміз Қостанайда қонақта болып, алаң қо­жайындарынан 2:0 есебі­мен жеңіліп қалды. Голдардың авторы - Нұрбол Жұмасқалиев пен Бауыржан Жолшиев.

 
ҚАЗАҚ БОКСЫНЫҢ БҮГІНГІ ҚАУҚАРЫ ҚАНДАЙ?
26.04.2012 10:14

Кезінде әлемдік үшінші держава атанған қазақ бок­сының бүгінгі қауқары қандай? Біржан Жақып, Серік Сәпиев, Бақыт Сәрсекбаевтар байрақты бәсекелерде ел абыройын асқақтатып жүр. Дегенмен, осал тұсымыз да жоқ емес. Негізі Лондонда өтетін Олимпиаданың алтын медалін күтетін бірден-бір спорт түрі – осы бокс. Былғары қолғап шеберлерiнің бағы мен бабы қатар шапса, бірнеше алтын жүлде қоржынға түседі деп алақан ысқылап отырғанымыз да жасырын емес. Шамамен 10 жылдай бұрын Сиднейдегі жарыста атой салған Ермахан Ыбырайымов, Болат Жұмәді­лов, Мұхтархан Ділдабеков, марқұм Бекзат Саттархановтың шыққан шыңын жанкүйер қауым ұмыта қойған жоқ. Жалпы, боксш­ылар байрақты бәсекелердің бірінде де жүлдесіз қайтып­ көрген жоқ. Тек соңғы уақыттары бас жүлде олжалау сиреп барады.

 

 
<< Бірінші < Алдыңғы 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Тамыз 2018 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары