Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып.

Сергек
«АҚЖАЙЫҚ» АЛДА КЕЛЕДІ
03.05.2012 10:41

Премьер-лиганың дебютанты Оралдың­ «Ақ­жайығы» сегізінші турдан кейін топ тізгінін қолына алды. Соңғы турда тараздықтардан айласын асырған оралдықтардың алар асуы алда секілді. Қазір «Ақжайық» тур өткен сайын­ өз мықтылығын айғақтатуда. Тіпті биылғы маусымда жүлдегерлер қатарынан көрініп жатса, еш таңғалуға болмайды. Өткен турда көш басында тұрған Павлодардың «Ертісін» жеңген қайсарлықтар бұл жолы жеңіске жетудің­ жолын таба алмады. Жерлестеріміз Қостанайда қонақта болып, алаң қо­жайындарынан 2:0 есебі­мен жеңіліп қалды. Голдардың авторы - Нұрбол Жұмасқалиев пен Бауыржан Жолшиев.

 
ҚАЗАҚ БОКСЫНЫҢ БҮГІНГІ ҚАУҚАРЫ ҚАНДАЙ?
26.04.2012 10:14

Кезінде әлемдік үшінші держава атанған қазақ бок­сының бүгінгі қауқары қандай? Біржан Жақып, Серік Сәпиев, Бақыт Сәрсекбаевтар байрақты бәсекелерде ел абыройын асқақтатып жүр. Дегенмен, осал тұсымыз да жоқ емес. Негізі Лондонда өтетін Олимпиаданың алтын медалін күтетін бірден-бір спорт түрі – осы бокс. Былғары қолғап шеберлерiнің бағы мен бабы қатар шапса, бірнеше алтын жүлде қоржынға түседі деп алақан ысқылап отырғанымыз да жасырын емес. Шамамен 10 жылдай бұрын Сиднейдегі жарыста атой салған Ермахан Ыбырайымов, Болат Жұмәді­лов, Мұхтархан Ділдабеков, марқұм Бекзат Саттархановтың шыққан шыңын жанкүйер қауым ұмыта қойған жоқ. Жалпы, боксш­ылар байрақты бәсекелердің бірінде де жүлдесіз қайтып­ көрген жоқ. Тек соңғы уақыттары бас жүлде олжалау сиреп барады.

 

 
ТАҢДАНЫСҚА ТОЛЫ ТУР
26.04.2012 10:13

Футболдан ел біріншілігінің жетінші туры сенсацияға толы болды­. Маусым басталғалы жеңілістің ащы дәмін сезініп көрмеген Павлодардың «Ертісі» жалғыз ұпайы бар Қызылорданың «Қайсарынан» жеңіліс тапса, сәтсіздіктен көз ашпаған Көкшетаудың «Оқжетпесі» Астана төрінде алаң қожайындарын 4:1 есебімен сан соқтырды.

 
«ҚАЙСАРДЫҢ» АЛҒАШҚЫ ҰПАЙЫ
19.04.2012 10:03

Бес тур бойы ұпай еншілемеген Қызылорданың «Қайсары» соңғы турда қоржындарына бір ұпай түсірді. Дмитрий Огай шәкірттеріне қонаққа барған жерлестеріміз 1:1 есебімен тең түсті. Ал төрт ойында жеңіске жеткен «Тараз» көшбасшылықты қол­дарына ұстап тұрған-ды. Дегенмен, соңғы турда кеншілерден айласын­  асыра алмай, топ тізгінін «Ертіске» берді.

Алматының «Қайрат» командасының жағдайы мәз емес. Біріншілік басталғалы екі жеңіске ғана қол жеткізді. Ортаңқол командалар қатарына қосылу үшін қызыл­ордалықтардан үш ұпай еншілеу қажет болатын. Қоржыны бос қонақтар да Алматыға ұпай ен­ші­леуге келген. Мұның алдындағы «Ақжайықпен» ойыннан кейін жанкүйерлер қайсарлықтардың біраз шамына тиген. Ойынның осындай жағдайлардан кейін тартысты өтетіні белгілі болды. Төреші ысқырығы естілісімен, допқа талас алаңның әрбір нүктесінде қызу жүрді. Алаң қожайындарының толассыз шабуыл­дарының бірін Эсатов ойын тәртібін бұзу арқылы тоқтатты. 11 метрлік айып добынан Кнежевич есеп ашты. Қонақтардың бұл голдан соң салы суға кеткен жоқ. Қайта кері­сінше жігерлене түс­кендей болды. Бірақ қайсарлықтарға таразы басын теңестіру екінші таймда мүмкін болды. Бразилиялық   легионер Вагнер Коштаның 25 метрлік қашықтықтан бағыттаған добына қақпашы тосқауыл бола алмады. Бұл ойын соңына дейін өзгеріссіз қалды.

Владимир Мұқанов шәкірт­тері де өз ойын өрнегін таба алар емес. Тіпті олар соңғы турда премье­р-лиганың дебютанты «Ақ­жайық» командасына есе жіберіп қойды. Жанкүйер «Ақтөбенің» Еуропа лигасындағы аяқ алысы қалай болатындығына алаңдайды. Дәл осындай ойын мәнерімен олар ұзаққа шаппасы анық. Ойын тағдырын шешкен жалғыз голдың авторы – Ваканов. «Жетісудың» жағдайы да оңып тұрған жоқ. Төрт ойында жеңілген талдықорғандықтар турнир кестесі­нің  төменгі  жағына  жай­ғасты. «Ордабасымен» болған ойында­  бір ғана мүмкіндікке ие болға­н. Абырой болғанда соны гол­ға айналдырды. Есесіне алаң қожа­йындары төрт мәрте нысана көз­деуден қателескен жоқ. Еуропа Лига­сында ел намысын қорғайтын коман­даның бірі – осы «Ордабасы». Бұл ұжымның өзінше ойын өрнегі қалыптасты. Кез келген командаға қарсылық көрсете алатын қауқары бар. Мамандар бұл командаға зор үмітпен қарап отыр.

Соңғы турда көшбасшылық тізгінін ұстап келген «Тараз» командасына кеншілер тұсау болды. 56-минуттағы Вичюстің голы ойын тағдырын шешті. Қатарынан екі рет жеңіліске ұшыраған «Тараз» турнир кестесінің бесінші сатысына сырғыды. Келесі турда осы олқылықтың орнын толтыру үшін «Ордабасымен» шеберлік байқасады. Жеңілгенді жақтырмайтын сербиялық маманның қауқарын бағамдайтын боламыз.

Бұл турдың орталық кездесуі Қостанайда өтті. Жергілікті команда елорданың «Астана» командасын қабылдады. Қос ұжым да «алтын тәжден» үміткер. Жанкүйерлер үшін де кімнің мықты екенін анықтау қызық болды. Матч басында қонақтардың қарқыны басымырақ болған. Тіпті есеп ашып қоймай, нәтижені еселеуг­е де мүмкіндік тапты. Алайда, алаң қожайындары ойын соңына дейін үш гол соғып, үш ұпай еншіледі. Маусым бастал­ғалы жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген Павлодардың «Ертісі» бұл жолы Қаскелеңнің «Сұң­қарын» 4:0 есебімен жеңді. Бақаев­, Эссомба, Струковтың жойқын соққыларына қонақтар қорғаушысы тосқауыл бола алмады­. Керекуліктер осы жеңі­сінен кейін топ тізгінін қолда­рына алды. Маусым басталғалы ұпай еншілемеген «Оқжетпес» бұл турда да жеңіске бастар жол­ды­ таба алмады. Мұнайлы өлке­нің командасынан алаң қожа­йындары 2:1 есебімен ұтылды.

 
ТЕКТІ ТҰЛҒА ТУРНИРІ талай тастүлектің талабын танытты
12.04.2012 10:18

Тағзым

Уақыт көшін тежеген кім бар? Ханнан да, қарадан да қалған бұл жалған. Біреуге қуанышын сыйлайтын уақыт, біреуге қайғысын тосатыны - өмір заңдылығы. Өлімге жан баласы қимайтын, жаны жайсаң жандар арамыздан мәңгілік сапарға аттанып бара жатқанда осыны ұғынатының бар. Сондай жандардың бірі – Аралдың арын арлаған, Алаштың айбынды арысы Тоғыс­ Махамбетжанұлы Жұмашев еді. Уақыттың зымырағаны сондай, күні кешегідей ортамызда жайраңдап жүрген Дала Қыранының қапия­да қанаты қайрылып, көктен құлағанына да үш жылға жақындап барады. Жомарт жүрегі қарақан басының қамы үшін емес, жұрты үшін соққан, адалдықтан, ар-ұяттан аттамай, ашық алақанымен, қамқоршы көңілімен ел-халқына өлшеусіз қызмет көрсеткен туымы ерек тұлға Тоқаңның кеңдігі сондай, аға да, іні де, бауыр да, ағайын­-тума да, үлкен-кіші – бәрі де құшағына сыйып кететін. Ешкімді жатсынбайтын ерекше қасиетіне талайлар тәнті болды. Тоқаңның қайырымдылығы, Атымтай жомарттығы оның басқадан бөлек, қайталанбас тұлға екенін мойындатты.

 

 
<< Бірінші < Алдыңғы 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Мамыр 2020 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары