Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып.

Сергек
«ТАРАЗ» ТОСЫЛДЫ
12.04.2012 10:13

Жексенбіде футболдан ел біріншілігінің бесінші тур ойындары өтті. Төрт турда ұпай жоғалтп­аған «Таразды» талдықорғандықтар тосылт­ты. Ал «Қайсар» мен «Оқжетпес» командаларының қоржыны әлі бос.

 
«ҚАЙСАРДЫҢ» ҚАУҚАРЫ ҚАЙДА?
05.04.2012 10:25

Биыл премьер-лигада 14 ұжым бақ сынап жатқаны белгілі. Төрт турды артқа тастаған командалар жаңа маусымдағ­ы өздерінің қай деңгейде екендіктерін аңғартты­. Өкінішке орай, жыл басында аймақ басшысынан «үздік бестікке ену қажет» деген тапсырма алған «Қайсар» қайсарлық таныта алар емес. Соңғы турда оңтүстіктің қос командасы өзара шеберлік байқасқан. Жерлестеріміз осыдан төрт жыл бұрын ғана «Орда­басыдан» үш ұпай еншілеп қайтқан-ды. Содан бері оңтүсті­кқазақстандық ұжым «Қайсарға» өз алаңында мойынсұнған  емес.

 
ДОП ДОДАСЫ БАСТАЛДЫ
15.03.2012 10:26

Жанкүйерлер тағатсыздана күткен футболдан ел біріншілігінің шымылдығы түрілді. Еліміздің жеті қаласында алғашқы тур ойындары өтіп, аяқдопшылар футбол спектаклін ұсынды. Спектакль демекші, оның да түрі көп. Бірі мұңды болады, енді бірі көңіл күйді көтеретін күлкілі болады. Алғашқы турдың ойындары да спектакльдің түрлі жанрын қамтыды десек те болады. Мәселен, биыл «Алтын тәжден» үмітті «Астана», «Жетісу» алғашқы турда ұпай жоғалтса, команда мүшелерін таныстыруды салтанатты дәстүрде өткізген Алматының «Қайраты» қостанайлықтардан ойсырай жеңілді. Ал «Ақтөбе», «Ордабасы», «Ертіс» командалары жеңіс тойын тойлады.


 
ТӨЛ КҮРЕСТI ТӨРГЕ ОЗДЫРУҒА ТЫРЫСЫП ЖАТЫР
15.03.2012 10:24

Тамыры тереңнен бастау алатын төл күресімізді төрге шығару жолындағы жасампаздық жұмыстар соңғы жылдары мықтап қолға алынды. Негізі, боз кілемде белдесуде балуандарымыз күллі әлемді талай тамсандырған. Күрес – қазақтың қанында бар спорт түрі. Тіпті қазақ күресі тарихымыздағы ертегі-аңыздарда кездесетін эпикалық батырлардың тұлғасынан бастау алады десек қателеспейміз. Себебі, Қажымұқан, Балуан шолақ, Боранқұл, Битабар, Молдабай, Байғабыл секілді жауырыны жерге тимеген балуандар бүгінгі ұрпаққа жол ашып берді. Ал өткен ғасырдың ортасынан бастап, халықаралық, әлемдік, олимпиадалық жарыстарда күрес түрлерінен топ жарған Ә.Айханов, Ж.Үшкемпіров, Ш.Серіков, Д.Тұрлыханов, Қ.Байдосов, А.Бұғыбаев, А.Ғабсаттаров, А.Иманқұлов, А.Мұсабеков, Қ.Байшолақов, А.Шайхиев секілді тау тұлғалар ел намысын абыроймен қорғады.

 
ХАРАМ ІСКЕ ҚАЙЫМ ОЙЫНШЫЛАР ДА ЖОҚ ЕМЕС
09.03.2012 10:17

Букмекерлік кәсіп Рим империясы тұсында пайда болған. Алғашында бәс тек ат жарыстарына ғана қабылданаты­н. Кейін оған қораздар төбелесі қосылды. Ал ХІХ ғасырдан бастап спорттың кез келген түріне бәс тігіле беретін болды. Тарихқа көз жүгіртсек, тұңғыш букмекерлі­к орталық Ұлыбританияда пайда болыпты. Ал Қазақстанда бұл кәсіп 90-жылдардың басынан бастап толық дендей бастады. Негізі Ислам дінінде өсіммен ақша алу үлкен күнәлардың біріне жатады. Сондықтан ол мемлекеттерде бұл кәсіппен айналысуға рұқсат етілмейді. Діни тұрғыдан қарағанда харам іске жататын бұл кәсіп кім үшін тиімді? Әрине, халықтың қалтасын қағып отырған букмекерлік кеңселер өз несібесін жібермейді.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 71 72 73 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қаңтар 2020 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары