Өзекті мәселелер

  • 21.03.19

    «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады». Осы тәмсілге сүйеніп, бала басын көбейткенді жөн санайтын қазақ елінде көпбалалы отбасылар саны 400 мыңға жақындайды. Оларға мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалып, жеңілдіктер қарастырылған. Алайда нарықтың қос бүйірден қысып тұрған шағында мардымсыз қаражат бастан башпайға дейін жетпейтіні үнемі айтылып келеді. Соның салдары еліміздің ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Үкіметтен басталған ауыс-түйіс жергілікті билікке де жеткен секілді. Ескерте кететін жайт, Қызылорда қалалық әкімдігінде «ат ауыстыру» жиі-жиі болып тұрады. Тіпті, «бір жарым ай ғана басшылық қызметте отырып, өзге салаға кете салу да оп-оңай ма?» деп қалдық. Енді заңды сауал туындап отыр. Жергілікті билікте кадр тапшылығы бар ма? Егер бұлай болмаса, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бөлі...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Арық адамнан гөрі артық салмағы бар адамның мұңы басым. Ал ол әйел болса, тіпті, белгілі жайт. Қыс көрпесін түргеннен қыз біткен қысыла бастайды. Қызылды-жасылды киімге сай сымбатты қалайды. Әйел затының әу бастағы сұлулыққа құштарлығы дәл осы сәтте сынға түседі. Арығудың жолында диета ұстайды, фитнес клубқа барады. Алайда  салмақтан арылу үшін  денсаулықты бәйгеге тігу дұрыс па? «Тұмар...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    «Болар бала он бесінде баспын» десе, басқасының отызында не дейтінін баршамыз білетін шығармыз. Даналардың «ақыл жастан шығады» деуі тегіннен-тегін емес. Дарынды балалардың көптігінен еліміздің болашағын көруге болатындай. Кешегі Мағжандар жастарға сенім артқанда сенімге селкеу түсірмейтіндердің барын білді емес пе? Үдеден шыға алмай, беті қызарақтағандарды Терек төрелер қамшымен ұрып, ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Кемпір-шал осылай күйбеңдеп жатқанда Иванов бастаған жырындықор атаймандар жұп жазбастан кер даланың шаңын бұрқыратып барып, қалың жыңғыл жынысына кіріп жоқ болды. Бұл алап оңаша. Иванов тұрақтандырған бәрінің бөксе басар ұясы. Бастары аң-құс тегіс семіретін күзге қарай бір-бірімен хабарласып, осы бекетте тоғысып тұрады. Бұрынғының адамдары аң-құсты қақпанмен, тұзақпен аулайтын. Беріде орыстар ...

    Толығырақ...
Сергек
МИЛЛИОНДАР КӨЗ ТІККЕН МУНДИАЛЬ
14.06.2018 10:31

Бүгін Ресейде әлемнің ең таңдаулы аяқдопшыларының басын қосқан доп додасы басталады. Бұл – алдағы бір ай бойына төрт құрлықтағы футболсүйер қауымның есіл-дерті көрші мемлекетке ауады деген сөз. Әлемнің үздік 32 құрамасының басын қосқан біріншілік Ресейдің 11 қаласында, 12 стадионында өтпек. Төрт жылда бір келетін футбол бәсекесінен шама-шарқымызша жаңалықтарды  жариялап  отырғанды дұрыс деп таптық. Алдымен, бұған дейінгі әлем чемпионаттарындағы қызықты жайттар мен статистикаларды назарларыңызға ұсынамыз.

 
ИЛЬЯ ИІЛМЕДІ немесе МОЙЫНДАТУ НАУҚАНЫ АШЫҚ
14.06.2018 10:24

Осыдан  екі жыл бұрын спорттан шеттетілген Илья Ильиннің жазаға  тартылған мерзімі аяқталды. Осыған орай, әйгілі спортшы өзінің сүйікті ісіне қайта оралып, зілтемірді көтеруге кірісетіндігін ресми  түрде  мәлімдеді.

 
ЖАРҚЫН ӘРІ СЕНІМДІ ЖЕҢІС
07.06.2018 10:40

Футболдан Қазақстан құрамасы өз тарихында бесінші рет қар­сыласын 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұған дейінгі 3:0 есебінің бә­ріне  отандастарымыз әлем чемпионаттарына іріктеу кезеңінде қол жеткізсе, енді бірінші рет  жолдастық  кездесуде осындай ірі есеппен жеңіп отыр. Соңғы рет Қазақстан құрамасы қарсыласынан он жыл бұрын 3:0 есебімен басым  түскен  еді.

 
КРИШТИАНУ РОНАЛДУ – АҢЫЗ ОЙЫНШЫ
07.06.2018 10:33

Мен Криштиану Роналдуды айға ұқсатамын. Айдың бір жағын көреміз, екінші жағын көрмейміз. Ай жайында айтылғанда тек көрінетін жағы туралы сөз болады. Бірақ, бұл футболшының өзге жағы жайлы­ да сөз айтылады. Роналду хақында әркім әртүрлі пікірде. Газет-журналдардың әр санында бұл футболшының суреті бар. Интернет сайттарының негізгі көзі де – осы футболшы. Олар оны тынбай “шайнайды”. Ол туралы пікірлерді, мақалаларды оқысаңыз, алуан түрліліктен жағаңызды ұстайсыз. Біреу оны өзімшіл десе, біреулер өте тәкаппар дейді. Баз біреулердің пікірінше, ол тек өзін ғана ойлайтын, қызғаншақ, әрі әккі жұлдыз. Төрешілерден пенальти “тіленетін”, өтіріктен жығылу бойынша гиннес рекордшысы, бос қалған қақпаға “жолдаған” голдарымен жалған рекордш­ы болған, әлсіз командаларға ғана гол соға алатын клубының еркесі.

 
ТЕҢ ОЙЫН КӨБЕЙСЕ, ҰПАЙ АЗАЯДЫ
31.05.2018 10:26

“ҚАЙСАР”  ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДА  СҮРІНДІ

Өткен аптада Қазақстан кубогының жартылай финалына жолдама алған командалар белгілі болды. Сырбойылық клубтың қарсыласы “Шахтер” еді. Бұған дейін жерлестеріміз ҚПЛ-дің 9-турында қарағандылықтарды өз алаңында қабылдап, 3:0 есебімен ойсырата жеңген болатын. Әлбетте, үйдегі ойын бір бөлек, түздегі ойын бір бөлек. Оның үстіне кубок жолында “Қайсардың” бірнеше жылдан бері жолы болмай жүргені бар. Сонымен, Қарағандыдағы ойын 2:1 есебімен “Шахтердің” пайдасына шешілді.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары