Өзекті мәселелер

  • 17.05.18

    Адам тағдырының ақ-қарасын таразылау үлкен төзімділік пен қажырлы еңбекті талап етеді. Бар ғұмырын сот төрелігін атқаруға арнап, ардың ауыр жүгін арқалауға бел буған әділ қазылар қашанда қадамын қате жасамауға тырысады. Судья атты қасиетті ұғымға кірбің...

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Мұрат  НАСИМОВ,

    саяси  ғылымдарының  кандидаты,

    қауымдастырылған  профессор,

    Толығырақ...

  • 17.05.18

    Нәзипа – қарапайым ғана ауылдың қара торы келіншегі. Осыдан 11 жыл бұрын ата-анасының қолынан ұзатылып, өзге босағаны аттаған еді. Бүгінде жасы 36-да. Адал жары, 3 баласы бар. Екі жыл бұрын әкесі өмірден озар шағында, «осы үй мен аналарың сендерге аманат, бас-көз  болыңдар» деп қызы мен күйеубаласына табыстап кеткен. Содан бері бұлар жалдап жүрген пәтерлерін біржола тастап, осында көшіп келген....

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Статистикалық мәлі­меттер бойынша елімізде болатын қылмыстардың үштен бірі тұрмыстық зорлық-зомбылықтан орын алады екен. Ал бұл ретте қара күштің иесі ер-азаматтардан, әсіресе, әйелдердің таяқ  жеп, зардап шегетінін ескерсек, олардың тұрақтар жерге зәру болатыны анық.

    Қаламыздағы «Қамқорлық» дағдарыс орталығы дәл осындай жағдайға тап бол­ғандарға қол ұшын созады, уақытша болса да панала...

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Айтыстың   абаданы  Серік ағам 60-қа келіпті. Ұлтының уызына жарығ­ан елдің еркесі Серік Ыды­рысовтың Сыр елі үшін орны бөлек. Сәкеңді өзімнің аяғым сынып, бауыр­ымнан  айырылып, қайғының уын ішіп жүрген көңілсіз күндердің, мазасыз түндердің бірінде ұялы телефо­н арқылы іздедім. 2017 жылдың 24 қыркүйегі түнгі сағат 11-ден 36 минут өткенде хабарлама жібер­дім. «Серік ағам бар ма екен кең дүниед­...

    Толығырақ...
Күліп келген ҚАРЫЗ жылатып жүрмесін
17.05.2018 12:44

Қарыз түнде – қайғы, күндіз – қорлық. Қазір жұрт заманауи мақалға айналдырып алған тағы бір тәмсіл бар: Досыңды да, ақшаңды да жоғалтқың келсе, қарыз бер. Осыдан-ақ қоғамдағы, адамдар арасындағы қарыздың құны қаншалықты екенін бағамдай беріңіз. Бастапқыда басымызға іс түсіп, қиыншылыққа кезіккенде жұрттан қарыз сұрай бастаймыз. Сосын рақымшылық жасағанға рақмет айтамыз да, қарыздың көмегімен ойдағы істі орындап аламыз. Бұл бір көңіл жайланып, жан дүниеміз рақатқа бөленетін кез делік. Аз ғана уақыт. Тіпті бір мезет болуы да мүмкін. Мұнан кейін ше? Қарызды қайтаруға қауқарымыз жетсе, жақсы. Ал жетпесе, төлем мезгілі жақындаған сайын әзірейілдің келер күнін білетіндей тыпырши түсеміз. Таппасақ, тап бір жардан жығылардай баз кешеміз. Осылайша күліп келген қарыз қайтқанда  «жылайды».

 
ПЕДАГОГ ЕРЛЕР НЕГЕ АЗ?
17.05.2018 12:37

“Ортаға  біліміңмен  емес, мінезіңмен  сиясың” деді хәкім Абай. Иә, алып-қосарымыз жоқ. Ал, әлем­нің екінші ұстазы Әл-Фараби “Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың  хас  жауы” дегенді  айтқан. Көрдіңіз бе, білім  беру  үшін әуелі тәрбие, тәртіп керек.­ Тиісінше, қанша  жерден  білімді  болсаңыз да, ұжымда  ұзақ  тұрақтай  алмауыңыз  мүмкін. Мәселе  мынада. Бөтен ортаға келгенде біліктілігіңіз ұжымдағы жандар­дың назарына ілігеді. Риза болып, қолдау көрсететіндер көп болса, қызғаныштан қанжарын қайрай  жүретіндер  де  табылады. Сөз басында ұлылар  ұлағатынан  теріп, мінез, тәрбие жайында бостан-босқа­ жазбаған едік.

 
МАЛШЫЛАР МЕРЕЙІ
17.05.2018 12:14

Көліктеміз. Бағытымыз – Үсен бауы. Телефон жайына қалып, терезеге әлсін-әлсін телміріп келеміз. Жердің ұшы-қиыры жоқ секілді. Еркіндікті енді сезіндім. Бір сағаттық жолды артқа тастап, діттеген жерімізге жеттік. Тау қақпасын бағындырғанда өзге әлемге енгендей кейіпте болдым. Мұнда алғаш келуі­м. Қатпар-қатпар Қаратау бір-біріне жалғасып сілемді құрайды. “Үсен бауы” аталған тау шатқалының біз бағындырмаған белесі, біз ашпаған құпиясы көп секілді. Тау етегінің шөбі шүйгін. Сылдырап аққан бұлақ тіршілік атауына нәр беріп тұрған бейне бір күретамыр іспеттес. Іргесінде үшбұрышталып 40-қа жуық киіз үй тігілген. Қыратында ірі қара мал жайы­лып жүр. Ымырт түсіп, қас қараймай тұрғанда бір топ әріптестермен тауға шығып қайтқанды жөн көрдік. Тауда адамға тас та қас қылады  екен. Түсі­нікті шығар, майда тасқа аяғымыз тайып­, үлкен жартастарға жармаса жүрдік. Не керек, әйтеуір итшілеп биік­ке көтерілдік. Ғажап көрініс! Бірлігі сүттей ұйыған бір ғана қазақы ауыл сияқты.

 
“МАЛДЫҢ ЖАҒДАЙЫН 24 САҒАТ ЖАСАУ КЕРЕК”
17.05.2018 12:08

Анас  БАҚҚОЖАЕВ:

 

Жаңақорған ауданында облыстық IV малшылар слеті қар­саңында “Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары”­ атты семинар өткен болатын. Иә, рас мақтауға келгенде  аузымыз көпіре сөйлеп, ақиқатын айтар уақытта аузымызға құм құйылатыны бар. Қазақ халқы “ауруын жасырған өледі” дегенд­і ауруы асқынған соң барып айтты. Жетістік пен кем кетік тең берілсе, қай тарапқа да болмасын, оңайға түсер еді. Жоққа шығара алмаймыз, облысымызда мал шаруашылығына бөлінген көңіл айтуға, жазуға тұрарлық.

 
БІЗ ҚОҒАМНАН ШЕТТЕП ҚАЛДЫҚ
17.05.2018 11:21

Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ,

жазушы:

“Баяғы советтік дәуірімізде басшылар мен мектеп директорлары, көптеген интеллигенттер кітапты өздері түбірлеп оқымаса да, не сән үшін, не ұрпағы үшін жинайтын еді. Шамамен он үйдің біреуінде шағын кітапхана болатын. Ал қазіргі кезеңде біз кітапты сән үшін де жинамайтын болдық. Жинағанды айтасыз, кешегі кісілердің немерелері әлгі кітаптарды сыртқа шығарып тастады. Кітапханаларға тапсыру ойларында жоқ. Мәңгүрт дейін десең, пайдасына түгел...”. Бұл  қазақтың қабырғалы қаламгерлерінің бірі Айжарық Сәдібекұлының ілгеріде ағынан жарылып айтқаны еді.

 

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары