Балалар жазушысы Н.Носовтың шығармалары насихатталды | Print |
16.11.2018 17:43

Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында орыс халқының балалар жазушысы Николай Носовтың туғанына 110 жыл толуына байланысты №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектептің бастауыш сынып оқушыларының арасында «Улыбка и смех-это для всех» атты әдеби подиум өткізді.

Н.Носов шығармаларының негізінде балаларды достық пен сенімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу және кітапқа деген құрметін қалыптастырып, оқуға тарту мақсатында сөз зергерінің өмірі мен шығармашылығы таныстырылды. Жазушының әрбір шығармасы әзіл-қалжыңға толы, басты кейіпкерлерін жақсы көріп, әзілдеседі, қалжыңдасады. Балалар оның шығармаларын ықыласпен, қызығушылықпен оқыды. Оның «Фантазеры», «Саша» және «Замазка» әңгімелері бойынша қойылым қойылды. «Незнайка» шығармасының басты кейіпкері кітаптардан дефиле жасап, өлеңдерін оқыды және «гүлденген қала» әнін орындады.