Қызылорда қаласында антитеррорлық оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілуде | Print |
11.12.2018 09:50

Құрметті облыс тұрғындары және қала қонақтары !
2018 жылдың 11 желтоқсанында Қызылорда қаласында антитеррорлық оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілуде.
Іс-шараның мақсаты –террорлық қауіп төнген жағдайда мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасуының дағдыларын қалыптастыру.
9.00-14.00 уақыт аралығында облыс орталығының белгіленген аудандарда шектеу енгізілді.
Осы орайда, түсіністік танытып, алаңдатушылыққа бой алдырмай, қауіпсіздік шараларын сақтап, оқу-жаттығу жұмыстарына қатысатын құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауларыңызды сұраймыз.