Жылы жүзді жүздесулер | Print |
21.12.2018 17:48

Бірлік ауылында округ әкімі Баймұрат Теміровтің ауыл тұрғындарына арналған есепті кездесуі өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов ашып, жүргізіп отырды.

Есепті кезеңде ауылдық округ әкімі Б.Теміров Қазақстан Республикасы Президенті Нүрсұлтан Назарбаевтың ел дамуынағы бес индустриялды реформасын жүзеге асыруға бағытталған «Жүз нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру және дәсүрлі Жолдауынан туындайтын міндеттер мен тапсырмаларды орындау мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізіліп келе жатқандығын атап өтіп, ауылда атқарылған жұмыстардың барысы мен келер жылға межеленген ілкімді істерді баяндады.

Жиын барысында ауыл әкімі елді мекенде бала санының өсуіне байланысты балабақша ғимараты салынса деген халықтың ұсынысын жеткізді. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары да өздерінің көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Жүздесуді аудан әкімінің орынбасары Әлімжан  Жарылқағанов қорытындылады.

Жалаңтөс батыр ауылында аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай, аудандық дербес бөлімдерінің мамандары, жергілікті қоғамдастық мүшелері, ауылдық округтегі мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысқан жиында Қарашеңгел ауылдық округінің әкімі Орысбек Жамшейтов жыл бойы атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы баяндама жасап, оң өзгерістер мен жағымды жаңалықтарға тоқталды.

Басқосуда ауыл тұрғындары өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Жиын соңында тұрғындар ауыл әкімі О. Жамшейтовтің жыл бойы жасалған жұмыстарын оң бағалап, алдағы істеріне сәттілік тіледі.

Ақтан батыр ауылдық клубында аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Жарылқап ауыл тұрғындарымен жүздесті. Кездесуде ауылдық округ әкімі Шәкір Қартабай жыл көлемінде жүзеге асқан жұмыстарға кең тұрғыда тоқталды. Сонымен қатар округтегі кейбір шешімін мәселелер назарға алынып, жүзеге асыру жолдары талқыланды. Жиын соңында ауыл тұрғындары жыл бойы атқарған жұмыстарды оң бағалады.

Мұндай кездесу жиындары аудан көлемінде жалғасын табуда.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы  ауданы