ҚЫЗЫЛОРДАДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ САЯБАҒЫНДА 2100 АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ | Print |
26.03.2019 17:00

Тұңғыш Президент саябағында 1800 адамның қатысуымен "Нұр-Сұлтан қаласы - болашақтың қаласы" атты ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.

Акция барысында 700 терек, тал, үйеңкі - барлығы 2100 ағаш отырғызылды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстан Республикасы астанасына жаңа атау берілуіне орай Қызылордада "Алғашқы астанадан сәлем!" атты аймақ белсенділері мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен концерт-акция өтті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі