Тұрғындар мәселесі – басты назарда | Print |
26.04.2019 10:00

«Nur Otan» партиясының облыстық филиалы қоғамдық қабылдау өткізді. Тұрғындардың мәселесі тыңдалып, оларды шешу жолдары қарастырылды.

Қабылдауға 20-ға жуық тұрғын келді. Бірі несиесін төлей алмай жатқандығын айтса, енді бірі мемлекеттік бағдарлама арқылы қалай үй алуға болатынын сұрады. Жер телімдерін рәсімдеу, алимент өндіру, жұмыссыздық, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендерге қоғамдық көлікте жол жүруге жеңілдік секілді сұрақтар қойылды. Қабылдауға түрлі сала мамандары қатысып, атаулы әлеуметтік көмек, мемлекеттік бағдарламаларға  қатысты қандай жеңілдіктер барын түсіндіріп берді.

«Қабылдауға келген тұрғындардың мәселесі біздің назарда болады. Олардың шешу жолдарын қарастырамыз. Мәселен, бүгін қала тұрғыны өзінің тұрғылықты баспанасы өртенуіне байланысты материалдық көмек көрсетуді сұрайды. Өтініш иесінің мәселесіне ықпал жасау үшін «Торғай Петролеум» АҚ бас директорына жазбаша негізде өтініш жолдап жатырмыз. Осы секілді барлық көтерілген мәселені оңтайлы шешілу үшін жұмыс істейтін боламыз», - деді «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Нұрлан Әбдукаримов.

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі