Фототілші Болат Омарәлиевтің бұрын еш жерде жарияланбаған суреті байқауда топ жарды | | Print | |
26.04.2019 14:25 |
Табан аудармай жарты ғасыр бір жерде еңбек еткен, дамылсыз іссапарларда жүріп, аймақтың тарихи сәттерін таспаға түсірген ағамызды әріптесім Ғазиза ақын "жұмбақ жан" дейді. Сол ағамыз тағы бір мәрте байқау жүлдегері атаныпты. Қуанып қалдық. Бөкеңе мұндай байқаулар әсте таңсық емес! Өйткені, ол бұған дейін де талай-талай республикалық байқауларда өзгелерден озды. Тіпті кешегі кеңес дәуірінде одақтық байқаудың жүлдегері атанғаны бар.
Айтпақшы, Бөкеңе қусырып қарап отыру мүлде жат. "Зейнеттемін" демейді. Бай архивін ақтарып, сирек суреттерін әлеуметтік желіде жарқырата жариялап отырады. Көненің көзіндей суреттерге қарап отырып, аңыз адамның «өй, түріңнен сол» дегенін сағынғанымды бағамдаймын. Д.АЙБОЛАТҰЛЫ.
Фото Болат Омарәлиевтің жеке мұрағатынан алынды syrboyi.kz |