ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫНЫҢ ЗАРДАБЫН ЖОЮҒА ҚАТЫСҚАН АЗАМАТТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ | Print |
29.04.2019 09:50

Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінде Чернобыль апатының тарихы, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында кездесу болып өтті.

Бұл шараға Чернобыль апатының зардабын жоюшылармен қатар колледж студенттері, ұстаздар, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Шарада Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан Серікбай Ибраев сөз сөйлеп, сол бір сұрапыл жылдардағы естеліктермен бөлісті.

- Осыдан 33 жыл бұрын, дәлiрек айтқанда, 1986 жылдың 26 сәуiрiнде дүниежүзiн дүр сiлкiндiрiп, адам айтқысыз алапат апат болды. Ол Украинадағы Чернобыль атом-электр стансасының жарылысы едi. Бұл апаттан 2 миллионға жуық адам зардап шектi. Ауданымыздың бірқатар азаматтары да бұл жарылыстың зардабын шекті, - деді С.Ибраев.

Жастарды патриотизмге тәрбиелеуде маңызы зор бұл шарада қатысушылар сұрақтарын қойып, ризашылықтарын білдірді.

Айта кету керек, Чернобыль АЭС-індегі апатын жоюға 800 қызылордалық қатысса, оның ішінде 10-ы - Жалағаш ауданынан.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі