АРДАГЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАРЫС | Print |
29.04.2019 12:12

Қызылордада облысымыздағы дойбы спортының дамуына және қалыптасуына ерекше үлес қосқан ардагер дойбышы, спорт шебері Сағат Жүсіптің мерейжасына арналған Қызылорда қаласының дойбыдан ашық біріншілігі өтті. Жарысқа бірнеше аудандардан және Түркістан қаласынан 18 дойбышы қатысты. Швейцариялық жүйемен 9 турға созылған жарыста бірінші орынды Түркістаннан келген спорт шеберлігіне кандидат Қәдірхан Әйтілеуов жеңіп алды. Ол 18 мүмкіндік ұпайдан 17 ұпай жинап, алдына жан салмады. Одан бір ұпай кем жинаған қызылордалық спорт шеберлігіне кандидат Руслан Рахманбердиев екінші, 14 ұпаймен аралдық спорт шеберлігіне кандидат Дәулет Дүйсенбаев үшінші орынға шықты. Жылдам ойын номинациясы бойынша бірінші орынға Д.Дүйсенбаев, екінші Р.Рахманбердиев, үшінші орынға тағы бір аралдық Қанжарбек Кеулімжаев ие болды.

Рыскелді  Жахман