Әр ұлт өкілдері «Сөз маржанын» терді | Print |
24.05.2019 17:10

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» республикалық ғылыми-ағарту жобасы аясында Қызылордада «Сөз маржаны» облыстық зияткерлік байқауы өтті. Байқауға аудан орталықтары мен Қызылорда қаласынан түрлі этнос оқушылары мен жастары қатысып, бақтарын сынады.

Байқауды өткізудегі мақсат – жастар арасында, оның ішінде түрлі этнос оқушылары мен студенттерге мемлекеттік тілді насихаттау, қолдану аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, патриотизмге, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға тәрбиелеу.

Бес кезеңнен тұрған сайысқа қатысушылар шарт бойынша мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, ой-тұжырымын ашып, қойылған жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тілдеріне аударып, фразеологиялық сөз тіркестерінің балама мағынасын тарқатты. Білім жарысының қорытындысы бойынша үздіктер анықталды.

Сайыстың нәтижесінде 1-орынды жаңақорғандық Диана Қаюмжан жеңіп алса, 2-орынды Жалағаш ауданынан келген Жанель Хамиева, 3-орынды Қазалы ауданының оқушысы Дениза Рашидова місе тұтты.

Байқауға арнайы тіл мамандары қазылық жасап, қатысушылар мен жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан диплом, Алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Халық-хабар