Білім беру қызметін заңсыз жүзеге асырған | Print |
24.07.2019 10:15

Жалағаш аудандық прокуратурасымен мектепке дейінгі ұйыммен балаларды оқыту мен тәрбиелеу бойынша заңсыз қызметті іске асыру фактісі анықталды.

Талдау барысында аудан аумағында тіркелген барлығы 27 балабақшаның ішінде уәкілетті органға мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу саласында қызметінің басталғаны туралы хабарламаны тек 26-сы жолдағаны белгілі болды.

Осылайша «Т» жекеменшік мектепке дейінгі ұйым «Білім туралы» Заңның 40-бабының 2-тармағының 3) тармақшасы талабына қайшы, құқығы болмаса да, 2018 жылдың қыркүйегінен білім беру қызметін көрсеткен.

«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес, тиісті хабарламаны жолдамай мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу қызметін іске асыруға жол берілмейді.

Осыған байланысты аудан прокуратурасының ұсынуы бойынша Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаментімен мектепке дейінгі ұйымға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

Жалағаш аудандық сотының 28.06.2019 жылғы қаулысымен «Т» балабақшасы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 44 187 теңге айыппұл салынды.

Бұдан бөлек, прокуратураның шарасы бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 29.01.2016 жылғы №122 бұйрығымен бекітілген қағидалардың талаптарына қайшы осы мектепке дейінгі ұйымды мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша өткізілген конкурсқа қатысуға жіберген аудандық білім бөлімінің қызметкерлері де тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

 

Жалағаш ауданының прокуратурасы