ТАЛДЫСУ ЛАГЕРІ АРЫСТЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ | Print |
29.07.2019 12:25

Арыс қаласындағы 150 бала Жаңақорған ауданындағы «облыстық олимпиадалар мен қосымша білім беру орталығына» тегін демалуда. Арыстық балаларды облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова, аудан әкімі Ғалым Әміреев қарсы алып, жүрекжарды тілегін жеткізді.

Талдысу лагерінде 20 күн бойы балалар жаңа оқу жылы басталғанға дейін психологиялық тренинг, экскурсия, түрлі үйірмелерге қатысады. Спорттық секциялар бойынша балалар түрлі ойындар ойнап, көңіл көтереді. Жазғы демалысты жоғары деңгейде өткізу үшін келген балалар қуаныштарын жеткізді.

Айта кетейік, Арыс қаласындағы жағдайға қатысты Сыр елі түрлі деңгейде көмектер ұйымдастырып, бастамашыл топтарға бірікті.