ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСЕЙДІҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БАС КОНСУЛЫМЕН ӨЗАРА ӘРІПТЕСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ | Print |
14.08.2019 09:25

Кездесу барысында Қуанышбек Ысқақов пен Евгений Бобров экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулы Евгений Бобровпен кездесті.

"Менің өңірге сапарымның мақсаты, ең алдымен, облыстың жаңа әкімімен танысу және одан әрі ынтымақтастық жөніндегі жоспарларды бекіту болды. Біз Қызылорда облысымен түрлі салаларда, оның ішінде халықаралық деңгейде "Байқоңыр" ғарыш айлағында бірлескен жобалар бойынша жұмыс істейміз. Сонымен қатар, қосымша бірлескен жобалар құру, ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық туралы әңгіме болды", - деп атап өтті Евгений Бобров.

Бас консулдың айтуынша, Қызылорда облысы жақсы әсер қалдырған. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Евгений Бобров өңірге сәуір айында келген болатын.

"Мен облыстың ақпараттандырудағы жетістіктеріне, әсіресе өңірлік ахуалдық орталыққа таң қалдым. 500-ге жуық қызылордалық түлек Ресей Федерациясының ең үздік ЖОО-да білім алуда. Жалпы, біздің әңгіме достық сипатта өтті", - деді Евгений Бобров.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі