«Егемен Қазақстан» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі тағайындалды | Print |
05.11.2019 13:55

«Егемен Қазақстан» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып Мұрат Жетпісбаев тағайындалды.

Мұрат Ақынұлы 1972 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Ол 1989-1995 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тамамдаған. Сондай-ақ 2002-2005 Қызылорда «Болашақ» университетінде мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын игерген.

Мұрат Жетпісбаев ең алғаш еңбек жолын 1995 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының оқытушысы ретінде бастаған. 1996 жылы Қызылорда облыстық телерадиокомпания редакторы қызметінде болды. Сол уақыттан бастап баспасөз саласында еңбек етіп келеді.

Атап айтар болсақ, 1997-98 жылдары Қызылорда қалалық «Ақмешіт ақшамы» газетінің жауапты хатшысы, 1998-2000 жылдары Қызылорда қалалық телерадиокомпания редакторы, республикалық «Ана тілі» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып жұмыс істеді.

2000-2002 жылдар аралығында Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып қызмет етті. 2005 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары қызметіне тағайындалып, мұнда 3 жыл еңбек етті. 2009-2011 жылдары облыстық «Сыр бойы» газетінің бөлім меңгерушісі, 2011 жылы Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы «Қызылорда медиа» ШЖҚ МКК директор-бас редакторы, 2013-2016 жылдары облыстық «Сыр бойы» газетінің жауапты хатшысы, бас редактордың орынбасары, 2016-2018 жылдары «Қызылорда-ньюс» интернет газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды.

2018-2019 жылдары Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газеті бас редакторының орынбасары болды.