ЖАЛҒАН СӨЙЛЕП СОТТАЛДЫ | Print |
08.11.2019 12:50

2019 жылдың ақпан айында қаланың екі тұрғыны М. және Н. көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін жауаптылық көзделгенін біле тұра, «әкімдік өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері өздеріне күш көрсетіп, заңсыз бостандығымыздан айырды» деген желеумен Қызылорда қалалық Полиция басқармасына арызданды.

Осыған орай, қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзгені үшін оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, айыптау актісімен сотқа жолданды.

Қызылорда қаласының №2 сотының 03.09.2019 жылғы үкімі негізінде айыпталушылардың әрқайсысына 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, олар пробациялық бақылауға алынды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі